Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет14/21
Дата08.06.2023
өлшемі273,09 Kb.
#99831
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
2.1.2 Зерттеу әдістері


МБЖ органикалық бөлігін экстракция әдісімен бөліп алу
МБЖ органикалық бөлігін бөліп алу үшін экстракция әдісі қолданылды, өйткені ол мұнай битуминозды жыныстардағы органикалық бөлігінің нақты мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді және органикалық бөлігін толық бөліп алуға ықпал етеді [50].
Құрал-жабдықтар, материалдар және реактивтер: зертханалық таразылар; Сокслет түріндегі экстракциялауға арналған шыны саптама; түбі дөңгелек колба; құмды монша; кері тоңазытқыш; кептіру шкафы; Петри тостағаны; штатив; күлсіздендірілген сүзгі қағаздары; мақта; жылыту плиткасы; ротационды буландырғыш.
Еріткіш ретінде хлороформ, бензол, спирт-бензолды қоспасы қолданылды (1:1 қатынасы). Өлшемі 5-10 мм дейінгі МБЖ көзге көрінетін механикалық бөгде қоспалардан (тастар, ағаш және т.б.) тазартылады. Содан кейін диаметрі экстракциялық саптаманың тұмсығының диаметрінен аспайтын сүзгі қағазының үш қабатынан цилиндрлік патрон дайындалады. Патронды бір жағынан бекітеді (байлайды), тұрақты массаға дейін кептіретін шкафта мақта кішкене үзігімен бірге кептіреді және өлшейді. Патронды МБЖ үлгісімен толтырады, мақта үзігімен жабады, 0,01 г қателікпен қайтадан өлшенеді және экстракциялық саптамаға салады. Саптамаға салынған патрон сифон деңгейінен 1 см төмен болуы тиіс. Саптаманың жоғарғы жағы кері тоңазытқышқа, ал төменгі жағы еріткіші бар колбаға жалғанады.
Еріткіші бар колба құм моншасында еріткіштің қайнау температурасына дейін қыздырылады. Тоңазытқышта конденсацияланатын еріткіш буы, қоспаға үздіксіз ағып, көмірсутекті бөлігін ерітіп, оны қоспадан бөліп шығарады. Экстрактор толғаннан кейін еріткіш колбаға құйылады. Органикалық бөлігін бөліп алу экстракциялық саптамада жиналатын еріткіштің түсі жоғалғанға дейін жалғасады. Саптамадан бөліп алынған патрон кептіру шкафында 50-60 С температурада тұрақты өлшеу нәтижелеріне дейін кептіріледі. МБЖ органикалық бөлігі мен еріткіш қоспасы ротационды буландырғышта бөлінеді [51].
Табиғи битумдардың келесі физика-химиялық сипаттамалары анықталды:
- МЕМСТ 3900-85 бойынша тығыздығы;
- МЕМСТ 33-2000 бойынша кинематикалық тұтқырлығы;
- МЕМСТ Р 51859-2002 бойынша күкірт мөлшері;
- СТО 1246-2011, ИХН СО РАН бойынша шайырлар мен асфальтендер мөлшері;
- МЕМСТ 2177-99 бойынша фракциялық құрамы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет