Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-VIII ғасырлар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бейіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солардың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер болды. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот болды. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады. Кедейлердің қабірлері қарапайым және саймандары да қарапайым. Ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар мен шебер өрнектелген балшық ыдыстары табылған. Отбасы иесінің, ру мен тайпа көсемдерінің молалары үстіне биік етіп топырақ оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан қоршау жасалынған.
Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Күн мен от жарық жылылықты береді, мұның бәрі қайырымды құдіретті рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сияқты наным күшті болды.
Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу және оларды өлімнен сақтап қалу әрекеттері де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму – қола дәуіріндегілерге тән рәсім.
Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадеті де болған. Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы және табиғат жөнінде ұғымы күрделілене түсті, сөйтіп, діни дүниетаным келіп шықты. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде өндірістік жабдықтарға және өндіріс өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийшілер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ішсе сүті сусын қымыз. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.
Көшпендiлердiң мыңдаған жылдық тарихы, бай материалдық, рухани мәдениетi, дамыған ауыз әдебиетi, жырлары мен күйлерi, мақал-мәтелдерi, сонау ерте заманнан қалыптасқан дедiк. Осындай мәдени мұралардың iшiндегi ең құндыларының бiрi - ұлттық ойындар ретiнде танылған. Олардың көпшiлiгi алғашқы қауымдық құрылыс дәуiрiнiң өзiнде-ақ пайда болып, халқымыздың әлеуметтiк, экономикалық және саяси тiршiлiгiне сәйкес дамып, жетiлген. Ойын ел өмiрiндегi өзiндiк орны бар құбылыс. Оу баста дiн мен өнер салаларының арасы әлi ажырамай тұрған кезеңдердегi адамзат ой-санасының өресiн, оның даму жолдарын әлгi өнер салаларынан байқауға мүмкiндiк аларымыз сөзсiз. Алғашқы қауым адамдары қарнын тойдыру үшiн көп қимылдаған. Жемiс тергенде бiр отырып, бiр тұрған. Ал аң қуғанда таудан-тасқа секiрген. Көбiне аулаған аңдарының терiсiн үстiне жамылып, өзi соның кейпiне түсiп, неше түрлi Қазақ шаруасы жазы-қысы мал бағып, аң аулап ат үстiнде жүрiп жартылай жауынгерлiк өмiр кешкен. Үнемi дала кезiп, далаға түнеп аспан дүниесiн бақылап әрбiр жұлдыздың атын бiлген, қозғалысын бақылаған, күн тәулiгiн, жыл мезгiлiн соған қарап болжап, астроном болған. Жерiнiң табиғатымен, елдiң тiршiлiк-кәсiбiмен байланысты осы ерекшелiктердiң барлығы, сайып келгенде, халық санасына, сезiм дүниесiне үлкен әсер еткен, әдеби-эстетикалық талғамының өсуiне, тiл-үн өнерiнiң жетiлуiне жетекшi болған.
Қазақ даласының алуан түрлi табиғаты, байлығы, байырғы халқын, ежелгi иесiн айтпағанда бiр көрген жолаушыға, саяхатшыға, тiптi сырттай естiген адамға осындай аңыз болған, ұмытылмастай әсер қалдырғанын байқаймыз. Сонымен бiрге қазақ шаруасы құмай тазы, қыран құс ұстап құсбегi, саяткер болған. Осыдан болар халқымыздың өлең-жырында, ән-күйiнде аққудың үнi, тотықұстың тiлi бар.
Ұлттық ойындардың белгiлi түрлерiнiң қалыптасуына дене шынықтыру жаттығулары, ойындар мен сауықтардың дамуына қазақ халқының шаруашылық ерекшелiктерi үлкен әсер еттi. Бар тұрмыс-тiршiлiгi малмен байланысты болған ел сол малдың қамымен шұрайлы жер iздеп, қыста қыстауға, жазда жайлауға көшiп-қонды. Қыстың қысымынан кейiн көктемде қонысқа көшу ел үшiн шын мәнiсiнде тойға айналатын. Осы қуанышқа байланысты сан алуан ойын-сауықтар туды. Ұлт ойындары да мал шаруашылығына орай «көк сиыр», «түйе-түйе», «ақ байпақ», «қой бағу», т.б. деп аталатын.
Ойындарда ежелгi заман көрiнiстерiнiң молынан сақталу себебi, олар халқымыздың iзгi қасиеттерiне, шаруашылық кәсiбiне, этикалық және эстетикалық дәстүрiне тәрбиелеудiң бiрден-бiр тиiмдi жолы болды. Олар арқылы балалардың тәнi де, жан дүниесi де ойдағыдай жетiлiп отырған.
Көпшiлiктiң арасында өзiн-өзi ұстаудың, қысылғанда жол табудың, қоғамда өз орнын сезiнудiң алғашқы мектебi де осы ойындар болды десек қателеспеймiз.
Ойындардың осындай қызметтерiнiң iшiнде айрықша орын алатыны — шаруашылық, еңбек-кәсiпке баулу, қазақ өмiрiнiң негiзгi күнкөрiс кәсiбi төрт түлiк малға байланысты болғандықтан, олардың бейнесi ойындардан мықтап орын алғандығы мәлiм. «Көк сиырда» сиыр мен бұзау, «Ақ байпақта» бота мен түйе, «Соқыр текеде» теке рөлдерiне енiп, олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсету - таза көшпелi тұрмыс-тiршiлiктен туған ерекшелiк.
Ендi осы мал шаруашылығына орай қалыптасқан «көк сиыр» ойынының мағынасына келейiк. Ойынға қатысушыларға шек қойылмаған. Барлық ойындардағы сияқты мұнда да жүргiзушi болады. Ол сиыр болып жағалай отырғандарға келiп: бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерiң бар ма?- дейдi. Ойнаушылар бiр ауыздан көрмегендерiн айтады. Көк сиыр қайта айналып келiп мүсәпiр кейiпте бұзауының жоғалғанына қатты қиналған күй көрсетiп отырғандардан бiраз табыс жинап алады. Мұның өзi ойынның ары қарайғы бағыты қызықты дамуы үшiн ойластырылған. Өйткенi, ең соңында әркiм өз дүниесiн қайтарып алу үшiн өнер көрсетуге мәжбүр болады. Ойнаушылар артынан бұзауын жiбередi. Көк сиыр болса, бұзауын «қайда жүрдiң?»- деп ұрсып қуып жiбередi. Ойын мүшелерi көк сиыр жинап алған затты бiртiндеп шығартқызып, зат иелерiне түрлi өнер орындаттырады.
Жiлiк сындыру ойынын шiлдеханада, жiгiт үйленген сауық кештерде, немесе, жас жiгiттер жай бас қосып отырған мәжiлiстерде үйде отырып, бәс тiгiп, құрбыларына бiрдеме (зат), ақша алу үшiн, немесе, сол жиналып отырған жiгiттер өздерiн, күшiн сынасып, пәленше күштi деген атын алу үшiн ойнайды.
Бұл ойынға әйелдердiң қатысуы тiптi сирек кездеседi, тек бiрен-саран өз күшiне сенген әйелдiң ерегiсiп қатысып кететiнi де болды. Кейбiр күштi қыз, келiншектер жiгiт сындыра алмаған жiлiктi сындырып та жiбередi. Егерде жiгiт сындыра алмаса, жiлiктi әйелдер сындырған уақытта жiгiттер қорланып қалады. Әйелдер келемеж (сынап) етiп есiн шығарады. Бiрақ еркектер оларға женiлмейтiндей дау (сөздер) айтып құтылады. Мысалы: бiз бұл жiлiктi жағалай ұрып кiрiсiн босатып, жәркiшектендiрiп (шаласындырып) бердiк, өзi сынып тұрған жiлiктi қойып қалып едiңiз, тез сынды. Сiз бұрын күш жұмсаған жоқсыз деген сөздер айтады.
Жiлiктi сындырғанда, қай жiлiк болса да бәрi бiр емес, ортан жiлiктi ғана сындырады.
Сындырғанда балтамен, ағашпен не темiрмен сындырмайды, жұдырықты түйiп алып, қолмен сындырады. Қолмен ұрғанда да жаланаш қолмен емес, қолды сынған сүйек тiлiп кетпес үшiн, немесе, қол ауырмас үшiн қолды орамалмен мықтап орап алып барып ұрады. Солай еткен күнде қолға зақым келмейдi. Ортан жiлiктi жұдырықпен ұрып та және екi қолға орамалдың екi басын орап, қолдан жiлiк сусымас үшiн жiлiктiң екi басынан мықтап ұстап, бұрап та сындырады.
Қолмен бұрап сындырғанда кейбiр жiгiттер жiлiктiң тобық тұратын шоқпар басынын сырт жағын пышақпен сұққылап (бiр жерiнен) сығат салып алып, сонан соң барып сындырады. Ал, ұрып сындырғанда ондай әдiс қолданбайды, тек жiлiктiн бiр басын, бiр ағашқа сүйеп, екiншi басын жерге тiреп қойып, сонан соң жұдырықпен қойып қалады. Бiр қойып қалған адамға екi, үш қайтара ұрғызбайды, ұрушы тек бiрақ рет ұрып, сонан соң басқа адамға жағалата бередi [131, 10 б].
Жiлiк сындыру үшiн, ойнап бәс тiккен адамдар жiлiктi көпшiлiктiн iшiнде кiм сындырса, барлық адамдар сайын ақша болсын, зат болсын, немесе, самса болсын, әрбiр адамнын (ойнаушы) басынан сол сындырушы адам алады. Басқа сындырмаған адамдар алғаны үшiн, сол бәстерiнен бермей құтылмайды. Ойынды ойнамас бұрын не беремiз деп бәстессе, сол айтқандарын берiп құтылады.
«Түйе-түйе» [132, 68 б] ойынының тәртiбi де дәл осы сияқты. Тек мұнда екi топқа бөлiнiп ойнайды. Бұл ойында да өнерге баулитын саналы әрекет бар. Әрi халық даналығы өмiр сүрудiң көзi малда екенiн, оны бағып-қағудың қажеттiгiн байқатады. Жануарлар дүниесiн көз алдыңа елестетiп ойнайтын ойындардың бiрi - «Ақ байпақ» ойыны. Мұнда ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты болады. «Мәселен,
ойыншы: - Ақ иығымның үстiндегi кiм?
iнген: - «ақ байпақ».
ойыншы: - нең жоқ?
iнген: - «ботам» жоқ.
ойыншы: - ботаң көлде бетiн жуып жатыр» -дейдi. Бұл да ойынның өзiндiк бiр ерекшелiгi. Олай дейтiнiмiз, диалог арқылы құрылған ойында жоғалған ботаға айналасындағылар түрлi тағамдар беру керек. Iнген ботасын тапқан уақытта кiмнiң не бергенiн сұрайды. Нашар тамақ бергендерге жаза қолданады. Ол жаза жоғарыда айтылған ойындардағы сияқты өнер көрсету. Айналып келгенде ол уақытта бүгiнгiдей түрлi байқаулар немесе театр, өнер сахналары болмаған. Ауыл iшiндегi өнерпаздар түрлi ойындар арқылы өз қабiлеттерiн көрсете бiлген. Бұл келе-келе ауыл жастарының ойнап, көңiл көтеруiмен бiрге, ұлттық дәстүрлердiң ұмытылмай сақталып қалуына да ерекше ықпал еткен.
Ауыл балаларының сүйiп ойнайтын ойындарының бiрi «қой бағу» ойыны болған. Онда жас баланың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, өзiн қоршаған ортамен таныстыратын қасиет бар. Жаңа қонысқа келiп үлкендер үй тiккенше, жас балалар түйенiң кепкен құмалағын жиып, оны «қой», ал қойдың құмалағын «қозы» деп ойнаған. Бұл ойынның сәбилер үшiн қызықтығы сонша олар бiр-бiрiнiң құмалағы қосылып кетсе, оны қайтармауға тырысқан. Ойын көшпелi халық өмiрiмен байланысты. Оның негiзгi мақсаты балаларды малсақтыққа баулу болған.
Мұндағы ойындарды ойнаушылардың барлығынан өнер көрсетудi талап ету халықтың жайдан-жай шығара салған ермегi емес, өмiрдiң барлық саласына, оның iшiнде өнерге баулитын саналы әрекет екенi даусыз.
Көшпелi тұрмыс-тiршiлiктiң негiзiнде пайда болған, мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласына кең тараған. Түрлi-түстi бояумен боялған асықтармен, қорғасын құйып арнайы даярланған сақамен сан түрлi ойындар ойналған. Кейiнгi кездерi бiразы ұмыт болса да, ендi бiразы жаңаша тәртiппен ойналуда.
Халық санасының ұжымдық жемiсi болғандықтан ойында ел тұрмысының көрiнiстерi мол-ақ. Баланы жақсы көрiп, еркелеткеннiң өзiнде не түрлi балама, теңеулер табиғатынан қазақы тұрмыстың иiсi аңқып тұрады. «Қозы жүндi көрпешiм», «қойдың жүнi қалпағым», «көлге бiткен құрағым», «жағамдағы құндызым», «әлди-әлди тайлағым, өрiстегi шандағым», «отбасындағы ойнағым, сүт бетiндегi қаймағым» тәрiздi айшықты сөздер төрт түлiктiң етi мен сүтiн тамақ, жүнi мен терiсiн киiм етiп, ен табиғатты кең жайлап аңшылық, саятшылық құрған өмiрден туған өрнектер.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдениеті, жалпы халықтардың өмір сүру жағдайы мен саяси жағдайларға байланысты әр түрлі дамыды.
Көшпелі “ар-намыс” қағидасына өте берік, “жаным арымның садағасы дейді” деп жазады. Көне түркілерде ұрлық жасағандарға өлім жазасы кесілетін болған. Ал ұрының кесілген басын жіппен байлап, әкесінің немесе атасының мойнына іліп қойған. Мұндай бала тәрбиелеген ата өлгенше оның басын мойнында асып жүру арқылы жазаланатын. Әдетте, бұл құбылыс сол кездегі қытайлықтарға, қазіргі Батыстық мәдениеттанушыларға барып тұрған жабайылық болып көрінсе де, негізінен, ғибратқа толы дәстүр. Өйткені бұл қоғам жанды, ұдайы қозғалыстағы қоғам. Отбасында әркім өз орны мен міндетіне қарай жауапкершілік алады. Сондықтан көшпелі мәдениет тәртіп пен құрметтің ең жоғары үлгісін көрсететін қоғам болып есептеледі.
Көшпелінің рухы таза, аңғал, төзімді, жауынгер, өзгермелі жағдайға бейім, ұдайы қозғалысты сүйетін болғандықтан, оның рухындағы осы қасиеттер арқылы көшпелі мәдениетке, қауымға өте күшті динамизм дарыған. Сондықтан да жеке адамдар арасындағы құрмет, сүйіспеншілік те осы күшке негізделген болмысты бейнелейді. Көшпелілер өздеріне тән тұрмыс-тіршілік қалыптастырып, өз тұлғасы, мінезі, дүниетанымы, мәдениеті, тұрмысы, дәстүрі, құндылықтарының іргесі мен шаңырағын көтеріп, адамзат өркениетінде өз үлесін алып отыр.