Кіріспе. Мәдениет морфологиясы


Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер



бет32/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. Ұлттық мәдениет – бұл мәдениеттің дәстүрлі және жаңа элементтерінің күрделі кешені. Кез келген халыққа өз тарихи өткені мен жетістіктерін қастерлеу, өз ойындағы болашағында және болашаққа ұмтылуында осы өткеніне сүйену үнемі тән. Өткеннің этникалық бейнесі және болашақ туралы этнотарихи түсінік арасындағы дәстүрдің мәдени құрылымдық пен ұлттық-бағытталған рөлі. Осы үзіліссіз рухани байланыстан пайда болады – тек қана мәдениетті тарату құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ оның базисі ретінде де.
Кез келген форма, кез келген адами мәдениеттің айқындалуы әрқашан да этноспен байланысты, өйткені адамнан тыс, оның шығармашылығынан, дәстүрлерінен, құндылықтары мен нормаларынан тыс мәдениет болмайды. Ал адам әрқашан сол немесе өзге этностың мүшесі болып табылады және этностық (этнофорлық) мүшесі болып сезінеді. Адам болмысының оның салттарымен, нанымдарымен, құндылық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болуы сондай, халқының «өмірлік әлемі» әсер етпеген адам ешқашан болған емес, болмаған және болмайды да (Э.Гуссерль).
Адам өзі туып өскен және үйренген этникалық ортада сомдалған. Ол мәдениетті бірден бір таратушы болып табылады. Адам қаншалықты этникалық жағынан басым болса, соншалықты мәдениет те этникалық болады. Сондай-ақ, этникалық мәдениет – бұл мәдениет өмір сүруінің бірден бір тарихи формасы.
Этнос мәдениеті әрқашан да тарихи: сабақтастықтан басқа оған өзгермелік тән, дәстүрлерді меңгеруден басқа – өз кезегінде дәстүрге айналып жатқан ерекшелікті жарату, жаңаны ашу тән. Ең аз өзгеретін, демек көп жағдайда өз этникалылығын сақтап қалған мәдениет қабаты – бұл дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет екендігін атап өту қажет.
Бұған себеп: оның бұқаралығы мен тұрақтылығы, сондай-ақ этностың барлық немесе барлық дерлік мүшелеріне интеллектуалды қолжетімділіктің болуы, яғни әдетте күнделікті қолданылып жүрген тіл мен сана онымен қатар жүреді. Егер кәсіби мәдениет, белгілі бір мағынада, біліміне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына байланысты адамдарды субмәдениетке бөлсе, сондайақ жаңа ғылыми жаңалықтарға, техникалық өнертапқыштық жетістіктер мен жетілдірулерге сәйкес тез өзгерсе, онда тұрмыстық мәдениет ақырындап өзгереді; оның өзгерістері көп жағдайда кәсіби мәдениеттегідей оның қандай да бір басқа элементімен толық алмастырылмайды.
Осылай, өзінің супер жетілдірілген – техника мен қолайлы жағдайдағы соңғы жетістікте жасалған – баспаналарда тіпті ең ауқатты жапондықтар әлі күнге дейін өз үйлерінде орындықтан гөрі татамиды (ши тоқыманы) артық көреді.
Дәстүрлі тұрмыстық мәдениет адамдарды олардың білімі мен әлеуметтік
жағдайына қарамай-ақ біріктіреді. Дәстүрлі халық мәдениеті қазіргі ұлттық мәдениеттің жүйесі ретінде саналады және оның этникалық-өзіндік белгілері мен қасиеттерін сақтайды. Оның негізгі қызметі жүйеішілік реттіліктің этнотарихи байланыстарын қамтамасыз ету, сақтау және өзектендіру болып табылады, яғни адамдар өз халқы дәстүрлерінің таратушысы мен мирасқоры бола тұра, өздерінің осы этникалық қоғамға оның тарихи өткенінде, бүгіні мен болашағында тікелей қатыстылығын нақтылайды. Дәстүрлерді сақтай отырып біз дәстүрлі халық мәдениетінің қайнар көздерінеөз халқымыздың мәдени мұрасына қатыстылығымызды сезіне аламыз.
Халық тарихы мен оның дәстүрлі мәдениетін білу әр адамды шабыттандырады, ақылды, мінезді етеді (Кокаева Л.). Халықтық дәстүрлі мәдениет жүйесінің көпқұрамдылығы мен полифункционалдылығына қарай әмбебап сипатымен уақыттан тыс мағыналы, жоғары бейімді қабілеті де бар. Дәстүрлер өзімен-өзі із-түссіз жоғалып кетпейді, бірақ оларды таратушылармен бірге жойылып кетуі мүмкін.
«Халықтық дәстүрлі мәдениет» ұғымының мәнін ашқан кезде оны «халық» ұғымымен салыстыру орынды. Бұл орайда халық ұғымының мәні туралы К.Д.Ушинский ой қорытқан бірнеше негізгі тұжырымдарға назар аударайық:
- халық ұғымының түп-тамыры халық мінезінде және ең алдымен адам жүрегінде мықтап орын алған отанына деген махаббат сезімінен көрінетіні сонша, тіпті «барлық киелі мен игілік атаулы жойылғанның өзінде ол соңынан өледі»;
- әр халықтың міндеті – өзінің халықтығын жете түсіну, яғни өзінің адамгершілік мұратын жете түсіну және оны іс жүзіне асыру; адам мұраты әр халықта өзінің мінезіне сай болады және ұлттың рухани дамуымен бірге дамиды;
- халықтық дегеніміз халық дамуының негізгі шарты, тарихи сахнада ойнауға тиіс рөлінің маңызды факторы.
Бүгінде бүкіл дүниежүзінде халық мәдениеті қоғам дамуында маңызды орын алады деген пікірге келді. «Рим клубы» бірлестігін құрушылардың бірі А.Печин былай дейді: «Адамдар болашақта барлық мәдениеттер бірбеткей болып кетеді деп үрейленуде – сондай-ақ бұл бірбеткейлік бүгінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай аса жақсы емес және біркелкілікті даралығын жоғалтатын бұл қозғалыс қазірдің өзінде жүріп жатыр. Бізге мұраға қалған алып мәдениет қабаты жастарға мемлекет болашағының есігін ашатындай қызмет етуі керек».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет