Кіріспе Сыртқа шығару процестерне жалпы сипаттама


Несеп жасалудың рефлекторлық жолмен реттелуі



бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі110,5 Kb.
#107798
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-13174

Несеп жасалудың рефлекторлық жолмен реттелуі. Нефрондардың қызметі рефлекторлық жолмен реттеледі. Орыс гистологы Ю. Д. С м и р н о в өте жіңішке нерв талшықтары малышгий шумағындағы та-мырларға, одан әрі каналдарға барып нерв торын құрай-тындығын және олар бүйректің қалың қабатына еніп, тіпті жеке клеткаларды жабдықтайтынын ерте-ақ дәлелдеген болатын.
Бүйректің симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірсе, шумақтардың қанмен қамтамасыз етілуі өзгереді де фильтрация процесі артады. Каналдардағы реабсорбция және секреция процестері де, симпатикалық нерв талшық-тарының басқаруымен реттелетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденеді.
И. П. П а в л о в ұсынып, Л. А. 0 р б е л и өзгеріс енгізіп толықтырған. Несеп ағардың тесігін сыртқа шығара отырып, фистула қою әдісі арқылы жануарларға жасалынған ұзақ тәжірибелер несеп жасалу рефлексін сыртқы және ішкі рецепторларды тітіркендіру арқылы өзгертуге болатынын анықтады. Мәселен, ауыртатын тітіркендіргіштер несептің жасалуын азайтады, тіпті тоқтатып та тастайды.
Кезеген нервті тітіркендіргенде бүйректегі несеп жасалу процесі азаяды. Парасимпатикалық нерв системасы каналдағы кері сіңу процесін реттейді. Бүйректің несеп жасау процесі, бүйрекке үлкен ми сыңарларының қыртысынан импульс келу тоқталса да қалыпты жағдайдағыдай жүре береді мысалы, адам ұйықтағанда т. б. Бұдан бүй-ректің қызметі орталық нерв системасымен басқарылмайды деген ұғым тумау керек.
Үлкен ми сыңарларының алдыңғы белімінде несеп жасауға әсер
14
ететін нерв орталығы бар екендігін 1879 ж. В. М. Бехтерев ашты. Ал сол орталық несеп жасалу процесінің жылдамдығын, тіпті несептің құрамын басқа алатындығын 1923 ж. В. И. Учко көптеген тәжірибелер арқылы дәлелдеді. Бұл орталық бүлінсе, несеп жасалу тоқталмайды, бірақ несеп жасалу процесі артатындай организмде жағдай болса, бүйрек қызметі керісінше, төмендейді (мысалы, организмге шамадан тыс су енгізілгенде).
Үлкен ми сыңарларындағы несеп жасау орталығы орталықтан тебетін нерв жолдары арқылы аралық мидағы, симпатикалық нерв системасындағы, қарыншаның түбіндегі, сұр төмпешік пен төмпешік асты ауданда жатқан несеп жасау процесінің төменгі орталықтарымен байланысады.
Бұл орталықтардың қозуынан қанға несеп жасау процесіне әсер ететін ішкі секреция бездерінің гормондары бөлінеді. Мишықты тітіркендірсе, несептің құрамымен сыртқа қант шығарылады. Сол сияқты несеп жасалуды қарыншаның түбін тітіркендіру арқылы да, өзгертуге болады. Бүйрек нервтері несеп жасалу процесіне қанмен қамтамасыз етуді өзгерту арқылы әсер етеді.
Несеп жасалудың гуморальдық жолмен реттелуі. Иттерге операция жасап, бүйректерін мойын терісінің астына тігіп, бүйрек артериясын күре тамырымен, бүйрек венасымен жалғастырып, бүйрекке қанның келіп түруын реттестірген соң, несеп жасалу процесі бұрынғы қалпына келеді. Тіпті іштен және сырттан келген әсерлерге бұрынғы қалыпты жағдайдай жауап береді. Бүйрек нервтерінің барлығын кесіп тастаса да, несептің түзілу процесі жойылмайды, кеспестен бұрын жасалынған шартты рефлекстер қалпынша сақталады. Бұдан біз бүйректің қызметі орталық нерв системасының эфференттік жолымен қатар, гуморальдық жолмен де реттелетінін көреміз.
Түзілетін несептің мөлшерін қандағы аденогипофиз гбрмондары (диурездік гормон) арттырады. Нейрогипофиз гормондары (антидиурездік
15
гормон) каналдарда судың реабсорбциясын жоғарылатып, несеп жасалу мөлшерін азайтып, ал оның құрамындағы мочевина және тұздардың кон-центрациясын арттырады. Бүйректің несеп жасау қызметіне гипофиз гормондары екі түрлі әсер етеді. Несеп аз жасалғанда диурез азаяды да, керісінше, көп жасалғанда диурез көбейеді.
Бүйректегі несеп түзуді ішкі секреция бездерінің гормондары реттейді. Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны кортин натрий иондарының реабсорбциясын күшейтеді, ал ішкі ми қабатының гормоны адреналин малі пигий шумақтарына шығатын қан тамырларының қабыр ғасын тарылтады. Қалқанша, қалқан серік бездеріні гормондары да тканьдегі су және тұз алмасу процестерін әсер ету арқылы диурезді реттеуге қатысады.
Бүйректің өзіндегі ренин ферментінің әсерінен ангиотонин заты түзіледі. Бұл да адреналин сияқты, тамырларды тарылтады. Соның нәтижесінде мальпигий шумағының капиллярларында қанның қысымы жоғарылап, капсулада жүретін фильтрация процесін күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет