«ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ» БӨЛІМШЕСІН ОҚЫТУДА ДЕРБЕС ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ
ОҚУШЫ ДЕРБЕСТІГІН АНЫҚТАУ ДИАГНОСТИКАСЫ
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуда (9-сынып) дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесін құрастыру және әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру болатын.
Осы мақсатқа сәйкес алдымызда төмендегідей міндеттерді белгіледік:
- Орта білім беруде дербес дамыту технологиясын қолдану мүмкіндіктерін зерделеу;
- Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуда (9- сынып) дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесін құрастыру;
- Дербес дамыту технологиясын қолдану арқылы педагогикалық эксперимент жүргізу және оны талдау.
Екінші және үшінші міндеттерді шешу үшін Қызылoрда қаласындағы Көмекбай Қаракөзов атындағы №235 орта мeктeпте алдын-ала тeoриялық зeрттeулeргe нeгіздeліп дайындалған педагогикалық экспeримeнт жұмысы жүргізілді. Экспериментке 9«А» сыныбы бойынша 30 оқушы, 9«Ә» сыныбы бойынша 25 оқушы қатысты. 9«А» сыныбын эксперимент сыныбы, ал 9«Ә» сыныбын бақылау сыныбы ретінде белгіледік.
Педагогикалық эксперимент үш кезеңнен тұрады: анықтаушы, қалыптастырушы және қорытынды.
Бұл бөлімшеде біз оқушы дербестігін анықтаудың диагностикалық картасымен бөлісеміз. 9-сынып оқушыларының дербестігін төмендегідей компоненттер бойынша анықтадық:
Мотивациялық;
Мазмұндық;
Іс-әрекеттік.
2.2 «ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ» БӨЛІМШЕСІН ОҚЫТУДА ДЕРБЕС ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |