Кіріспе Негізгі бөлім


Олар қарусыз халық үкіметін жазалау шараларының құрбаны болады



бет4/9
Дата25.09.2024
өлшемі8,06 Mb.
#145642
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттақ көтерілісі

Олар қарусыз халық үкіметін жазалау шараларының құрбаны болады
деп қауіптенді. Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар, -
деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында.
Сонымен қазақ халқының револютциялық - демократиялық ой
пікірінің басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраластық
тактикасын жүзеге асырып, халықтың аман қалуы, оның этникалық
тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұсынды.
Көтерілістен кейінгі қанқұилы жазалау, Қазақстан мен Орта
Азияның 100 мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктің
дұрыс болғанын дәлелдеді. Ұлт – азаттық револютцияның ауқымды әлеуметті негізі болды. Оның негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың кең топтары қазақ жұмысшылары мен қолөнершілерінен құралды.
Жалпыұлттық идеяға ұласқан ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ
шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын қалыптасып келе жатқан
ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін ұлт
зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді. Тұтас
ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс жасаған өздерімен бірге барлық
мүлік пен малды алып. Дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда
көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр болды
Патша өкіметі әр алуан айла шаралар қолданып, қоғамның
болмашы бір бөлігін жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бір қатары жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді де, олар жергілікті әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті. Осынау көмегі үшін олардың балалары қаражұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ашықтан ашық ашу
ызасын туғызды. Мәселен Қостанай уезі Меңдіқара болысының Батырақ шаруалары ашу ызамен былай деп жазды: Кедейлердің ауру балалары дені сау және тепсе темір үзетін болса да, олар әскерй алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара бергендіктен үйлеріне қайтарылды .
Жер – жерлерде көтерілісшілер атряттары құрылып жатты. Олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың аулдарына шабуыл жасап, борышқорлық және салық тілқаттарын , жер сату жөніндегі құжаттарды құртып жіберді, болыс басқармалары, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша атрияттары мен қақтызыстары үдей түсті. Қазақтың еңбекші бұқарасы өз кәсіптерін тастап, қия далаға көшіп кетті, үлкен топтарға бірігіп жинала бастады... Бұйрыққа бағынбай, окопқа барғанша, даладағы өз үйлерімізде өлген жақсы деп шешті...- делінген Торғай губернаторының хабарында. 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кафказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихия түрде басталған және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болған жоқ. Оған көмір кендерінің мұнай кәсіпшіліктерінің , Ертіс пароходствосының Омбы, Орынбор – Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.Олардың ауылымен және шаруашылықтарымен байланысы көтеріске стихиялы, шаруалар қозғалысы сипатын берді.
А.Иманов,Т.Бокин,Б.Әшекеев,Ә.Жанбосынов және т.б көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі.
Көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығының шығуы болатын.
Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: Ә.Жангелдин,А.Иманов,Т.Бокин,С.Сейфуллин,Т.Рысқұлов,С.Меңдешов,Б.Алманов,Б.Әшекеев,Ж.Мәмбетов қара жұмысқа алудан бас тартып, халықты ұйымдастыра отырып көтеріліске шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет