Кіріспе Негізгі бөлім


Орыс шаруаларының бір бөлігі көтерлісшілерге жанашырлықпен қарады, көтеріске қатысқандарды жасырып қалды, оларға көмектесті



бет7/9
Дата25.09.2024
өлшемі8,06 Mb.
#145642
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттақ көтерілісі

Орыс шаруаларының бір бөлігі көтерлісшілерге жанашырлықпен қарады, көтеріске қатысқандарды жасырып қалды, оларға көмектесті.
Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асыры. Түркістан өлкесі генерал – губернаторының айтуы бойынша, Қазақстан мен Қырғыстанның отарлауға мейлінше қолайлы аудандарын “тазалау” болатын. 1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты млн-ға жуық кеміді.
Көтерлістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыранқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Шын мәнінде өте қарапайым қарулармен қаруланған халықпен сол кездегі техниканың жетістіктерін пайдаланған империяның тұрақты армисы соғысты. Патша шенеуніктері қоныстандыру қозғалысы жеделдете жүргізіліп жатқан өңірлерде орыс украин шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылық тарды пайдалана білді.
Ұлттық – демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Кейбір бай – феодалдар , хандар көтерлісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерлісшілерді басшыларынан айыра білді. Жетісудағы қозғалдыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерліс жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов абақтыға қамалы, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.
Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.
Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы ж/е зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”. Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет