Несептің шығарылуы. Несеп жасалу процесі үздіксіз жүреді. Иағыз несеп жинағыш түтіктер арқылы бүйрек астаушасына бірте-бірте жиналады. Толған астауша жиырылып, несепті несепағарға шығарады. Жи-ырылу толқыны несепағардың қабырғасына жайылып, одан әрі 1 секундта 2—3 см жылдамдықпен қуыққа барады. Несеп жасалу мөлшеріне байланысты жиырылу толқынының жиілігі өзгеріп, 10—20 секундта қайталап отырады. Бүйрек астаушасынан несеп қуыққа келеді. Ересек адамның қуығының келемі 350—500 см3. Ал жаңа туған баланың қуығының көлемі кішкентай болады, бала есейген сайын қуықтың көлемі өседі. Қуық — несеп жиналатын орган. Бұл несепке толғаннан кейін босатылып тұрады. Қалыпты жағдайда қуық қабырғасынан су кері сіңеді. Қуық бірте-бірте несепке толған сайын қабырғалары керіліп, сфинкторларының жиырылуы күшейе түседі. Несеп шығару процесі
16
кезінде қуықтың қабырғасын қүрайтын еттер бірден қатты жиырылады, сфинктор босаңсиды.
Бірыңғай салалы ет талшықтарынын, кернеуін өсірмей пішіні өзгертетін қасиетіне байланысты, несеп аз болса, қуықтың ішіндегі қысым аса жоғарыламайды. Сондықтан да, несеп қуықтан несепағарға көтерілмейді, кері ақпайды, бүйрек астаушасында да, қысым бір шамада болады.
Қуыққа жиналған несептің мөлшері мен оны қысымының артуының арасында белгілі шекке дейін тікелей пропарция жоқ. Қуықты несепке толуын, қабырғасының созылу жылдамдығын оны құрайтын ет массасы детрузорлар тонусы анықтайды. Қуықтьщ қабырғасы қатты созылса да, ішіндегі қысым аса жоғарыламауы мүмкін.
Детрузор тонусы езгермелі болғандықтан, қуықтың ішіндегі несептің мөлшері де, соған байланысты әр түрлі элементерде жиналады. Детрузорлардың мұндай қасиеті несептің куық ішінде ұзақ уақыт сақталуына мүмкіншілік береді. Қуық сфиикторлары несеп қысымы 15—16 см су бағанасы шамасында ашылып, несепті шығара бастайды. Адам қуығында мұндай қысым 250—300 см3несеп көлеміне тең. Несеп рефлекторлық жолмен шығарылады. Несеп жиналған сайын қуықтың ішкі сфинкторы созылады. Қуық көлемінің үлкеюі, ішіндегі қысымның артуы қуық сфинкторының және несеп шығаратын каналдың кілегей қабатында орналасқан көптеген рецепторларын тітіркендіреді. Рецепторларда пайда б.олған қозу толқыны орталыққа тебетін нервтер арқылы жұлынға жеткізіледі.
Орталықтан тебетін импульстер парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы келіп, қуықтың, сфинкторлардың және несеп шығаратын каналдардың жиырылуын реттейді. Қуықты және оның сфинкторларын жабдықтайтын парасимпа-тикалық нерв талшықтарының
17
көпшілігі жұлыннан шығатын жамбас нервінің құрамына кіріп, қуықта орналасқан нерв түйіндерінде үзіліс береді. Жамбас нервтері детрузор еттерді жиырылтып, сфинкторларды босаңсытады. Несеп ағарды және қуықты жұлыннан төменгі шажырқай-құрсақ нерв түйіні арқылы өтетін құрсақ асты нервінің симпатикалық нерв талшықтары да жабдықтайды. Симпатикалық нервтер қуық детрузорларын босаңсытып, сфкнктор еттерінің тонусын жоғарлатады, сөйтіп несеп қуыққа қайта жиыла бастайды.
Қуық еттерінің тонусы қандағы нейрогипофиз гормондарынын, әсерінен гуморальдық жолмен де реттеледі. Несеп шығаратын каналдың қабырғасының еттері симпатикалық нерв талшықтарынан келген импульс арқылы жиырылады. Ал жамбас нервтерінің импульсі несеп шығаратын, каналдын, еттерін босаңсытады. Несеп шығаратын каналдың сфинкторлары келденең жолақ ет талшықтарынан тұрады. Олардың қызметін үлкен ми сықарлары қыртысы да реттейді. Несеп шығару процесінің нерв орталығы жұлынның бел-құйымшақ белімінде жатады. Егер бұл орталық бүлінсе, қуықта несеп тоқталмайтын болады. Шамалы уақыттан кейін қуықтың тонусы қайтадан бұрынғы қалпына келеді, бірақ детрузор еттерде әлсіздік пайда болады.
Жұлындағы және үлкен ми сыңарларының қыртысын-дағы несеп шығару орталықтарымен байланыс үзілсе де, қуықта несеп тоқталмайды, бұл қуық еттерінің автоматиялық қасиетінің бар екендігін дәлелдейді. Организмнен бөілініп алған қуық та өзінің жиырылу қасиетін сақтайды. Қуық еттерінің автоматизмі, ондағы орналасқан көптеген нерв торларының қатысуымен орындалады.
Жаңа туған жас балада несеп шығару процесі қуық жү-лыннан шығатын импульстер арқылы рефлекторлық жолмен босатылады. Себебі, үлкен ми сыңарларындағы несеп шығару нерв орталықтары толық дамымағандықтан, несепті кідіртетін импульс қуыққа келмеиді жас
18
ерекшелігіне белгілі бір уақытта нссеп шығару шартты рефлексін жасау өте ауыр болады. Бала өскен сайын, үлкен ми сьщарларынын даму нәтижесінде несепті қуықта үстау рефлексі паида бола бастайды. Жастарда бұл шартты рефлекс берік болады, бала ұйықтап жатқанда да несеп үлкен ми сыңарлары қыртысындағы несеп- шығару орталығының импульссіз шығарылмайды.
Опталық нерв системасының даму процесі бүлінсе, несеп шығаруды шартты рефлексінің дамуы да толық жүрмейді. Мысалы: кейбір оқу жасына деишп, тшті оқу жасындағы балаларда және орталық нерв системасьі ауыр жаракаттанған үлкен адамдарда несеп шығару күндіз
ұсталғанмен түнде ұйқтағанда ұсталмайды, мұндай жағдада үлкен ми сыңарлары қыртысының реттеу процесі бұзылғаны деп есептелінеді.