Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет1/33
Дата15.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#115293
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Нұрлан Үміт (копия)


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.


Қазіргі уақыттағы білім беру саласының алға қойған міндеттері оқушылардан өз бетінше білім алуды талап етеді. Біздің оқушыларымыздың дербестік деңгейі әрқашан қазіргі заманның талаптарына сай келе бермейді. Демек, педагогикалық қызметке оқушылардың білімді практикалық қолдану қабілетін едәуір арттыруға көмектесетін әдістемені енгізу қажет. Бұл әдістеме білім алушының дербес іс-әрекетіне мүмкіндік беретіндей болып, бұл өз кезегінде оқушының қызығушылығын, оның оқу процесіне белсенді қатысуын және жалпы оқыту сапасын арттыруы керек.
Оқушылардың өзіндік дербес жұмысын ұйымдастыруда тиісті жағдайлар яғни әдістеме болмаса, сабақ үстінде жұмысты орындауға үлгеру мүмкін емес. Бұл үшін мұғалім жағдай жасай алуы керек. Биологиядан оқушының орындайтын дербес жұмыстарының көптеген түрлері белгілі, олар: биологиялық эксперимент, ғылыми жоба, оқу әдебиеттермен және көрнекіліктермен жұмыс, жұмыс дәптерлерімен жұмыс, ақпараттық ресурстармен жұмыс, сабақтан тыс жұмыстар, экскурсиялар, үй тапсырмасы, т.б. Дегенмен, аталған жұмыстарды орындауды әрі қарай жетілдіру көзделеді. Сондықтан, осы мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбының «Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» бөлімшесін оқытуда дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесі» деп таңдалуына арқау болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуда (9-сынып) дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесін құрастыру және әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Орта білім беруде дербес дамыту технологиясын қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.
- Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуда (9- сынып) дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесін құрастыру.
- Дербес дамыту технологиясын қолдану арқылы педагогикалық эксперимент жүргізу және оны талдау.
Зeрттeу жұмысының теориялық жәнe практикалық маңыздылығы: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін (9-сынып) оқытуға арналған дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесі құрастырылып, оны оқу үдерісіне енгізуге ұсынуы диплом жұмысының практикалық құндылығы болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет