Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -



бет58/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
POLYONCHOINEA
Бұл класс тармағына бекіну дискісінде жақсы дамыған, ілмешектермен қаруланған, бір немесе көптеген сорғыштары бар моногеней өкілдері жатады. Личинкаларының көзі жақсы дамыған және бекіну дискісінде 14-16 кішкене шеткі ілмешектері бар. Класс тармағының өкілдері - теңіз және тұщы су балықтарының паразиттері - солардың ауруы мен өлімінің себепкерлері. Мысалы, Еділ /Волга/ өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының желбезектерінде Nitzchia sturions тіршілік етеді. Қортпаны /қызыл балық/Аралға акклиматизациялағанда /жерсіндіргенде/ кездейсоқ әкелінген моногенетикалық сорғыш Nitzchia sturions жергілікті бекіре тұқымдастардың арасында ауру туғызып, олардың күрт азаюына әкеп соқты.
Тұщы су балықтарының желбезектерінде тіршілік ететін Dactylogyridae тұқымдасының көптеген өкілдері тәжірибелік маңызды орын алады. Мысалы, тұқы балықтардың жас особьтарының біреуінде әрқайсысы 1-3 мм-дей 500 ұсақ Dactylogyrus паразиті табылған. Олар иесінің эпителиімен немесе қанымен қоректене отырып, бұл балықтардың жаппай қырылуына әкеп соқты.
Балықтардың қауіпті паразиттерінің бірінде тірі туу қасиеті бар. Бұларға Gyrodactylidae тұқымдасының өкілдері жатады. Олардың бекіну дискісі орталық ілмектердің жұбымен және 16 ұсақ шеткі ілмектерімен қаруланған.
Polystomatidae тұқымдасының өкілдері - амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың паразиттері. Кейбір паразиттер, мысалы, бақа көпезуі эндопаразитке айналған. Олар ірі денесімен, тарамдалған ішектерімен және көптеген аталық тұқым таратқыштарымен сипатталады. Бекіну дискісінің 6 бұлшықетті сорғышы болады.
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -OLYGONCHOINEA
Бұлар - балықтардың паразиттері. Ең негізгі ерекшелігі - арнайы бекіну мүшелері - қақпанның қозғалысындай жабылатын қақпақтарының болуы. Қақпақтарының болуы арқасында ілмешектері негізгі бекіну қызметін жоғалтады, ересектерінде кейде болмауы да мүмкін. Личинкаларында 10 шеткі ілмектері болады. Бұл класс тармағына жоғарыда қарастырылған - Diplozoon paradoxum жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет