Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет2/18
Дата05.12.2022
өлшемі326,5 Kb.
#55083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті

Зерттеу жұмысының әдісі. Диплом жұмысын зерттеу барсында тарихи салыстырмалы, кешенді талдау, қорыта айту сияқты дәстүрлі, қажетті деген әдіс- тәсілдер басшылыққа алынып отырды және сол тәсілдердің озық үлгісімен жұмыс жазылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Осы түбі бір туыстық, көне тіршілік, тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне де әсерін тигізіп, олардың өзара байланыс жасап, жақындасуына себеп болды. Мұны, әсіресе екі халықтың ежелден бері келе жатқан ескі ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет нұсқаларынан анық көруге болады.
Тағы бір айта кететін жай: қазақ пен татар халқы бір-бірінің ертегі-әңгіме, өлең-жырларын жатсынбаған, қайта жақын тұтып, жаттап алып, тіпті иемденіп кеткен.
Мәселен, татардың «Қара орман», «Ғалиябану», «Сандуғаш» сияқты өлең-жырлары қазақ арасына кең тараған. Ойын-тойларда, сауық - кештерде қазақ жастары татар жырын тамылжыта айтатын. Ерте кездің өзінде-ақ екі ауыз татар өлеңін білмейтін қазақ кемде-кем болған.
Қазір де «жырлап жіберуге» әзір тұратын қазақ қарттарын жиі кездестіруге болады. Мұның өзі татар жырының әрі құлаққа жағымдылығынан болса, әрі жақындығынан деп түсіну керек.
ХХ ғасырдың басында татар мәдениеті мен әдебиеті ерекше өрлеу жолында болды. Бұл кезде татар мәдениеті түркі тектес халықтар мәдениетінің көбінен жоғары тұрды. Осыған байланысты татар мәдениеті өзімен көрші, туыстас халықтар әдебиетіне де әсерін тигізді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі татар әдебиетінің ең көрнекті өкілі, татар халқының ұлы ақыны Ғ.Тоқай шығармасы қазақ арасына кең тарады. Тоқайдың есімін де, еңбегін де білмейтін адамды қазақ арасынан табу қиын. Өйткені, Тоқай жырлары қазақ халқының жүрегіне жол таба білді, туындылары екі халықтың еншісіне айналды. Тоқай шығармалары қазақ арасынан өзінің көптеген қолдаушыларын тапты. Қазақ ақындары арасында «Тоқайша жазу», «Тоқайша жырлау» деген ұғымдар пайда болды. Қазақ ақындары С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Ә.Ғалымов, Б.Күлеев, Т.Жомартбаев т.б. Тоқай шығармаларынан көп нәрсені үйренді және оның жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Төңкерістен бұрын көпке дейін қазақтың өз баспа орны болмады. Осы кезде қазақ даласына татар кітаптары, журналдары, газеттері кең тарады. Бұл газет-журналдарда ( әсіресе «Шора», «Уақыт», «Жұлдыз») қазақ халқының өмірі, тарихы, әдебиеті жөнінде де материалдар басылып тұрды. Бұларда сонымен бірге, қазақ ақын- жазушыларының да шығармалары жиі жарияланды. Қазақ жазушыларының алғашқы кітаптары Қазан, Уфа, Орынбор, Петербург, Тройцкідегі татар баспаханаларында басылды.
1917 жылдан бастап қазақ - татар әдебиеттерінің байланысы бұрынғыдан да нығая түсті. Көрнекті татар жазушылары Ғ.Ибраһимов, Ф.Бурнаш, Ш.Усманов т.б. қазақ тұрмысынан көркем шығармалар жазды. А. Айдардың «Ташбай» романы, Ә.Әбсәләмовтың «Қазақ жігіті» очеркі, И.Салаховтың «Көкшетау далаларында» романы, Н.Арслан, З.Нури, М.Хусаинның көптеген өлеңдері қазақ өміріне арналған. Сол сияқты қазақ ақын – жазушылары Б.Майлин, Ж.Сыздықов, М.Дәулетбаев, С.Машақов, Ж. Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сейітов дастандар, мақалалар, очерктер жазды.
Ал татар тілінен қазақ тіліне, сол сияқты қазақшадан татаршаға аударылған шығармалардың саны мен сапасына келетін болсақ, ол көтеріліске дейінгі дәрежесінен көбейіп жақсара түсті.
Қазақ-татар әдебиеттері байланысының тығыздығы соншалық, тіпті кейбір ақын-жазушыларымыз өз шығармаларын екі тілде қатар жазып екі әдебиеттің де ортақ өкілі болып кеткен. Бұған мысал ретінде Қадырғали Қошымұлы Жалайыри (ХVIғасыр), Ахмет Оразаев- Құрмаши, Ақмолла (ХIХ ғасыр) және Әкрам Ғалымов (ХХ ғасыр ) шығармашылығын алуға болады. Ал, кейбір Кашафетдин ибн-Шахмардан, Сабырхан Мұхаммед- Садықұлы, Фатхулла Бекбауұлы (Қатиев), Ғариф Сейфулла ұғлы, Кеңес дәуірінде С.Шәріпов, С.Баязитов, М.Гумеров т.б. өз шығармаларын қазақ тілінде жазып, таза қазақ жазушысы болып кетті. Міне, осы шолудың өзінен –ақ қазақ пен татар халықтарының арасындағы мәдени және әдеби байланыстардың қаншалықты күшті болғанын анық байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет