Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары. Оқушылардың даму физиологиясы


Үлкен және кіші қан айналыс жолдары



бет14/16
Дата20.02.2023
өлшемі233 Kb.
#69408
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Үлкен және кіші қан айналыс жолдары. Денедегі қан үлкен және кіші қан айналыс жолдары арқылы тасымалданады. Сол жақ қарыншаның қуысынан үлкен қан айналыс жолы басталады. Қан қарыншадан қолқаға, одан үлкенді-кішілі артериялар мен артериолаларға, олардан артериялық капиллярларға айдалады. Артериялық капиллярлар ұлпалардың клеткаларына тарап,қанның құрамындағы қоректік заттар мен оттегін клеткааралық сұйықтарға құяды да зат алмасуынан пайда болған көмірқышқыл газын қосып алып, веналық капиллярлар арқылы үлкенді-кішілі веналарға, олардан жоғары және төменгі қуыс веналарына қосылып, қанды оң жақ жүрекшенің қуысына әкеледі. Оң жақ жүрекшеден оң жақ қарыншаға айдалады. Оң жақ қарыншадан кіші қан айналыс жолы басталады. Мұның басты қызметі қанды оттегіне қанықтыру. Сондықтан оң жақ қарыншадан өкпе артериясына айдалады. Өкпе артериясыекіге бөлініп, оң және сол жақ өкпеге барады. Өкпе өуысында қанның құрамындағы көмірқышқыл газын шығарып, оттегімен байытылады да, артериялық қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп қосылады.

№ 13 дәріс


Тыныс алу жүйесінің дамуы.

Оттегі адам организмі үшін аса маңызды. Тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Тыныс алу кезінде оттегі үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газы денеден сыртқа айдалып тұрады. Бұл қызметті өкпе атқарады.


Тыныс алу жүйесінің мүшелері екіге бөлінеді: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе. Тыныс жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіретін түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытады.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тамшыларының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше.
Альвеолалар өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоппен ғана көруге болады. Қабырғалары жұқа, көптеген капиллярлармен қоршалған. Альвеолалардың жалпы ауданы 200 м2.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесі нашар дамыған. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу кезінде қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады. Дем алудың минуттық мөлшері: жаңа туған сәбиде 220 см3, ересек адамда 96 см3. Дем алудың көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, ересек адамда – 400 см3. Өкпенің мөлшері жаңа туған сәбиде – 53 см3, 20-25 жаста – 1680 см3.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл. ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Жай дем алғаннан соң дем шығармай тұрып тағы да 1,5-2 л. ауа жұтуға болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 л. ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл – қордағы ауа. Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса ӨТС-ғы шығады.
Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы, ӨТС: штангистерде – 4 л, футболистерде – 4,2 л, боксерлерде – 4,8 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минутына - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын аулуларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
№ 14 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет