Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


ДИГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР НЕМЕСЕ ҚОСЕЗУЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - DIGENEA



бет55/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

ДИГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР НЕМЕСЕ ҚОСЕЗУЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - DIGENEA
Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде өте көп түрлері белгілі, негізінде адамның және омыртқалы жануарлардың ішкі паразиттері. Басты өкілдері: бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, ланцет тәрізді сорғыш - Dicrocoe-lium lanceatum, мысық немесе сібір қосезуі - Opisthorchis filineus, қан косезуі -Schistosoma haematobium, т. б.
Бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, 3-5 см, ірі, жапырақ тәрізді құрт. Ірі қара малдардың, қойдың, кейде адамның да бауырының өт жолдарында тіршілік етеді. Мүшелері көп тарамдалған: ішегі, зәр шығару және жыныс жүйесі. Fasciola hepatica - жаппай эпизоотияға себепші болады. Эпизоотия - мал індеті, жұқпалы аурулардың қалыптан тыс ұлғайып кету құбылысы. Паразиттің патогенді әсері арқасында - өт жолдары бітеліп, өттің өтуі қиындауынан, жануарлар бауырдың қапы ауруға шалдығуынан өліп қалады. Эпизоотиялар жаңбырлы жылдары көп болады. Адамдарда бауыр сорғышы сирек кездеседі, ал ауруға шалдығу уақытша су қоймаларынан адолескария личинкасын жұтқаннан болады. Бауыр сорғыш құрттардың жұқтыратын ауруларды - фасциолез деп атайды. Жас малдарға фасциолез ауруы өте қауіпті.
Ланцет тәрізді сорғыш - Dicrocoelium lanceatum ұзындығы 0,5-1,2 см, адамның, ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, үй қояндарының бауырында, өт жолдарында паразитгік тіршілік етеді. Олар дикроцелиоз деген ауруды тудырады. Алғашқы аралық иесі құрлықта тіршілік ететін моллюскалар, екінші аралық иесі құмырсқалар.
Мысық немесе сібір қосезуі - Opisthorchis felineus иттің, мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Ұзындығы - 8-13 мм, ені - 1,2-2 мм. Негізгі ерекшелігі аталық бездері жапырақ формалы болып, артқы дене бөлігінде орналасуы . Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithynia leachi ұлуы, ал екіншісі - балықтар. Адамның ауруға шалдығуы - метацеркариі бар шала піскен балықты жегеннен. Описторхис адамға патогенді әсер етеді, ал паразиттердің саны көп болса, өліммен аяқталуы мүмкін. Бір адамда 75000 сорғыштардың табылғаны туралы деректер бар. Мысық сорғышы Сібірде, Еуропаның Шығыс және Оңтүстік аудандарында таралған. Описторхоз ауруына ұшыратады.
Қан косезуі - Schistosoma haematobium қос жынысты. Аталығы /ұзындығы 12-14 мм/ аналығынан қысқа, бірақ жуан, құрсақ бөлімі ұзынша, ішке қарай еніңкі келеді, ол гинекофор ойығы, (canalis gynaecophorus), онда ұзын /20 мм/, бірақ жіңішке аналық жатады, паразиттер әрқашанда жұбымен кездеседі. Дөңгелек ірі /0,12 мм/, қақпақсыз жұмыртқалары болады. Шистозома адамның құрсақ қуысының ірі веноздық тамырында, қуық пен бүйректің веналарында тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын қуық пен артқы ішектің қабырғаларындағы тамырларға салады. Құрамында мирацидиялары бар жұмыртқалар қуық қабырғасын тесіп, оның қуысына түсіп, несеппен сыртқа шығады. Жұмыртқалардың несепте табылуы - шистозоматоз ауруын көрсетеді. Паразиттер қуықта, бүйректе және несеп жолдарында тіршілік етіп осы мүшелерді қабындырып, жаралайды. Содан басқа, жұмыртқалардың жиынтығының маңайында фосфорқышқыл тұздары жиналып және қуықта тастар пайда болуы мүмкін.
Қан қосезуінің мирацидиялары суға түсіп, тұщы судағы моллюскаларда дамып, церкарилерге айналады. Олар адамның денесіне суға шомылғанда терісіне жабысып, қан тамырларына өтеді. Қан қосезуі негізінен Африкада, Үндістанда сонымен қатар Америкада, Кипрде және басқа жерлерде тараған.
Шистозоматоз - адамның өте ертедегі ауруы, жұмыртқалары біздің эрамызға дейінгі 1300 жыл бұрынғы Египет мумияларынан табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет