Кіріспе Сыртқа шығару процестерне жалпы сипаттама


Несептің құрамы менқасиеті



бет3/5
Дата14.09.2023
өлшемі110,5 Kb.
#107798
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-13174

Несептің құрамы менқасиеті
Несеп құрамына мочевина, несеп қышқылы, креатинин және басқа белоктық ыдырау өнімдері, органикалық емес тұздар кіреді. Несеп түсінің сарғыш болуы құрамындағы пигмент — урохром, уробилин сияқты заттарға байланысты. Несептін, рН әлсіз қышқылдық болады, бірақ тамақтану процесіне қарай өзгеріп тұрады. Түзілетін несептің мөлшері организмге түскен судын. Мөлшеріне байланысты; орта есеппен бір тәулікте 1,5 л, сыбағалы салмағы 1,010— 1,025 болатын несеп жасалады. Несептің мөлшері азайса, құрамындағы қатты заттардын, концентрациясы көбейіп, сыбағалы салмағы артады. Әдетте жоғарыда көрсетілген мөлшерден несептіқ сыбағалы салмағы көп арта қоймайды.
Несеп жасалу механизмі. Шумлянский-Боумен капсуласының кеңістігінде қаннан сүзілу арқылы қан плазмасына ұқсас коллоид заттарынан ажыратылған алғашқы несеп жасалады. Капсуланың қабырғасында өте кішкене тесіктер болады. Бұл тесіктер арқылы мальпигий шумағынан молекулалық салмағы 70000 артық заттар өтпейді. Қалыпты жағдайда қызмет жасап тұрған бүйректін
8
капсула тесігінен каналдарға 1 % альбумин, ал гемолиг уақытында 5% гемоглобин өтуі мүмкін. Негізі капсуланың кеңістігінде жасалған алғашқы несептін, құрамында белок болмайды. Мальпигий шумағынан өтетін плазманың 1/6—1/10 бөлігі сүзіліп капсула кеңістігіне түседі.
Плазманың коллоидтары (негізінде белоктар) тудыратын онкотикалық қысым алғашқы несептің сүзілуін қиындатқанымен мальпигий шумағындағы капиллярлардын, қан қысымы плазма коллоидтарынын," суды ұстау қабілетінен жоғары болады.
Шумлянский-Боумен капсуласынын, кеңістігіне сұйықтық сүзіліп өтуі мальпигий шумағын құрайтын капиллярлардың қан қысымы мен кеңістік ішіндегі қысым теңескенше жүреді. Мальпигий шумағында қанның қысымы 60—70 мм с. б. Ал плазмадағы коллоид-осмос қысымы 30 мм с б Осы екі қысымның айырымы (40 мм с. б.) фильтрация (сүзілу) қысымы деп аталады. Егер қанның қысымы күрт төмен түссе, несеп жасалу азаяды немесе тіпті тоқталады.
Капсула кеңістігінде жасалған алғашқы несеп одан әрі каналдармен аққанда олардың қабырғасы арқылы су және организмге керекті, мысалы еріген кейбір тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т. б. кері заттар қанға өтеді. Каналдарда нағыз немесе соқғы несеп жасалады Керісіңу — реабсорбция деп аталады. Адамда реабсорбция жүретін бүйрек каналдарының ауданы 6 м2.
Капсулаларда қан құрамында еріген заттары бар су өте көп мөлшерде сүзіледі. Алғашқы кесеп жасалғанда, қанның көп мөлшерде суынан айырылуы уақытша ғана жағдай өйткені нағыз (соңғы) несеп жасалу процесінде несеп каналдарының қабырғасынан су қанға кері сіңеді; организмге сырттан су енгізуді керек етпейді. Реабсорбция процесі бүйректің несеп жүретін каналдарының қабырғасын құрайтын
9
эпителий клеткаларының спецификалық активті жұмысы арқылы іске асады. Сонымен, несеп жасалу механизмі бірінен соң бірі жүретін екі процестен тұрады: фильтрация және реабсорбция.
Несеп жасалғанда бүйрек өте көп энергия жұмсайды, ал оч энергия бүйректегі өте жедел жүретін тотығу процесінен босап шығады. Энергияның көпшіліп реабсорбцияға кетеді Реабсорбция арқылы су ғана толық кері сіңеді. Судың кері сіңуі диффузия мен осмосқа байланысты пассивті түрде болады. Ал хлоридтер мен глюкоза активті реабсорбцияланады.
Каналдарда калий және кальций иондары 90%, несеп қышқылы 80%, фосфаттар 55%, натрий және хлор иондары 40% кері сіңеді. Өте аз мөлшерде сульфаттар, креатинин және мочевина да қанға өтеді.
Су каналдардық қабырғасынан кері сіңгендіктен соңғы (нағыз) несептің мөлшері, алғашқы несептен әлде қайда аз болады. Ал құрамындағы организмге керек емес заттардың концентрациясы көп болады.
Несеп жасалу процесін жақсы түсіну үшін, қаннын, плазмасы мен несептің құрамындағы заттардың концентрациясын салыстыру керек.
Таблицаны пайдалана отырып, 1 дмг соңғы (нағыз) несеп жасалу үшін қаннан қандай мөлшерде алғашқы несеп капсулаға сүзілуі керек және оның кандай мөлшері каналдарда кері сіңуі керек екендігін есептеп шығаруға болады.
Сульфаттар концентрациясы соңғы несепте басқа шығарылатын заттармен салыстырғанда көп болғандықтан, кері сінудін, көрсеткіші етіп сульфаттарды аламыз. Сульфаттар концентрациясы 90 есе артады. Ендеше 1 дмг нағыз несеп 90 дмъ қаннын, плазмасынан жасалады. Сонда сульфаттар каналдарда кері сіңбейді, нағыз несеп құрамымен организмнен толық шығарылады. Адамда мальпигий шумағында минут сайын қан плазмасынан капсула кеңістігіне сүзілген 120 см3 сүйықтың каналдар
10
қабырғасынан 103 смъ кері сіңеді.
Алғашқы несептің құрамы 2 топқа бөлінеді:
1) табалдырық (порог)
2) табалдырық емес заттар.
Соңғы несептің құрамымен қанда концентрациясы керекті мөлшерден артық заттар шығарылса, олар табалдырық заттары деп аталады және олардың қандағы концентрациясы керекті мөлшерде ғана болса, ол заттар нағыз несептің құрамына кірмейді.
Табалдырық заттарына — қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қышқылы жатады. Бұл заттар каналдарда кері сіңеді, сүйтіп организмдегі зат алмасу процесіне қатысады. Бүйрек бұл заттардын, қандағы қажетті концентрациясынын, сақталуын реттейді. Егер қанға ИаСІ тұзын шамадан тыс енгізсек, керекті мөлшерде артығы соңғы несептін, құрамына кіреді. Сонымен бүйрек плазмадағы электролиттердің тұрақты концентрациясын сақтайды екен.
Табалдырық емес затар каналдардан кері сіңбейді дс, организмнен толыққа жақын нағыз несеп қүрамымен шығарылады. Оларға сульфаттар, креатинин, мочевина жатады.
Фильтрация мен реабсорбция теориясы несеп жасалу процесін толық түсіндіре алмайды. Мальпигий шумағындағы фильтрация продесі олардың клеткаларыньщ активті қызметі деп түсіну керек. Өйткені наркотикалық заттардың әсерінен мальпигий шумақтарындағы фильтрация процесі төмендейді.
Ескеретін бір жәй, бірінші катардағы ирек каналшаларда жоғарыда айтылған диффузия, осмос және активті түрде кері сіңу процестеріне байланысты несеп қанмен изотониялы боладьі. Мұның механизмі мынадай: Алғашқы несептен глюкоза, натрий, калий, кальций және т. б. заттардың ткань сұйықтығына және қанға өтуінен бұлардың
11
осмостық қысымы жоғарылайды да, каналшадағы осмос қысымы төмендейді. Осы осмос қысымдарынын, айырмашылығына байланысты алғашқы несептен су ткань сұйықтығы мен қанға көптеп өтеді. Бұл пассивті процесс органикалық және анорганикалық заттардын, активті транспортымен қатар жүреді. Судын, кері өтуінен бірінші қатардағы ирек каналшалардағы несептін, осмос қысымы ткань сұйықтығы мен қанның осмос қысымынын, дегейіне дейін төмендеп онымен тікеседі. Генле ілгегінде несептін, изотониялығы бұзылады. Өйткені, мұнда ерекше механизм — бұрылысты — ағысқа кері система — қызмет етеді. Бұл система жұмысынын, мәнісі — ілгектің, екі иінінің төмен қарай ке-тетін (проксимальды) және жоғары қарай бағытталатын (дистальды) иіндердін, бір-біріне жанаса орналасып тұтас бір механизм ретінде өзара байланысты қызмет атқаратындығында.
Проксимальды бөлімінін, эпителийі суды өткізеді де, керісінше натрий иондарын өткізбейді. Ал дистальдық бөлімнін, эпителийі натрий иондарын активті түрде ткань сұйықтығына реабсорбциялайды да, бірақ суды олай қарай жібермейді (өткізбейді) екен. Генле ілгегінің проксимальды бөлімі арқылы жүретін несеп өз құрамындағы суды жоғалтатындықтан біртіндеп қоюлана береді. Бүл жерде судың өтуі пассивті процесс. Өйткені ілгектің қатар орналасқан дистальды бөлімі ткань (интерстициялық) сұйықтығына натрий иондарын активті түрде реабсорбциялайды өткен натрий иондары өзіне суды дистальдық бөлімнен емес, проксимальдык бөлімнен тартатын көрінеді. Міне осыдан бұл бөлім арқылы жылжу барысында несеп біртіндеп қоюлана келіп, ілгектің иілетін ұшында ең жоғарғы концентрациясына жетеді. Несептің осындай жоғарғы концентрациясы дистальдық бөлімде натрий иондарының одан ткань сұйықтығына өтуіне себепкер болады. Себебі бұл бөлім эпителийі натрий иондарын сыртқа қарай активті өткізеді де, суды өткізбейді. Натрий иондарының көптеп өтуінен ткань сұйықтығының осмос қысымы
12
жоғарылайды да, бұрын айтқанымыздай, бүдан проксимальдық бөлімнен судың іштен сыртқы ортаға өтуі күшейеді. Сөйтіп, проксимальдық бөлімдегі несеп құрамынан судың сыртқа етуі дистальдық бөлімде натрий иондарының ткань сұйықтығына өтуін қамтамасыз етеді, ал дистальдық бөлімнен сыртқа еткен натрий иондары өз тарапынан проксимальдық бөлімде судың реабсорциялануына жағдай жасайды. Бұл екі процесс қатар жүреді. Натрий иондарының несеп құрамынан кетуіне байланысты ілгектің иілісінде гипертониялык, болған несеп дистальдық бөлімнің (жоғары қарай бағытталған иіннің) аяқ жағында изотониялық, тіпті гипотониялық қысымы бар (қан плазмасын салыстырғанда) ертіндіге айналады.
Екінші қатардағы ирек каналшаларда натрийдің, калийдің, судың, тағы басқа заттардың кері сіңуі жалғасады. Бірінші қатардағы ирек каналшалар мен Генле ілгектеріндегі натрий және калий иондарыньің реабсорбциясыньың шамасы тұрақты болса (міндетті реабсорбция), екінші қатардағы ирек каналшаларда бұл процесс шамасы өзгермелі (факультативтік реабсорб-ция) болады. Бұл натрий мен калийдің қандағы концентрациясына байланысты және олардың организмдегі мөлшерінің тұрақтылығын сақтауда маңызды реттеуші механизм болып есептеледі. Сонымен бүйрек каналшаларынан жинағыш түтіктерге көп мөлшерде сүйық несеп түседі де, онда концентрленеді, сондықтан да бүйрек астаушасьша тәулігіне 1—1,5 л. несеп түседі. Гипотониялық несептің концентрленуі негізінен судың сіңуі есебінең жүреді, өйткені жинағыш түтіктер қабырғалары суды жақсы өткізеді, әрі олар ткань сүйықтығының осмос қысымы жоғары бөлімі — бүйректің ми қабатының интерстициальдық ткань бойлап өтеді.
Несеп каналдарында реабсорбциямен қатар кейбір заттардың секрециясы да жүреді. Мысалы, гиппур қышқылі қанда жоқ, ал нағыз несептің қүрамында болады. Сондықтан да, бүйректегі несеп жасалу
13
процесі тек жай ғана қысым айырымына байланысты орындалатын фильтрация және реабсорбциядан тұрмайды. Несеп жасалу процесі, бүйрек тканінің қызметі организмнің физиологиялық жағдайына байланысты әр түрлі дәрежеде өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет