13-апта: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті 1. Қазақстан мұражайлары және олардың мәдени мұраны сақтаудағы рөлі.
2. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ерекше орынға ие болуы.
3. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар.
4. Қазақстанның басты мерекелері мәдени мұра ретінде.
Қазақстандағы мереке мәдениетінің қалыптасуы.
Мұражай – әр елдің тарихын, салт –дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.
Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына бұрып тұр.
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: «коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру» деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи мұражайлар XVI-XIII ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. ХIХ ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық мұражайлар құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды.
Маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек: