Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет7/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#13643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


    1. Туған өлке тарихы – ұрпаққа тағылым

Байырғы қазақ қоғамында ұстаның орны ерекше болған. Ұсталар тылсымның тілін білетін, жоғарымен ұғысатын қасиетті жаратылыс ретінде сипатталады.

Ұсталық, зергерлік кәсіп орта ғасырға қарай қазақтар арасында айрықша қарқын алған. Ұста ағаш көмірі, сексеуіл шоғы арқылы темірді қыздырып, балқытып алған соң, соғып, құйып қажетті заттарды жасай білген. Қаралау, бұрау, түйіндеу, қалыптау, ширатпалау, шегендеу, алтынмен аптап, күміспен күптеу тәсілдерін меңгерген.

Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салттың ең соңғы мұрагері - қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата – бабаларымыз жер қойнауының құпиясын аша да, оның бар асылын пайдалана да білген. Тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан – алуан әсемдік әшекейлерді, қару – жарақтарды жасаған. Бұл кәсіп атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін жалғасып келе жатқан ұсталық және зергерлік кәсіпті қалыптастырған. Демек, ұсталық кәсіп, зергерлік өнер көшпелі өмірде, шаруашылық және тұрмыстық қолданбалы бұйымдарды жасап, қамтамасыз ететін маңызды кәсіп үрдісінде ертеден – ақ пайда болған, қалыптасып, дамыған. Ұсталық, зергерлік кәсіп орта ғасырға қарай қазақтар арасында айрықша қарқын алған. Торғай өңірі қазақ даласындағы металл өндірісінің орталығына айналған. Мұның өзі көшпелілерді мұздай құрсантқан қару – жарақ, ер – тұрман, үй мүліктерінің алуан түрлерінің дүниеге келуіне себепші болды.

Соңғы уақытта шыққан қазақстандық ғалымдардың Қазақстан тарихы, қазақтың әскери өнері тарихына қатысты еңбектерінде қару-жараққа қатысты проблемалар айтылды. Қазақ халқының қолөнерін зерттеуге арналған Ә.Х.Марғұланның, Х.Арғынбаевтың, Т.К.Басеновтың, С.Касимановтың, Р.Н. Шойбековтың еңбектерінде қолөнер түрлерінің әдістерімен жасалған заттар ретінде қазақтың қару жарағының да жасалу технодлогиясы, көркемдеу тәсілдері зерттеліп, оларға қатысты халықтық атау-терминдер айтылды [1,8б.].

Аманкелді Иманов бастаған ұлт – азаттық көтерілістегі басты тұлғалар сын сағатта шымырланған шеберлердің халық алдындағы ерліктері мен жасампаздық қимылдарын осы тұрғыдан алып қарастыруға болады. Тарих өз дегенін істеді, себебі қоғам заңдылығы солай. Бірақ ірі тұлғалардың сол 1916 жылғы оқиғаның тұсында біріккен 13 ұстаның сапында болуы міндетті емес, олардың орнына басқа адамдар да келуі мүмкін. Бірақ тарихтың доңғалағы сол кездегі қазақ қоғамының барлық ауыр салмағын осы Бектепберген бастаған ұсталар тобының мойнына салып берді. Елдің ішінде сол бір кезеңде халық тамсанатындай таланты, халықтың ащы зарын ұғатындай, болашаққа деген сенімі бар, ұлы, даңқты шеберлер қалың қыпшақ пен арғын елінің тұрмыс жағдайын атқарған жолсерік, жебеушілеріне айналды.

Темірлірді кесумен.

Кескен, тескен темірді,

Мылтық қып Бекең шығарып,

Көптің көңілін өсірген.

Қолдан оқты құйғызды,

Шеберлерге жетілген.

Шебердің жұмысында, көркем қолөнер мәселесінен басқа, орта мен көшпенді өмір жағдайына сәйкес келетін бұйымдардың тәжірибелік қажеттіліктерін жасады. Бұлардың біршама өзіндік ерекшеліктері болғаны белгілі. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда өткен ғасырдың екінші жартысында бүкіл Орта Азия мен Қазақстанға аты әйгілі Мұрын жырау \шын аты Тілеген Сеңірбаев жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлаған зергер, етік тігіп тас қашаған өнермен өрге жүзген бесаспап шебер болған сондай – ақ Қазақстандағы қолөнер дәстүрін жалғастырушы Жүсіп, Маханбет, Күмбетай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Сейтен, Мұхаметжан шегі Аяған сияқты атағы ел арасында аңызға айналған зергерлер мен бүгінгі күні көз алдымен отырған Палжігіт Берсүгіров, Әлімбет Алданазаров, Сәдуақас Көгентаев, Мірзахмет Елікбаев, Тапай Беймағамбетов, Құлмырза Өтегенов, Мұхаш Әлімбетов, Дайыр Салықов, Оспан Көшебенов, Әбдіғали Бәулетов, Хамза Жанбосынов, Дүйсенбай Есмағанбетов, Салық Ыбыраев, Сейтқасым Жамбылұлы, Отарбай Оспанов, Әбдіғали Бәулетов, Жармақ Жұмабаев, Сәду Шоқбаров, Ахмет Ерғожаев, сияқты зергерлер мен шеберлердің қолынан шыққан туындылар музейлер мен үйлердің сәнді бұйымдарға айналған Айтбай Жүсіпов, Сапарғали Ысмайлов, Ғабдыжамал Әубәкіров, Ғани Иляев, Қобан Аманжолов, Жәкіжан Қылышбаев, Жүбәлі Смағұловтар тігіншілік өнерімен белгілі болған Шәрмен Көшкінбаев, Басықара Сағынбаев, Сейтқамал Сайтенов, Омар есімдерін жұртшылық мақтанышпен айтады.[Қосымша 1 ]

Қазақстандық қолөнер шеберлерінің біразы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісіне белсене қатысып, Амангелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға қажетті сарбаздарға қажетті қару – жарақтар соқты. Мысалы: Батырдың ағасы Бектепберген Үдербаев, Баязит Төлегенов, Бек Байториев, Сыздық Қызыров сияқты ұсталар көтерілісшілерге білтелі мылтықтар мен сирақты мылтық, айбалта, қылыш, сүңгі, найзалармен қаруландырды. Қарулардың көпшілігі қазіргі музейлердегі қажетті орындарда сақтаулы тұр. Қарулардың көпшілігі қазіргі жастардың әскери патриоттық, эстетикалық тәрбие алуына рөлі зор[1].



Амангелді жасағының ұстасы Сыздық Қызыров




Торғай көтерілісшілерінің қару-жарақтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет