Тұрғылықты жерлерді жоспарлау негіздері. Қала территориясы өзінің функционалды тағайындалуы бойынша келесі аймақтарға бөлінеді: селитебті (тұрғындық); өндірістік; ландшафты-рекреациялық (қалалық ормандар, орманды қорғау аймақтары).
Қалаларды жобалауда, өндірістік және селитебті аймақтардың өзара орналасуын анықтағанда маңызды, басыңқы желдердің бағытын ескеру қажет. Ол үшін «желдер бағытын» тұрғызады.
Селитебті аймақ қалалық орталыққа, тұрғындық аудандарға, тұрғындық аудандардың құрамына кіретін, ықшам аудандарға бөлінеді.
ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және тұрғызу» сәйкес санитарлық және өртке қарсы нормалармен анықталатын, үзінді деп аталатын ғимараттар арасында арақашықтық сақталуы тиіс; мысалы, 2–3 қабатты биіктікті тұрғындық ғимараттардың ұзын жақтарының арасындағы арақашықтық (тұрмыстық үзінділер) 15 м кем емес, ал 4 қабатты биіктікте –20 м кем емес, тұрғындық бөлмелерден терезелері шығатын ғимараттардың ұзын жақтары мен бүйірлері арасындағы –10 м кем емес етіп қабылдануы тиіс. Көрсетілген арақашықтықтарды, егер терезеден терезеге тұрғындық бөлмелердің (бөлмелердің және ас бөлмелердің) көрінбеуі қамтамасыз етілсе, инсоляция мен жарықтандыру нормалары сақталғанда қысқартуға болды.
Ғимараттың негізгі конструкциялық элементтері.Ғимараттың барлық конструкциялық элементтері көтеруші және қоршаушыболып бөлінеді. Мұндай бөліну, құрылыс кезінде және пайдалану үрдісінде пайда болатын күштер мен әсерлерді қабылдағанда, ғимарат құрылымындағы бұл элементтердің тағайындалуына, олардың жұмыс жағдайларына байланысты.
Ғимараттың көтеруші конструкцияларының тағайындалуы – ғимаратта пайда болатын күштік сипатты күштер мен әсерлердің барлық түрлерін қабылдау және іргетастар арқылы топыраққа беру. Мұндай конструкцияларға, мысалы, іргетастар, қабырғалар жатады.
Ғимараттың қоршаушы конструкцияларының тағайындалуы – ғимарат кеңістігін сыртқы ортадан оқшаулау, кеңістікті бөлек бөлмелерге бөлу және күштік емес сипатты әсерлердің барлық түрлерінен оларды қорғау. Мұндай конструкциялардың мысалы ретінде аралық қабырғалар, төбе жабындысы, терезелер болып табылады.
Кейбір конструкциялық элементтер біруақытта көтеруші және қоршаушы функцияларын атқарады, мысалы сыртқы және ішкі көтеруші қабырғалар біруақытта аражабын плиталары үшін вертикальды тіректер және қоршаушы конструкциялар болып табылады.
Азаматтық ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері төменде көрсетілген (2–сурет).