Кіріспе Сыртқа шығару процестерне жалпы сипаттама



бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі110,5 Kb.
#107798
1   2   3   4   5
4
Негізгі бөлім
Несеп шығару жүйесі
Жануарлар дүниесінің өкілдерінде зат алмасу процесі бірдей жүрмегендіктен, оның соңғы ыдырау өнімдерінде айырмашылық болады.
Углеводтар мен майлардың диссимиляциясында көмір қышқыл газы, сумен қатар толық тотықпау нәтижесінде жаңа ораникалық қышқылдар пайда болады. Мысалы, қымыздық, сүт, ацетон-сірке т. б. қышқылдар, сонымен қатар альдегидтер, кетондар түзіледі.
Жануарлардың түрлі топтары өкілдерінде осы түзілген заттардың әрқайсысы әр түрлі мөлшерде шығарылады. Мысалы, дені сау адамда ыдыраудың зиянды өнімдері өте аз түзіледі, ссбебі углеводтар мен майлар адам организмінде толық тотығады.
Белок алмасу процесінің ыдырау өнімдері әр түрлі жануарлар тобында әр қилы болады. Оларда әр түрлі мөлшерде кемір қышқыл газы және сумен қатар аммиак, мочевина несеп қышқылы, креатинин, тағы басқа құрамында азоты бар заттар пайда болады. Оның ішінде қорғағыш синтез нәтижесінде улы бензой қышқылы сүтқоректілерде гиппур қышқылына айналып, несеп арқылы организмнен шығарылады, ал ол құстарда — орнитур қышқылына айналады. Белок алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдеріне — құрамында күкірті бар органикалық заттар да жатады. Мысалы, құстарда — сульфаттар, ал сүтқоректілерде күкірт қышқылы т. б.
Зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдерінің түрлері (әсіресе азот алмасуда) жануарлардың өмір сүріп тұрған орталығына байланысты. Амин қышқылдарының дезаминденуінде бөлінген аммиак өте кауіпті улы зат, организмнен дереу шығарылып тасталуы қажет. Суда емір сүретін жануарлар организмінде пайда болған азот аммиак күйінде сыртқа
5
шығарылады. Теңіз суында тіршілік ететін омыртқасыздар денесінің сыртқы қабығы арқылы сумен бірге азотты заттар сыртқа жақсы өтеді. Оларда азотты заттардың көпшілігі аммиак түрінде диффузия жолымен организмнен шығарыла алады. Тұщы суды мекендейтін жануарлардың (омыртқасыздар және сүйекті балықтар) ішкі сұйық ортасының осмос қысымы, сыртқы тіршілік етіп түрған ортасынан жоғары болғандықтан, шала өткізгіш — сыртқы қабығы арқылы су организмге үздіксіз өтіп отырады. Ал экскреторлық қабықшалар арқылы өткен сумен бірге аммиак және басқа экскреция заттары шығарылады.
Теңіз балықтарында да аммиактың концентрациясы ішкі сұйық ортада көбеймейді, өйткені сүйекті балықтарда үшметиламин, ал шеміршекті балықтарда мочевина сияқты усыз қосылыстарға айналады. Қос тынысты балықтарда су мөлшері жеткілікті болса, суға аммиакты өте көп бөлінеді, ал су жеткіліксіз болса мочевина синтездейді.
Құрлық жануарлары суды көп қабылдап және шығара алмағаңдықтан, олардың организмінің сүйық ортасында зат алмасу процесінің қүрамында азоты бар ыдырау өнімдерінің концентрациясы артады. Олардың организмінен азот көбіне мочевина күйінде бөлініп шығады. Насекомдарда, құстарда және бауырымен жорғалаушылардың көпшілігінде азот негізінен несеп қышқылы күйінде сыртқа шығарылады. Мұндай айырмашылық олардың змбриональдық даму жағдайымен байланысты. Жыланның, кесірткенің және құстардың жұмыртқасының қабықтары суды өткізбейді, сондықтан да ондағы зат алмасу процесінің ыдырау енімдері сыртқа шығарылмайды. Осы жағдайда егер аммиак суда жақсы еритін мочевинаға айналса, жұмыртқаның ішінде мочевина концентрациясының көбеюіне байланысты осмос қысымы жоғарылап, тіршілік процесі қиындар еді.
6
Сол себептен оларда аммиак несеп қышқылына айналады, өйткені несеп қышқылы суда ерімейді, аллантоиста кристалл күйінде жинала береді. Зат алмасу процесінің ыдырау өнімдерінің мұндай жолмен шығарылуы жануарлар үлкейгенде де сақталады.
Тіпті бірқатар омыртқасыздарда тіршілік процесінде бөлінген несеп қышқылды натрийді өзінде жинайтын клеткалар да бар. Кейбір ұлуларда мұндай клеткалар оның денесінде шашырай орналасады. Капуста көбелегінде несеп қышқылы ақ тозаң күйінде қанаттарында жиналады.
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің айрықша өзгешелігі бар. Қыртыс қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянский-Боумен капсуласына кіріп, онда 30—50 капиллярға тарамдалып, мальпигий шумағын құрайды. Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды. Әрбір капиллярдың ұзындығы 0,5 мм шамасындай. Осы капиллярлар жиналып артериялық әкетуші тамыр құрайды. Оның диаметрі әкелуші тамырдан 2 есе тар болады. Шумақтан шыққан тамыр ирек қаналшалар мен ілгек тұсында кайтадан тарамдалып, екінші рет капилляр торын құрайды. Осыдан соң ғана капилляртамырларындағы қан вена торына жиналып, одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ капиллярларында қанның, қысымы әр уақытта да басқа органдардағы капиллярлардағыдан жоғары болады. Себебі, әкетуші тамырдың диаметрі тар, әрі ол одан да жіңішке капиллярларға тарайды және бүйрек артериясы құрсақ қолқасынан шыққандықтан қысқа болады. Бүйрек қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі.
Басқа органдармен салыстырғанда оған қан 20 есе көп келеді. Бүйрек қан тамырлары минут сайын әр бүйрекке 750 смъ қан жеткізеді. Сонда бір минутта жеткізілетін қан келемі бүйректің ез салмағынан бірнеше есе көп екенін көреміз. Бір тәулікте адамның бүйрек қан тамырларынан 1700 дм3 қан ағып етеді, оның 170 дм3 қыртыс қабаттағы
7
мальпигий шумағынан сүзіледі. Адам организміндегі 5 дм3 қан тәулігіне бүйректен 200—300 рет сүзіледі. Оттегін пайдалану про-центінің жоғарылығы бүйректегі физиологиялық процесгердің өте қарқыңды жүріп жатқанын көрсетеді. Адамның екі бүйрегінің салмағы дене салмағының тек 0,5 процентін алады. Ал екі бүйрек организмге келген барлық оттегінін, 9% пайдаланады.
Адамның екі бүйрегінде 2 миллионнан аса нефрон бар. Каналдардын, эпителий қабатынын, ішкі бетінін, ауданы адамның екі бүйрегінде 4—6 м2, ал ірі қаранң. екі бүйрегінде 8 — миллионға жуық нефрон бар, олардағы каналдар эпителийінің ішкі жақ бетінін, ауданы 40 м2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет