Байланысты: 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттақ көтерілісі
жекелеген жағдайларда 15 – есе өсірілді. Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті. 1916 жылдың ортасына қарай патша үкіметінің қазақ халқының тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десятинаға теңелді. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеиуі, соғыс кесапаты –халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандары мен Қазақстанды отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымды жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жергілікті шабындық болмады. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде ақ Санк –Петербургские ведомости газеті былай деп жазуға мәжбүр болды: Егер мемлекет мүдделері қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші жағынан, бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп жатқанымызға көзді жұма қарамай, қайта ашық мойындауымыз керек. Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, далада Біреуі жұмысшылар бергісі келмитін екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды . Ат төбеліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік - болыс басқармалары, ауыл сташындары патша жарлығын жақтап шықты. Ә. Бөкйханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған қазақтың демократиялық зиялыларының қайраткерлері басқа бағыт ұсынды. Олар Қазақстан - Ресей мемлекетінің бодандары деп санады. Бұл бізге деген сеніммен, Отан қорғау үшін, - деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың ортасында халыққа арналған үндеуінде, - жұмысқа шақырған бұйрық жарияланды. Біз сөзімізді халыққа арнаймыз, біз бұл туралы талай рет айтқан болатынбыз, бұл істен бас тартуға болмайды. Қозғалыс басшылары Қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдету мен ұлттық афтономия құруға үміттенді. Олардың көбі іс жүзінде қарусыз халық осы заманғы техникамен жарақтанған патша армиясына қарсыласу мүмкін емес деп санады.