Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті


Философия даналыққа құштарлық



бет2/6
Дата02.03.2023
өлшемі73,59 Kb.
#71332
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кіріспе. П нні ма саты мен міндеті

2Философия даналыққа құштарлық


Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» — даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.
Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократбіз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.
Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.
Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.
Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.
Әрине, философия туралы осы айтылғандармен шектелуге де болар еді, бірақ оның мәнін ашып табиғатын толық түсіну үшін ол туралы жалпы сипаттамаларды мына түрде топтап айтуға да болады:
Философия — адам рухының (немесе «ақыл-ойының», «санасының» және т.б.) сөз арқылы болуы, өмір сүруі. Ана тілінің өзі философиялық мәндерге және даналыққа толы, ол әлемді бейнелеу құралы, Алайда философия өзіндік өз тілін жасайды және тек қана сондай тіл арқылы, идеялы түрде әлемді оны игеруге, ұғуға қабілетті.
Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.
Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.
Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Адам — ақыл-парасатты жан. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарға жету әрекетінің тәсілдерін тандауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Сондықтан ақыл-парасатқа сүйенетін философия дүниетанымның теориялық негізі.
Философия — моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Эпикур бойынша ғалам табиғатын, өмір мен өлім мәнін және т.б. білмей адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт — бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасреттің жоқтығынан» (арота) немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал тәжірибелік даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Ол өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние.
Философиялық ой, әлемде белгілі бір заңдылықтың, тәртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен тығыз байланыста болады. Ол адамның тұрақты және реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретін нәрсе, әрине ол оның ақыл-парасаты. Демек, философия арқылы жасалатын ақыл-парасат рефлексиясы Адам әлемін пайымдау мен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл, Әлемді ерекше сезу, Әлемге ерекше қатынас, ерекше өмір салты.
Кез келген философиялық білім метафоралы болып келеді. «Метафора» дегенді В. И. Даль өзінің «Түсіндірме сөздігінде» бөтенше сөз деп түсіндіреді. Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып философия, адамдар әлемінде жүріп жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен бейнелеуге ұмтылады. Тарихи тұрғыда, бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады. илософияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық- мистикалық көзқарас шеңберінен шығып оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам: нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады. Философия осы бағыттағы нағыз талпыныс.
Айталық, Гегель дәуірінде әлеуметтік өмір заңдылықтарын білдіретін «сөз» «халықтар рухы», «еркіндік» «абсолюттік идея» ұғымдарымен байланысты болды. Маркс үшін қоғамның тарихи дамуы мәнін бейнелейтін метафора «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымы болды. Біздің қазіргі заман да мұнан қалыс қала алмайды. Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына «мәдениет», «ақпарат», «өркениет», «этнос», «менталитет», «құндылықтар» ұғымдарын жатқызуға болады.
Философия ешбір нәрсемен шектелмей нағыз барлық бар туралы ойлану және соның ақырына дейін таныла алмайтындығын немесе сезімге, рефлексияға, көрінуге келмейтін ой қобалжулары арқылы трансценденталдықты игеру. Сондықтан ол — еркін қабылдауында трансцендентті сана. Тану бостандығы бұл жерде тануға болатынның бостандығымен сәйкес келеді, нәтижесінде өтіп жатқан барлық бар туралы, яғни әлем, болмыс, табиғат, өмір, керек десе Құдай туралы, өзге әлем туралы, кез келген идеалды конструкциялар туралы түсініктер пайда болады. Санадан тыс әлемді, өмірді, болмысты түсіну; илікпейтін идеалдылықты идеалды түрде көндіру.
Философия өзгермейтін мәтіннен гөрі күрделі, құбылмалы мәдени феномен. Оны ғылым ұғымына, өнерге, дінге сыйыстыруға болмайды. Ол мәдениеттің ерекше түрі. Философиялық ойлаудың тақырыптары межесіз. Оның мәселелері жеткілікті: ол «сананың» басқарушы рөлін атқарды және ақылдың жаттықтырушысы.
Философия өзінше басқа. Әрине — кез-келген білімнің өз философиясы болуы мүмкін, бірақ бұл негізінде нағыз философия емес. Нағыз философия жанды білім, әрқашан ағымдағы ой. Оның өзі өмір — сананың өмірі. Әр түрлі білімдер бар. Философия солардың барлығын біріктіруге қабілетті, бірақ механикалық, тіпті органикалық түрде де емес, өзімен өзінде. Міне осы тұрғыда философияны ғылым деп те айта алмаймыз, бірақ ол дін де емес және қалаумен әр түрде де бола алмайды.
Дін өзіне ғылымды қамти алмайды, ғылым болса дінді қамти алмайды, ал философия болса өзіне: дінді, ғылымды, мифологияны, окультизмді магизмді, алхимияны, астрологияны қамти алады. Әлемді діни тұрғыда түсіну — діни түсінік, әлемді ғылыми тұрғыда түсіну — ғылыми түсінік, әлемді философиялық тұрғыда түсіну — философиялық, бірақ тек қана ол емес: философия сонымен қатар жалпы көлемі жағынан толық болмағанмен мүмкіндігі жеткен нұсқасына бір тұтас ең парапары. Дәл осы бейнесінде және ол сана суреті — философиялық бейнеден өзге тиімді, әрі толық, оған қоса ерікті ештеңе жоқ.
Егер осы айтылғандарды қорытындылап айтсақ, адамдардың алдында тек қана өндірістік, және т. б. Күнделікті тәжрибелік мәселелерді шешуге байланысты мақсаттар ғана тұрмайды екен. Олар басқа да сұрақтарға жауаптарды табуға тырысады. Мысалы: Бізді қоршаған Өлем қалай бола алған және осы Әлемдегі адамның алатын орыны, тағдыры қандай? Барлық бардың негізінде не жатады — материалдылық па немесе руханилық басталым ба? Әлем белгілі бір заңға бағынышты ма немесе оған былық (хаос) үстемдік жасайды ма? Адамның қоршаған Әлемді таньш білуте мүмкіндігі бар ма және танымды қалай анықтай алуға болады? Таным арқылы, адам «ең ақырғылықты» түсіне алады ма? Адамдық өмірдің мақсаты және оның құндылығы, мәні неде?
Міне осы тектес және де басқа да, жалпы дүниеге көзқарас болыи табылатын: ар, намыс, борыш, жауапкершілік, жақсылық, бостандық, әділеттілік, әсемдік, ұсқынсыздық сияқты сұрақтар туралы адам ойланып-толғанады. Оларды ойланьш-толғануда, адам тіршіліктегі тәжірибеге және дені дұрыс мәнге, жаратылыстан тыс сенімге немесе ғылыми білімдерге сүйене алады. Олар дүииеге көзқарастың түріне тәуелді, философия болса сол көзқарастардың бірі болып табылады.
3. 1.Салыстыру – қоршаған дүниені танудың негізгі тәсілдерінің бірі, ұғымды анықтау мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайда затты танудың тәсілдерінің бірі. Салыстыру обьектілерді олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау мақсатында оларды өзара салыстырудан тұрады да өздігінше эвристикалық операция мен стратегияны білдіреді.
Оқушының оқу іс-әрекетінде салыстыру өте маңызды роль ойнайды. Мәселен, есімдік пен етістікті, көбейту мен бөлу операцияларын, есептіңкомпаненттерін (құрамдас бөліктерін, құрылымдық элементтерін), үшбұрыш пен тікбұрышты, орман, дала мен шөлді салыстыра отырып оқушы осы заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін терең тани бастайды.
Заттар мен құбылыстарды сәтті түрде салыстыру импликацияның (бір обьектілерді өзге обьектілермен тығыз байланыстыратын логикалық операция) негізінде жатыр және де ол қандай да бір сұраққа жауап беру үшін, белгілі бір көзқарас тұрғысынан мақсатқа бағытталуы тиіс. Ол заттар мен құбылыстардың ұқсастығын анықтауға (бұл операциялар тарихи-салыстырмалы әдістердің негізінде жатыр) немесе айырмашылықтарын анықтауға немесе екеуін де бірдей анықтауға қарай бағытталуы мүмкін. Мысалы, егер де үй жануарларын олардың адамға пайдалылыға жағынан зерттейтін болса, салыстыру олардың арасындағы ұқсас белгілерді анықтауға немесе оларды тұқым критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан әр түрлі номинациялар (номинация – тілдік элементтерді белгіленетін обьектілермен арақатынасын белгілеу процесі ретіндегі атау) бойынша бөлуге бағытталуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, егер де салыстыру кезінде салыстырылатын өзгеше қосымша затты беретін болса, төменгі сыныптың оқушылары заттар арасындағы сәйкестікті жылдамырақ табатын болады. Оқушылар үй жануарлары сиыр мен қойдың бейнелерін салыстырып ұқсас белгілерін онша көп байқай бермейді. Егер де сиыр, қой және ит бейнеленген үш суретті көрсетер болсақ, онда оқушылар сиыр мен қойдың арасында ұқсас белгілерді көбірек табады.
2.Кез келген обьекті мен құбылысты тану біздің оны өзге обьектілерден ажыратуымыздан және оның өзіне жақын обьектілерге ұқсастығын анықтауымыздан басталады. Таным – бұл айырмашылық пен ұқсастық: бір-бірімен үздіксіз байланыста болатын процесс, сондықтан салыстыру барлық ойлау процесімен өзара байланыста қолданылады. Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытындыны алу мынадай бірқатар қажетті жағдайларды сақтауға байланысты:
1). Шындықтың біртекті обьектілерін немесе құбылыстарын бейнелейтін тек біртекті ұғымдарды ғана салыстырған жөн.
2). Заттарды олардың елеулі мәні бар белгілері бойынша салыстыру қажет.
Танымдық тұрғыдан стол мен векторды (белгілі бағыттағы тура сызықтың кесіндісі), үшбұрыш пен батылдықты салыстыру пайдасыз. Мұндай салыстырудың болашағының жоқ екендігі «пұтты аршынмен салыстырма» (ауырлықты ұзындықпен салыстырма) деген халық мәтелінде келтірілген.
Салыстырудың танымдағы және нақты ғылыми қызметтегі мәні өте үлкен. Мәселен салыстырудың көмегімен ғылыми мәтіннің шынайы жұмыс немесе компиляция (мәтінді өзгелердің зерттеулерінің немесе шығармаларының негізінде құру) екенін оңай ажыратуға болады. Алайда, салыстырудың өзі толыққанды білімді бере алмайтындығын ескеруіміз керек. Бірнәрсені тану – бұл тек ұқсастықтары мен ерекшеліктерін табу ғана емес, мәнін де анықтау.
Салыстыруды танымның әдісі мен амалы ретінде адам әрекетінің барлық саласында: ғылымда, педагогикада, әдеби көркем шығармашылықтан табуға болады. Жалпылама түрде салыстыруды қоршаған дүние заттарының арасында болатын ұқсастық пен айырмашылықтың шынайы қатынастарының адам санасында бейнелену процесі ретінде анықтайды. Танымды салыстырудың негізінде зерттеу үшін қарапайым салыстыру ұғымын жиі енгізеді. Мұнда салыстыру талабына сәйкес келетін бір обьектіні өзге бір обьектімен қандай да бір қасиеті бойынша салыстыруды ұғынады.
Процесс ретіндегі салыстырудың қарапайым актісінің тқұрылымында келесі құрамдас бөліктерді бөліп тіктеуге болады:

  • салыстыруға ұшырайтын обьектілер

  • бірінші обьектпен салыстырылатын обьект

  • салыстырудың негізгі – обьектілерді салыстыратын қасиет

  • салыстырудан шығатын қорытынды

салыстыру процесінің танымдық құндылығы тек қана салыстыратын обьектілердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтың қатынасын анықтауда ғана емес, салыстырылатын обьектілердің бірінің өзге біреуіне қатысты сипаттамасында жатыр. Тек осы жағдайға байланысты салыстыру сыртқы заттарды (предметы) теңестіру мен ажырастырудың психикалық қасиетінен эвристикалық мәнге ие танымның логикалық амалына айналады.
Мұндай зерттеу оқудың белгілі бір кезеңінде эвристикалық сипатқа ие болады, себебі оның прцесінде салыстыру кейбір заңды қасиеттерге алып бара алады. Осы салыстырылатын заңдылықтың байқалуын, гипотезаның пайда болу сәтін, дамуы мен негіздерін көру – бұл елеулі эвристикалық рөлді салыстыру атқарған эвристикалық ізденісті жүзеге асыру.
Салыстырудың осы қарастырылған сапалары ұсынылған есепті бұрын шығарылған есеппен салыстыру процесінде

  • есептің компоненттерінің аналогиясы (ұқсастығы) мен олардың шешу стратегиясына ықтимал ықпалын айқындауға;

  • құрылымның жалпы элементтері мен құрылымдық байланысты айқындауға;

  • шешім статегиялары мен олардың элементтерінің мүмкін боларлық ұқсастығын анықтауға;

  • есептің компоненттік құрамында, құрылымында және олардың жалпы стратегияға ықпалында айырмашылық жүргізуге мүмкіндік береді.

Педагог – ғалымдар таным прцесіндегі салыстырмалы әдіске үлкен мән беріп отырды: «салыстыру кез келген ұғыну мен кез келген ойлаудың негізі. Біз дүниеде бәрін басқа емес, тек салыстыру арқылы білеміз… Сыртқы табиғаттың сырларын ұғынудың өзге жолы жоқ ». (Архонгельский С.И.Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы.М. 1980. С. 112-113).
Салыстыру обьектілерді немесе құбылыстарды салыстырмалы түрде сипаттаудан кейін жүзеге асырылатын жалпылаумен тығыз байланысты. Ұқсастығы бойынша қорытындылар кезінде де алдын ала жалпы мен ерекшеліктер айқындалады. Кейбір ғылыми салаларда салыстыру зерттеулердің іргелі әдістерінің негізі болып қаланды. Мәселен жоғарыда атап өтілген тариғи – салыстырмалы әдіс зерттеудің тәсілі ретінде қарыштап дамыды. Бұл жерде осы құбылыстардың формасы бойынша ұқсастықтарын анықтаудың негізінде олардың генетикалық туыстығы жайында қорытынды жасалады. Тарихи – салыстырмалы әдістің сипаты ерекшелігі сонда, оның бастапқы пункті ретінде материалдық мәдениет пен білімнің әр түрлі салалары үшін ортақ көне элементтерді қалпына келтіру мен салыстыру қызмет етеді; тарихта осыған байланысты кезеңдестіру жүргізіледі (кезең – қандай да бір аяқталған процеспен сәйкестендірілетін уақыт аралығы), яғни даму процестерін айқындалған заңдылықтарға сәйкес негізгі ерекше кезеңдерге бөлшектеу.
4.Скептизм Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) — объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады; бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану; күдікшілдік, сенбеушілік. Әлемдік философияда нақты мәдени-тарихи жағдайға сай және дүниені философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі жолдарына байланысты пайда болған скептицизмнің әр түрлі формалары бар. Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным процесіндегі күрделі бетбұрыстар, теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) өзгеруі тұсында пайда болды. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — танылатын затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе бермейді, олардың арасында алшақтық болады. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз адамдарды сынға алды. Неміс классикалық философиясындағы ақиқат түсінігі Маркстың айтуы бойынша классикалық неміс философиясы буржуазиялық революцияның ой жүзіндегі көрінісі іспеттес. Бұл пікірі Кант философиясына да, Гегель философиясына да ортақ. Бұл орайда айта кететін жәйт, Гегель Канттың тікелей ізбасары болған жоқ. Арада Фихте, Шеллинг сияқты көрнекті ойшылдар неміс философиясының даму барысында өз үлестерін қосқан-ды. Гегельдің алғаш рет жарыққа шыққан еңбегі "Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің арасындағы айырмашылық" деп аталады. Оны жазуға себеп болған нәрсе біріншіден, Шеллинг Фихтені қүр қайталайды деген жаңсақ пікір болса, екіншіден, жалпы неміс философиясындағы төңкерістік сарын жоғалуға айналды деген тұжырым. Гегельдің пікірінше неміс философиясында төңкерісшіл сарын тереңдей түсуде, ал Францияда көптен бері айтылып жүрген неміс философиясының тоқырауы туралы кереғар пікірді ескермесе де болады. Өйткені, Кант бастаған іс дәйектілікпен жалғасуда, неміс философиясының болашағы жарқын дейді, Гегель. Өткен тармақта айтылғанындай Кант алғаш рет таным теориясында сана белсеңділігіне тұжырымдап, таным енжар сипатта болады деген түсініктің тамырына балта шапқан еді. Алайда, Канттың пікірінше адамзат заттармен тікелей қатынасқа түспейді, тек құбылыстар әлемімен байланыса алады, ал құбылыстар әлемі дегеніміз "өзіндік заттың" сезім мүшелеріне тигізетін әсерінің салдарынан туындайтын түйсіктер жиынтығы. Демек, құбылыстар әлемі - адамзаттың танымдық қабілеті арқылы қалыптасатын түйсіктер жиынтығы. Генрих Гейне бұл орайда Кантты Коперникпен салыстырған. Бұрын, дейді ол, парасат күн секілді құбылыстар әлемін айнала ұшып жүріп, оларға өз нұрын сеуіп жарық беруге тырысатын еді, ал Кант парасатты тоқтатып қойды да құбылыстарды оны айналып ұшуға қосты, енді құбылыстар - күннің парасаттың шеңберіне ендеу дәрежесіне қарай сәулелене алатын болды. Кант пен Фихте диалектикалық ойлауды субъективтік идеализмнің негізінде жүзеге асырмақ болған-ды. Фихте Канттың табиғатты зейіннен тыс қалдырғаны үшін қарсы шықты. Спинозаның субстанциясын да жақтырған жоқ. Шеллинг шексіз ой туралы жаңа тұжырым жасады. Шексіз ой — субъективтік пен объективтіктің бірлігі мен күресі. Фихтемен салыстырғанда Шеллинг табиғаттық дамуды да мойындайды. Шексіз ой субъективтік пен объективтіктің барабарлығы ретінде — тезис болып табылады. Одан антитезис — табиғат қалыптасады. Ал табиғаттан шексіз ой, субъективтік пен объективтіктің жаңа, жоғары дәрежедегі барабарлығы ретінде, пайда болады. Жалпақ тілмен айтқанда мұны былайша түсіну керек: дүниенің түпнегізі - объективтік рух (тезис). Табиғат оның сөніп қалған түрі (антитезис). Табиғаттағы даму — рухтың ояна бастап, санасыздықтан саналылыққа қарай жетілу барысы іспеттес. Бұл дамудың, немесе жетілудің шыңы ~ адамның санасы (синтез). Рух өзінің рух екенін адам санасында ғана біле алады. Гегельге Фихтеден гөрі Шеллинг философиясы ұнайды. Ол субъективтік идеализмді де, қасаң материализмді де қатты сынаған. Олардың екеуі де сыңар жақтықтан арылмаған күйкі философиялық ағымдар. Субъективтік идеализм объектінің өзіндік болмысын жоққа шығарады, қасаң материализм сананың белсенділігін мойындамайды. Гегель (1770-1831) Штутгарт қаласында туылып, Тюбинген университетіне жоғары білім алады. Жас Гегель француз революциясын шын ниетімен қарсы алғанымен, якобиншілерді жактырмады. Иена университетінде профессорлық қызмет атқарып жүрген кезінде Шеллингпен кездесіп, пікір алысып жүрді де кейіннен өзінің философиялық жүйесін қалыптастыруға ден қойды. 1809-1816 жылдары Нюрнбергте гимназия директоры болын жұмыс істеді. Өзінің ең негізгі еңбегі "Логика ғылымын" осы кезеңде жазған-ды. Аз уақыт Гейдельберг университетінде лекция оқып, 1818 жылдан өмірінің аяғына дейін Берлин Шеллинг университетінің философия кафедрасының меңгерушісі болды. Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтау шыңы және соңғы сатысы іспетті. Энгельс бұл туралы Гегельдің өлшеусіз кең саланы қамтығанын, күні бүгінге дейін таңқаларлық ой байлығын дамытқандығын айтады : "Рух феноменологиясын (мұны рух эмбриологиясы мен палеонтологиясының параллелі деп, адам санасының тарихи өткен сатыларын қысқаша қайталау ретінде қаралатын жеке адам санасының тарихи өткен сатыларын қысқаша қайталау ретінде қаралатын жеке адам санасының әр алуан сатыдағы дамуының бейнеленуі деп атауға болар еді), логиканы, табиғат философиясын, өзінің жеке-жеке тарихи бөлімшелері: тарих, право, дін философиясы, философия тарихы, эстетика жөне т.б. бойынша жасалған рух философиясын алсақ, - міне осы әр алуан тарихи салалардың әрқайсысында Гегель дамудың осы сала арқылы өтетін арқауын тауып көрсетуге тырысады. Ал Гегельдің шығармашылық данышпандығы ғана болып қоймай, оның үстіне энциклопедиялық оқымыстылығы да болғандықтан, оның айтқаны барлық жерде бірдей заман табысы болды. "Системаның" қажеттері оны зорлық конструкциялар жасауға екінің бірінде дерлік мәжбүр етіп отырғандығы өзінен-өзі түсінікті, бұл жөнінде оның түкке тұрғысыз дұшпандары осы кезге дейін сұмдық айқай-шу көтеріп жүр. Бірақ бұл конструкциялар оның тұрғызған ғимаратының жақтаулары мен құрылысқа пайдаланған сатылары ғана ғой. Кімде-кім ойларына оншалықты тоқталып жатпай, зәулім ғимараттың ішіне тереңдей енетін болса, ол адам оның ішінен осы күнге дейін өзінің толық құндылығын сақтап отырған қисапсыз қазынаға кездеседі"
5.Бүгінгі таңда Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады.
Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Әлбетте, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр.
Бұл орайда, ең әуелі, жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өзгерістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай-күйін атауға болады.
Рухани-мәдени салаға қатысты әзірге мұндай өзгерісті айта алмаймыз. Әрине, аталған саланы тұтастай нарыққа беру жөнінде әңгіме қозғалып отырған жоқ. Басты мақсат, мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады. Бұл орайда, елімізде 2014 жылдан бері қазақстандықтардың жоғары руханилығы мен мәдени ментальдығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда.
Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала. Оның мақсаты күшті әрі жауапты адамдардың Біртұтас ұлтын құру болып табылады. Мақала кіріспеден, «ХХ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Ең әуелі, ел Президенті тарапынан бүгінгі таңда адамзат қоғамы жинақтаған аса зор өркениет тәжірибесіне зерделі талдау жасау бойынша қыруар жұмыс жүргізілгенін көруге болады.
Біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларда өмір сүрген Қытайдың ежелгі ойшылы Конфуций адамның өмірі ең әуелі моральмен реттелуі тиіс екенін тұжырымдап берді. Бұған білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасатын дұрыс адамгершілік әдептердің ережесі ли ұғымын насихаттау негіз болды. Қытай өзінің жүздеген жылдардан бергі өмір салтында Конфуцийдің осы өсиеттеріне барынша адалдығын көрсетіп келеді.
Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді. Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталу мақаланың басты міндеті емес екенін ескеріп, біз екінші және үшінші жаңғырулар – «Прагматизм» және «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» назар аударсақ.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «әуелі экономика, содан кейін саясат» принципі баршаға таныс. Біздің ойымызша, оның сабақтаса дамуы қоғамдық сананы жаңғыртуда айқын көрінеді. Әлемнің жетекші елдерін табысқа жеткізген нақты прагматизм игілікке қол жеткізудің әмбебап кілті болып саналады. Дәл осының арқасында қоғамдық-экономикалық формация ретінде капитализм құрдымға кеткен социализмді біржолата жеңді.
Мақалада біздің ұлттық кодымыздағы прагматизмнің бар екендігіне дәлме-дәл негіздеме беріледі. Ұлы Даладағы қатаң табиғи жағдайлар мен шөлейтті жерлердегі тіршілікпен байланысқан көшпенділік дәстүрі ата-бабаларымыздың бойына табиғатпен үндескен өмір салтын, яғни прагматизмді қалыптастырды. Өткен ғасырлардағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына талдау жасай отырып, Елбасы радикалдық идеологияның заманы мүлдем келмеске кеткенін тұжырымдайды. Сол себепті, біздің болашаққа жасалатын ұранымыз реализм және прагматизм болмақ.
XIX ғасырда Германияның ұлы канцлері Отто Бисмарк Realpolitik мемлекеттік бағытын өмірге енгізді. Ол әр түрлі идеологиядан бас тартып практикалық тұжырымдарға басымдық берді. Сондықтан, Елбасының тұжырымы анық: біз жекелеген адамның және тұтас ұлттың мүмкіндіктері мен шектерінің аясында нақты мақсаттарға қол жеткізуді бағдарлауымыз керек.
2. Дәріс тақырыбы: Философия білім мен рухани қызметті ерекше түрі
1. Оқу нәтижелері - Білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға дербес бастама жасай алады;
2.Дәріс жоспары:
1.Философия білім мен рухани қызметті ерекше түрі
2.Философияның негізгі бөлімдері –онтология, гносеология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары
3.Философия және фәлсафа
4.Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары
3. Дәріс тезистері
1.Философия ғылымы туралы айтпастан бұрын, әуелі философияның не екендігін анықтап алуымыз қажет, өйткені бұл сауалдың өзі – философиялық мәселе. «Философия дегеніміз не?» деген сауал философия арнайы ғылым ретінде қалыптасқан сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін ғылыми дискурс аймағында өзекті түрде талқыланатын тақырыптардың бірі.
Философия – ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Ғылым болып табылатын себебі, арнайы ғылыми әдіснамалары мен әдістерінің болуы, осы ғылым тарихының арнайы қалыптасуы, теорияларын дәйектеуді және дәлелдеуді қажет ететіндігі т.б. болса, қоғамдық сананың формасы ретінде қабылдануы – қоғамның әрбір мүшесінің белгілі бір деңгейде кәсіби емес түрде болса да философиялық пайымдауларды бастан өткізетіндігінен-ақ анық байқалады, тіпті философиялық ой ойламайтын, ойламаған адам болмайды. Осы орайда, философиялық ой адам санасының ажырамас қасиетіне айналады. Сондықтан ол жалпы қоғамдық көпшілік сананың деңгейінде қарапайым формада болса да үнемі қылаң беріп отырады.
Бұдан оның дүниеге көзқарастық қыры ашылады. Философия мен философиялық ой өзінің объектісі болып саналатын дүние, әлем мен адам хақында белгілі бір деңгейде қажетті мағлұматтар мен ақпараттар тасқынын бере алады. Екіншіден, бұл үрдіс кезінде адам мен дүние толықтай қатысып, адамның шексіз танымының бір саласын құрайды. Ал өнер ретіндегі қыры – кең шығармашылық ойлауды қажет ететіндігі, өткенін жоққа шығармайтындығы, объектілерін зерделеу барысында мәселелердің бастапқы күйінен тамыр тартып қозғала беретіндігі т.б. Мәселен, әдебиеттегі махаббат, достық, ана сияқты тақырыптар мәңгілік болса, философиядағы субстанция, рух, ойлау сынды метафизикалық мәселелер де көне замандардан бері, бүгінгі күнге дейін толғанылу үстінде. Ал ғылым өткенін терістеп, сабақтастық бойынша ілгерілей түседі. Мәселен, дүниенің атомдарының соңғы бөлінбейтін бөлшек екендігі хақындағы көне замандардағы теория физика ғылымында қазір жоққа шығарылып, одан кейін атом құрылысы ашылып, тіпті оның шексіз ұсақ бөлшектерге ыдырай беретіндігі дәйектеліп отыр.
Философияның зерттейтін объектісі – жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлық мәнділіктердің қандай да болсын, болмыстың, танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы – жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді
.2. а)Онтология - болмыс философиясы 
«Адам - Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.
Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.
Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес, жемісті емес бағдарлануының формалары. «Ие болу» стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайылығы ретінде. «Болу» стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемістігі бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде
Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады.
«Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.
Болмыс – жаратылыстану мен адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.
Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.
Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған.
Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.
Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.
Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз дүние», «жалған дүние» деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.
Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді.
Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.
Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.
Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.
Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.
Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.
Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері – деп бағалаған бейсаналық та орын тепкен.
Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.
Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет