Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті


Амфиболия ( гр. amphibolos — екі ұштылық, екі ұдайлық) — тілмен өрнектеу негізінде пайда болатын логикалық қателік. Эквивокация



бет4/6
Дата02.03.2023
өлшемі73,59 Kb.
#71332
1   2   3   4   5   6
Амфиболия ( гр. amphibolos — екі ұштылық, екі ұдайлық) — тілмен өрнектеу негізінде пайда болатын логикалық қателік.
Эквивокация — бір сөздің түрлі мағынада қолданыла беретіндігінен кететін логикалық қателік. Эквивокация шешендік әдеби тәсіл ретінде жиі қолданылады. Логикада бұл тәсілді "ұғым алмастыру" деп те атайды. Мысал үшін, төмендегі пікірді алайық: "Барлық жанартау — тау, ал барлық гейзерлер — жанартау болады".
Бұл қорытынды ("барлық гейзерлер — тау") дұрыс емес, өйткені гейзерлердің тау емес екені белгілі. Мұндай жалған қорытындының шығу себебі — пікірде Тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни логикалық қате жіберілген. Міне, ұғымды алмастыру дегеніміз осы. Ұғымның мазмұнын дұрыс түсінбегендіктен туатын "ұғымдарды алмастырып алу" қатесі логикада паралогизм деп те аталады, яғни паралогизм білместіктен туатын қате.
Логомахия — пікірталас кезінде оған қатысушылардың, талас тудырған ұғымды анықтай алмауларына байланысты, бір түйінге келе алмауы.
Тепе-теңдік заңынан маңызды талап туындайды: әр түрлі ойларды теңестіруге болмайды, тепе-тең ойларды Тепе-теңдіксіз ойлар ретінде қарастыруға болмайды. Осы талап қаншалықты айқын болғанымен, пікір кезінде жиі бұзылады. Бұл талап жоғарыда айтқан эквивокацияға тән құбылыс.
Сонымен, тепе-теңдік заңы логикалық ойлаудың ең маңызды талаптарының бірі — анықтықты көрсетеді.

Қайшылықсыздық заңы.


Ғасырлар бойы жинақталған адамзат тәжірибесінен нәрселермен құбылыстардың қасиеттері өзара байланыста болатыны байкалған. Мысалы, бір заттың түсі сары болса, нақ сол кезде және сол жағдайда оның түсі қара болуы мүмкін емес екенін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде оның бұтаққа қонып отыруы мүмкін емес екендігін адамдар әлде қашан байқаған. Заттардың осы сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты белгісі ретінде санасына орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті нақ сол жағдайда және сол кезде ол заттың өзінде бірден болуы да және болмауы да мүмкін емес болса, онда дұрыс ойлауда да бір мезгілде, бір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-қарсы екі түрлі пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды. Дұрыс ойлаудың бұл заңы логикада қайшылықсыздану заңы деп аталады. Демек, бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, оның бірі жалған болады. Мысалы, "Осы өзен Ертіске құяды" және "Осы өзен Ертіске құймайды" деген екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, егер екі пікір де осы өзенге қатысты болса.
Қарама-қайшылық ойды бұзып, таным үдерісін ауырлатын жібереді. Ойлаудың қайшылықсыз талабы формалды логикалық қайшылықсыздық заңын бейнелейді. Бұл заң мынадай формулада: А және А емес, яғни бір-бірін жоққа шығарып тұрған екі ой бірге ақиқат бола алмайды.
Қайшылықсыздық заңы бір уақытта, бір тұрғыдан айтылған қарама-қарсы екі пікірдің екеуі бірдей ақикат болуын теріске шығарады. Бірақ бұдан оның екеуі де жалған пікір болуы мүмкін деген түсінік шықпайды. Мысалы, мынадай: "Біздің сыныптағы оқушылардың бәрі үздік" және "Біздің сыныптағы бірде-бір оқушы үздік емес" деген қарама-қарсы пікірдің екеуі бірдей ақикат болуы мүмкін емес, бірақ оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: "Біздің сыныптағы кейбір оқушылар — үздік" деген акиқат пікір шығады. Сөйтіп, қайшылықсыздық заңы қарама-қарсы екі пікірдің біреуінің немесе екеуінің бірдей жалған екені жайлы сөз қылмайды.
Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды деген қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, қайшылықтың екі түрлі болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын формалды-логикалық қайшылықтарды өмірдің өзінде болатын диалектикалық деп аталатын қайшылықтардан ажырата білу кажет. Қайшылықсыздық заңы диалектикалық қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек дұрыс пікір қайшылықтарына ғана қарсы, өйткені бұл соңғы ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылықсыздық заңы дұрыс ойлаудың негізгі сапаларының бірі — дәйектілікті талап етеді. Бұл заңды саналы түрде қолдану тек бөтен адамдардың ойларында орын алған қайшылықтарды ғана емес, сондай-ақ өз ойлау, пікірлерінде кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап, түзетуге, сөйтіп, өз пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді.
Үшіншіні ескермеу заңы. Үшіншіні ескермеу заңын мынадай формулада көрсетуге болады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды: оның бірі — міндетті түрде ақиқат, бірі — міндетті түрде жалған, үшінші пікір алынып тасталады, ал ақиқат не (А), не (А емес) болады.
Үшіншіні ескермеу заңы біздің ойлауымызда маңызды талаптарды қалыптастырады: бір-біріне қайшылықты екі ойдың бірінің ақикаттығын танудан бас тартпау және олардың арасынан үшінші бір нәрсені іздемеу керек.
Үшіншіні ескермеу заңы қайшылықты пікірге байланысты ғана әрекет етеді және төмендегі формадағыдай құрылады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды, оның бірінің ақиқаттығы қажет. Бұл заңның формуласы: (А бар не В не В емес).
Бір-біріне қайшы келетін пікірлер әрқашан баламалы болады, яғни екі мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкінділіктер бірін-бірі теріске шығарады. Егер бұл пікір баламалы болмаса, онда олар бір-біріне қайшы емес, ол пікірге үшіншіні ескермеу заңы қолданылмайды.
Үшіншіні ескермеу заңы ұстанымсыздыққа қарсы бағытталған. Бұл заң бір мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көзқарастарды шатастыруға қарсы бағытталған заң. Бұл заңның сот, тергеу ісінің практикасында қандай ерекше маңызы бар екенін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кесімді түрде шешуді талап етеді. Заңгер істі "не олай", "не бұлай" шешуі тиіс. Факті не расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер не кінәлі немесе кінәлі емес деп кесіл айтуы тиіс.
Ал үшіншіні ескермеу заңы бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады. Жеткілікті негіз заңы. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар себеп-салдар байланысында болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды, яғни себепсіз салдар болмайды.
Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың еткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғат пен қоғамда ешбір құбылыс пайда болмас еді.
Нәрселер мен құбылыстардың объективтік дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген. Жеткілікті негіз заңы — әрбір ақиқат, ой жеткілікті негізделуі тиіс деп тұжырымдалады.
Белгілі бір ақиқат ойды білдірсек, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек, яғни шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуіміз тиіс. Мысалы, айыпталушыға белгілі бір кінә таққан кезде айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығын негіздейтін қажетті дәлелдер келтіруі тиіс. Олай болмаса, табылған кінә негізсіз болып шығады. Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады.
Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларды алуға болады: ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірибесін, жеке фактілерді келтіруге болады. "Бұл қылмысты жасаған Н. деген адам" деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасалғанын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәландыруы арқылы дәлелденеді. Адамның жеке басының тәжірибесінің өрісі тар. Сондықтан адам өз қызметінде басқа адамдардың тәжірибесіне, тағы басқа сүйенеді. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауда, тағы басқа жиі қолданылады.
Жеткілікті негіз заңының ойлау үдерісінде аса зор теориялық және практикалық маңызы бар. Біреуді өзіміздің айтқандарымыздың ақиқаттығына сендіру керек. Бір пікірді дәлелдеу дегеніміз — оны негіздеу деген сөз, яғни жеткілікті негіз ретінде ғылымда және практикада дәлелденген ақиқатқа жататын басқа пікір келтіру керек.
Жеткілікті негіз заңы — еш нәрсемен дәлелденбеген пікірге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға қарсы, әр түрлі діни нанымдарға, ырымшылдық пен жоқ нәрсеге сенушілікке қарсы бағыт.
Жоғарыда қарастырылған төрт заң дұрыс ойлауға қойылатын айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптарының жалпы көрінісі. Сондықтан дұрыс ойлаудың бұл жалпы заңдары ойлаудың ұғым, пікір, ой қорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, ұғымдардың арасындағы қатынастарды, ұғымды анықтағанда, пікірлер арасындағы қатынастарды, ой қорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, тағы басқа бұл заңдарды қолданамыз. Осыған байланысты бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын меңгеріп, біліп алған жөн.
Г)Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның“Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Д) "Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастардыреттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу кажеттілігі мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары — ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі аспектілері қарастырылған.
Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқару процесінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып табылады. Демек саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі — саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты өмір сүріп отырған адамдар өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, саясаттың белгілі бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы — оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен биморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы — осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді.
Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады.
Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді.
Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын жасыра білу, моральдық релятивизм, өз әрекетін қажетінше ақтай алу секілді белгілі бір моральдық аспектілерді де қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі "саясат" ұғымына енеді. Саясаттың бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат — лас тірлік" деген формуладан көрініс табады.
Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез — құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.


Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын' орнықтырды. Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады. Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерінен, ал эстет. сезімдер мен талғамдарды – биол. заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т.б. мәселелерде көтерілді. Қазіргі философия ғылымында Эстетикамәселесі мен міндеттері көбінесе мына жәйтпен айқындалады: адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады: 1) объективті шындықтағы эстет. ұғым; 2) субъективті эстет. үғым (эстет. сана); 3) өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде). Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет