Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет31/39
Дата20.02.2023
өлшемі232,96 Kb.
#69553
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Бақылау сұрақтары

  1. ХХ ғ. Қазақстан жеріндегі алғашқы оқу орындарын көрсетіңіз?

  2. Кеңестік Қазақстанда білім мен ғылымның, өнердің дамуы қалай болды?

  3. Кеңес кезеңіндегі қазақ әдебиетін дамытуға үлес қосқан шығармаларды атаңыз?

  4. Тоталитаризм қазақ мәдениетіне қалай әсер етті?

  5. Мәдени геноцид ұғымы нені білдіреді?



Тестілер
«Айман-Шолпан»:

  1. Лиро-эпикалық поэма

  2. әңгіме

  3. роман

  4. батырлық эпос

  5. аталғандардың бәрі дұрыс

Алғаш ашылған педагогикалық оқу орны?

  1. Абай атындағы ҚазҰПУ

  2. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ

  3. Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ

  4. Қыздар педагогикалық институты

  5. Шымкент педагогикалық институты

Қазақ ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш академигі:

  1. Қ. Сәтпаев

  2. М. Әуезов

  3. Ә. Марғұлан

  4. Ы. Алтынсарин

  5. С. Мұқанов

Қазақтың опера және балет театры қашан ашылды?

  1. 1933

  2. 1944

  3. 1948

  4. 1939

  5. 1952

«Абай жолы» романы авторы кім?



  1. Б. Майлин

  2. М. Әуезов

  3. Қ. Аманжолов

  4. Д. Исабеков

  5. С. Сейфуллин


12-апта: Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
1. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі
бірегейлендіру мәселесі.
2. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер.
3. Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер мен бағыттар.

Жаһандану үдерістері халықаралық ынтымақтастықтың жаңа экономикалық формаларына, ақпараттық ағымдардың күшеюіне, өзге мәдениеттердің істәжірибесін игеруге деген сұраныстың туындауына, жаңашылдық пен өзгерістерге деген ынтаның өсуіне байланысты қарқын алып келеді.


Осы жаһандық үдерістерге байланысты әр мемлекет ұдайы бәсекеге қабілетті болу үшін әрі ақиқат өмірдің талаптарына жауап беру үшін өзінің экономикалық даму, қауіпсіздік, әлеуметтік инвестициялар, мәдениет пен білім және т.б. траекториясын түзуде.
Жаһандану дегеніміз не? Ол әр ел мен тұтастай адамзаттың дамуына қаншалықты әсер етеді? «Жаһандану» терминінің пайда болуын американдық әлеуметтанушы Р. Робертсон есімімен байланыстырады.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі бүкіләлемдік, жалпы, тұтас, баршасын қамтитын және т.б. мағыналарды білдіреді. Жаһандану дүниежүзілік кеңістікке интеграциялану (кірігу) ретінде де, көпэтностық қауымдастықтардың бүкіләлемдік қарым-қатынастарға интеграциялануы ретінде де зерделенеді. Аталған феноменнің мұншалықты ауқымдылығы оның көпқырлылығын, күрделілігі мен көпаспектілігін айқындайды. Сонымен, жаһандану – бұл халықаралық маңызға ие түрлі факторлардың жекелеген елдердегі әлеуметтік болмысқа әсер етуінің барынша күшею үдерісі. Жаһандану сонымен бірге «әлемдік кеңістіктің еркін ақпарат, тауар, қызмет, капитал қозғалысы орын алатын біртұтас аймаққа
өзгеруі» ретінде де пайымдалады.
Бұл феномен төңірегіндегі зерттеулерде оның оң әсерін де, теріс әсерінде
бағамдайтын түрлі пікірлер мен пайымдар кездеседі. Көптеген зерттеушілер жаһандануды жаһандық масштабтағы сапалы өзгерістерді анықтайтын, жекелеген мәдениеттердің немесе тұтас өркениеттердің өзара сабақтастығы мен бірегей сипатын күшейтетін объективті үдеріс ретінде қарастырады.
Көптеген мәселелерді бір ғана мәдениет деңгейінде бағалап, зерттеу мүмкін емес болғандықтан, оларды әлемдік үдерістермен қатыстылықта салыстырмалы түрде қарастыру қажеттігі туындайды. Жаһандану үдерістерінің таралу себептерін осы жағдаймен де сабақтастыруға болады.
Уақыт өткен сайын жаһандану үдерістері салдарынан түрлі елдердің және елдер тобының арасында экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени байланыстар күшейе түсуде. Мұндай өзара әрекеттестіктің әрқилылығы жаһандануды экономикалық жаһандану, саяси жаһандану, мәдени жаһандану сынды аспектілерде зерделеуге мүмкіндік береді.
Бұлардың барлығы мәдени аспектіге негізделеді. Себебі халықаралық ынтымақтастық мәдениетінің арқасында ғана экономикадағы нарықтық механизмдер қалыптасып, мемлекеттер арасындағы саяси байланыстар орнатылады. Бүгінгі таңда жаһандану үдерістерінен шет қалған оқшау мемлекетті көз алдымызға елестету қиын. Өйткені оның дамуы мен өркендеуі онымен ынтымақтастықтағы елдердің рухани және мәдени дамуының, экономикасының, ғылымы мен техникасының деңгейімен байланысты.
Бұдан жаһандануды түрлі ұлттық, діни, саяси, мүдделердің өзара кірігуі
мен біртұтастануы, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің интеграциясы, жаңа дәуірдің басты нышан-белгісі ретінде зерделеу қажеттігі айқындалады.
Жаһандану үдерістерінің күшеюінде Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің диалогы айтарлықтай маңызды роль атқарады. Ол қазіргі заманда жалпыадамзаттық мәнге ие. Осы сұхбатта Қазақстан Европа мен Азия арасын байланыстыратын көпір ретінде еуропалық және шығыстық мәдениеттердің қоса құйылысқан ортасы болып табылады. Жаһандану үдерісінің оң сипатымен бірге, әлеуметтанушылардың пікірінше, зерттеушілердің бірқатар қайшылықты көзқараспайымдары да ұшырасады. Бірінші көзқарас тобындағы зерттеушілердің ойынша, жаһандану ұлттар арасында өзара бәсекелестікті тудырып, бір ұлттың екінші ұлтты ығыстыруына алып келеді.
Осыған орай ұлттық мәдениеттің құнсыздануы салдарынан үшінші бір жасанды мәдениет пайда болады деген қатер туындайды. С.Л.Бурмистровтың пікірінше, басты қауіп-қатер – түрлі мәдениеттердің өзіндік даралығынан, өзіндік ерекшелігінен айырылуы осы мәдениет өкілдерінің өзіндік барабарлығын жоғалтуына, мәдениеттердің көмескіленуіне, соның салдарынан кез келген өркениет үшін маңызды фактор болып табылатын әрқилылық факторынан ажырауына әкеліп соғатындығы.
Сондай-ақ жаһандану барысында бір мемлекеттердің басқа мемлекеттер үшін шикізат шылауына айналуы салдарынан өз ұлттық егемендігінен айырылуы сынды жағымсыз құбылыс қатар жүруі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет