Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеудің ғылыми жетістіктерін жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде және орта, кәсіптік білім беру мекемелерінде Қазақстан тарихы пәнінде, өлкетану курсын оқытқан кезде қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеуде көтерілген мәселелер бойынша студенттерге өз беттерінше жеке зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тақырыптар беруге, тақырыпты байыта түсуге мүмкіндіктер бар.
Осы тақырып аясында оқушыларға тарихи эссе жазуға тапсырма беруге болады, яғни жоба қорытындысының практикалық маңыздылығы жоғары.