Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Қаңқаның негізгі қабаттарын резиналауға арналған резина қоспасының рецептін негіздеу және әзірлеу



бет17/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Модификация РС битумом каз Ақтанбек Жансая хт-18-6тк2

2.2.2 Қаңқаның негізгі қабаттарын резиналауға арналған резина қоспасының рецептін негіздеу және әзірлеу

Резина қоспаларының рецептурасын таңдағанда мынадай қажеттіліктерді ескеру қажет: резина қоспаларының жоғары технологиялық қасиеттерін қамтамасыз ету; ең жақсы физика-механикалық көрсеткіштерге ие резиналарды қолдану жолымен бұйымдардың ең жақсы пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ету; шикізат пен материалдардың неғұрлым экологиялық таза түрлерін қолдану; шикізат пен материалдардың экономикалық тиімді түрлерін қолдану [61].


Қаңқа қабаттарының құрамына кіретін резиналанған корд шинаға әсер ететін жүктемелердің негізгі бөлігін өзіне алады, сондықтан тығыздық пен жылуға төзімділік сияқты көрсеткіштер оның жұмысына айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ, кордты резиналауға арналған резина қоспасын әзірлегенде резинаның полиамидті кордпен байланысу беріктігін арттыру, резинаның тігілу дәрежесін жоғарылату, резина қоспаларының когезиялық беріктігін арттыру қажет [62].
Мәселені шешу үшін резина қоспасының келесі ингредиенттері таңдалды:
- Изопрен каучук СКИ-3. Рецепт жасау тәжірибесінде қаңқалық резиналар әдетте табиғи немесе синтетикалық изопренді каучук негізінде жасалады. СКИ - 3 каучугі созылымдылықты, адгезиялық қасиеттерін, резинаның когезиялық беріктігін арттырады, жоғары жұлмалауға қарсылыққа ие болады;
- Регенерат – каучук және әртүрлі ингредиенттермен оңай араласатын, күкірт, активаторлар мен үдеткіштерді қолданған кезде қалыпты жағдайда вулканданатын иілімді материал. Регенерат кейбір резина бұйымдарын өндіруде каучук алмастырғыш (ішінара немесе толығымен) ретінде қолданылады.
- Күкірттің вулкандау агенті. Күкіртпен вулканданған резиналар жоғары беріктік қасиеттерімен, созылымдылымен, бірнешекөп ретті деформацияларға төзімділігімен сипатталады.
- Альтакс (Ди-2-бензиазолил) - дисульфид немесе ДБТД) тиімді және қолайлы вулкандау үдеткіші ретінде қолданылады. 143ºС және одан жоғары температурада өте белсенді, бірақ 100-130ºс-та белсенділігі төмендеу, бұл қоспаларды өңдегенде артық вулкандануды мүлдем болдырмайды. Төмен модульді және жақсы ескіруге қарсылыққа ие вулканизаттар береді.
- Вулкандау жүйесі - мырыш оксиді, стеарин қышқылы. Мырыш тотығы барлық каучук түрлеріне арналған резиналар үшін бір мезгілде үдеткіш активаторы, ақ бояғыш және көп ретті деформацияларда жылу түзілуін төмендететін жылу өткізгіш толықтырғыш болып табылады, біртектілеу тор түзуді қамтамасыз етеді, бұл резиналардың физика-механикалық қасиеттерінің жақсаруына әкеледі. Вулкандау температурасында стеарин қышқылы каучукте еритін мырыш оксидімен тұз тәрізді өнімдер түзеді, соның арқасында жүйеде резина қоспасындағы активаторлардың біркелкі таралуы, үдеткіштермен, каучуктармен және резина қоспасының басқа компоненттерімен оңай әрекеттесу қамтамасыз етіледі.
- ПН-6Ш майы резеңке қоспаның жұмсартқышы болып табылады, оның созылымдылығын арттырады.
Диафен ФП (N-Фенил-N'-изопропил-n-фенилендиамин) СКИ-3 тұрақтандырғышы болып табылады, ол термо-тотықтырғыш және жарық-озн әсерінен ескіруден, көп ретті деформациялардан бұзылудан қорғайды. Химиялық ескіруге қарсы тұрушылардың қорғаныс әсері каучуктің көмірсутекті радикалдарымен белсенді ескіруге қарсы тұрушылар радикалдарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде каучук тотыққанда тізбектің үзілуіне байланысты. Мұндайда реакцияның белсенді емес өнімдері түзіледі, бұл тотығу процесін баяулатады [63].
Қаңқалық резиналарды толықтыру дәрежесі және қолданылатын техникалық көміртек түрі ең бастысы оңтайлы қажу сипаттамаларын қамтамасыз етумен анықталады. Әдетте қаңқалық резиналарды толықтыру 45-55 масс.б құрайды. Каучукті-күйелі өзара әрекеттесулерді арттыратын үстемелер қатысуында синтетикалық полиизопрен негізінде резина дайындағанда техникалық көміртек мөлшері жоғарылауы мүмкін (55 масс.б.), технологиялық сипаттамаларға ие қоспаның беріктік пен қажулық қасиеттерінің оңтайлы үйлесімін береді. Техникалық толықтырғыштар П-514 каучуктерде жақсы таралады, қоспалардың құрал-жабдықта өңделгіштігін жақсартады, олардың шөгуін кемітеді, оларға жоғары модуль береді. Кәдімгі пештік техникалық көміртегі адгезияға әсер етпейді, пештік тотыққан, сонымен қатар газды арналы техникалық көміртек оның деңгейін жоғарылатады [64]
Кордтың резинамен байланысу беріктігін арттыру үшін модификаторлар - РУ модификаторы, гексол енгізіледі. РУ модификаторы - бор қышқылының қатысуында алынған резорцин мен уротропиннің кешенді қосылысы – гранулаланған пішінге ие, ыдырау температурасы 130С. Резина қоспаларында жоғары дисперстілік және жақсы таралуымен сипатталады. Деформациялардың алуан түрлеріне вулканизаттардың төзімділігін және статикалық пен динамикалық жағдайдағы резина-кордты жүйелердегі байланысу беріктігін арттырады, вулканизаттардың сырғығыштығын айтарлықтай төмендетеді, резиналардың армирлеуші материалдармен байланысу беріктігін арттырады [65].
Гексол ЗВИ модификаторы (гексахлорпараксилолдың балауызбен қоспасы). Гексол ЗВИ - көп функциялы модификатор. Физика-механикалық көрсеткіштердің жоғары деңгейі, вулкандау жоғары температурасы және пайдалану жағдайындағы термомеханикалық әсерлерге төзімділігі арқасында бұйымның қызмет ету мерзімін арттыруды қамтамасыз етеді. Гексол вулкандау модификаторы және үдеткіші ретінде қолданылады. Оны енгізгенде қалыпты және жоғары температурада шиналар қаңқасы қабаттары арасындағы ілінісу күші артады (С-С байланысы түзіледі, бұл жылуға төзімділігін арттырады) [66].
Битумдар – балқуы жоғары жұмсартқыштар (рубракстар) резина- техникалық және шиналар өнеркәсібі үшін шығарылады. Балқуы жоғарыға балқу температурасы 100°C-ден жоғары битумдар жатады. Мұндай битумдар жоғарыда сипатталған битумдардан айырмашылығы жұмсару температурасына байланысты маркіленеді, олардың таңбалануы негізіне 25 °C-гі пенетрация жатыр. Балқуы жоғары битумдардың бірнеше сорттары белгілі: аккумулятор мастиктеріне арналған битумдар, сынғыш битумдар (лакты), битумдар - балқуы жоғары жұмсартқыштар (рубракс). Барлық осы битумдарды мұнайды айдау қалдықтарын терең тотықтыру арқылы алады, сондықтан олар үшін белгілі бір еріткіштерде ерігіштік көрсеткіші маңызды.
Резина қоспалары мен резиналардағы табиғи битум орындай алатын функцияларды анықтау үшін олардың мөлшерінің СКИ-3 каучугі негізіндегі толықтырылған резина қоспаларын вулкандау кинетикасына және резиналардың физика-механикалық сипаттамаларына әсері зерттелді. Тоқыма кордын резиналауға арналған стандартты резина қоспалары негіз болды. Резина қоспаларының тәжірибелік үлгілері стандартты рецептурадан балқуы жоғары жұмсартқыш - мұнай битумын біртіндеп алып тастау және Мұнайлы Мола кен орны МБЖ-нан алынған табиғи битумды қосу арқылы алынды. Резина қоспаларының әзірленген рецептуралары 8-кестеде келтірілген.

Кесте 8 - Шиналар қаңқасының негізгі қабаттарын резиналауға арналған резина қоспасының рецепті





Ингредиенттердің аталуы



Каучуктің 100 масс.б-не масс.б.

прототип

1

2

3

СКИ-3

100

100

100

100

Регенерат РШТН

15

15

15

15

Техникалық күкірт

2,1

2,1

2,1

2,1

Сульфинамид Ц

0,8

0,8

0,8

0,8

Тиазол 2МБС

0,2

0,2

0,2

0,2

Гексол ЗВИ

1

1

1

1

Модификатор РУ

1

1

1

1

Фталді техникалық ангидрид

0,5

0,5

0,5

0,5

Мырышты ақ бояу

5,0

5,0

5,0

5,0

Қарағай канифолі

1,0

1,0

1,0

1,0

Техникалық стеарин қышқылы

2

2

2

2

Балқуы жоғары жұмсартқыш мұнай битумы

5

-

-

-

Табиғи битум

-

3

5

7

ПН-6ш мұнай майы пластификаторы

5

5

5

5

Диафен ФП

0,5

0,5

0,5

0,5

Техникалық көміртек П514 

45

45

45

45

Резина қоспасын дайындау ПД 320 160/160 зертханалық біліктерінде жүргізілді. Біліктердің алдыңғы білігінің температурасы 50-60С, артқысы 60-70С. Бірінші кезеңнен кейін резина қоспасының жатуы 2 сағатты құрайды. Араластыру процесінде қиындықтар болған жоқ. Табиғи битум СКИ-3-мен жақсы үйлеседі, резина қоспасына оңай енгізіледі, өйткені резина қоспаларында олар пластификаторлар, жұмсартқыштар, ингредиенттер диспергаторлары, екіншілік активаторлар ретінде қызмет ете алады [67].


Каучук матрицасындағы ингредиенттердің таралуы толығымен қанағаттанарлық және біліктеу және вулкандау режимін өзгертуді қажет етпейді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет