Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет16/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Модификация РС битумом каз Ақтанбек Жансая хт-18-6тк2

2.2 Нәтижелерді талқылау
2.2.1 Резиналардың тоқыма кордымен байланысу беріктігін арттыру үшін резина қоспаларының модификаторлары ретінде табиғи битумның тиімділігін бағалау

Қазақстан аумағында көптеген табиғи битум шоғырлары анықталды. Табиғи битумдар - құрамында оттегі, күкірт, азот және металдар бар жоғары молекулалық және гетероатомды қосылыстардың, көмірсутектердің күрделі қоспасы болып табылады [57]. Көп жағдайда олар тығыздығы мен тұтқырлығының жоғары мәндерімен сипатталады, бұл олардың құрамындағы шайырлы-асфальтенді заттардың көптігіне байланысты. Табиғи битумдардың қайнау аралығы атмосфералық айдау қалдықтарының қайнау аралығына жақын . Табиғи битумдардың лап ету температурасы 220-240°с. Табиғи битумдардың қайнау аралығы атмосфералық айдау қалдықтарының қайнау аралығына жақын. Табиғи битумдардың лап ету температурасы 220-240°С құрайды.


Табиғи битумдар ассоциативті өзара әрекеттесуге және құрылымдануға бейім, сондай-ақ олардың құрамында гетерорганикалық қосылыстар мен металдар шоғырланғандықтан, сондықтан олардың жоғары мөлшері оларды өндіруді ғана емес, сонымен бірге оларды өңдеуді де қиындатады [26].
Егер генетикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда табиғи битумдарға мұнайдың табиғи туындылары (мальталар, асфальттар, асфальтиттер, кериттер, гумин-кериттер, озокериттер, антраксолиттер және т.б.) және олардың аналогтары (нафтоидтер) жатады . Мәселен, көптеген табиғи битумдарда негізгі бөлігін 350°C-тан жоғары қайнайтын компоненттер құрайды, олардың жартысына жуығы көмірсутектер болып табылады. Парафинді-нафтендік және моноциклароматтылар үлесіне май фракциялары көмірсутектерінің жартысынан көбі тиесілі.
МБЖ органикалық бөлігі экстракция әдісімен бөліп алынды, өйткені бұл әдіс мұнай битуминозды жыныстардағы органикалық бөлігінің нақты мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді және органикалық бөліктің толық шығарылуына ықпал етеді. Еріткіштермен экстракция арқылы МБЖ-дан табиғи битумды бөліп алу дәрежесі 99,8 мас % шегінде тербеледі .
Содан кейін МБЖ-дан бөліп алынған табиғи битумның физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Зерттеулер стандартты әдістермен жүргізілді.
7-кестеде Мұнайлы Мола кен орнының МБЖ-нан алынған табиғи битумдардың физика-химиялық көрсеткіштері келтірілген.

Кесте 7 - Мұнайлы Мола кен орнының МБЖ-нан алынған табиғи битумдардың физика-химиялық көрсеткіштері





Көрсеткіштердің аталуы

Мәндері

МБЖ мөлшері, мас. %

16,5

Тығыздығы, кг/м3

992,5

Жалпы күкірт мөлшері, %

1,4

Күлділігі, %

0,5

Кокстелгішіті, %

34,5

80С-гі тұтқырлығы, сСт

25,9

«Сақина мен шар» әдісімен жұмсару температурасы, С

40,0

Қату температурасы, С

16,0

0С-гі иненің ену тереңдігі

17,0

Сынғыштық (омырылғыштық) температурасы, С

-12.0

Мехнаикалық бөгде қоспалар мөлшері, мас. %

0,1

7 - кестеден көріп отырғанымыздай, Мұнайлы мола кен орнының МБЖ–нан алынған табиғи битум мынадай сипаттамаларға ие:  – 992,5 кг/м3; Қату температурасы Тқату - 16,0 С; кокстелгіштігі - 34,5 %; күлділігі - 0,5% мас.: күкірт мөлшері – 1,4%; «Сақина мен шар» әдісі бойынша жұмсару температурасы – 40С; 0С-гі иненің ену тереңдігі - 17 мм.
Егер табиғи битумдарды технологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда табиғи битумдар кәдімгі мұнаймен салыстырғанда асфальтті-шайырлы компоненттерінің жоғары мөлшерімен сипатталады, тығыздығы, тұтқырлығының жоғары мәндерімен, күкірттің, металдардың едәуір мөлшерімен, сондай-ақ бензиндік фракциялары мен парафинді көмірсутектердің төмен концентрациясымен ерекшеленеді [59].
Жұмыста Мұнайлы Мола кен орнының табиғи битумының күліне рентгендік фазалық талдау жүргізілді, ол күлінің құрамында мынадай болатындығын көрсетті: Са - 8,07 % мас., Fe - 17,53 % мас., Mn - 0,19 % мас., V - 0,05 % мас.
Мұнайлы Мола кен орнының табиғи битумының компоненттік құрамын зерттеу табиғи битум құрамында мынадай болатынын көрсеттті: шайыр - 46,5 % мас., асфальтендер -5,9 % мас., майлар - 47,8 % мас.
Сонымен, шайырлар мен майлардың көп мөлшері табиғи битумды резиналар мен тоқыма кордының арасындағы байланысу беріктігін арттыратын резина қоспасының модификаторы қызметін атқаруына мүмкіндік береді [60].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет