Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#13643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеудің объектісі - шежірелі өлке Торғай өңіріндегі ұсталық өнер тарихын зерттеуге бағытталған.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты Қазақтың Ұлы Даласына ежелден еншісі ешқашан бөлінбеген Торғай жері- еліміз үшін Түркістан мен Ұлытау сынды қасиетті де киелі мекен болып саналады. Халқымыздың басынан кешкен күрделі кезеңдер мен елдің рухани дамуы жолында үлкен роль атқарған бұл өлкенің алатын орны бөлек. Қазақ руханиятына жылы леп әкелген 2018 жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы оның ішінде ерекше аталатын «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімнің «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» атты екінші бағытты негізге ала отырып, біздің басты мақсатымыз - Торғай өңірінен шыққан ұсталар және ұсталық өнер тарихын келешек ұрпаққа таныстыру. Торғай өлкесі бойынша ұсталық өнер тарихын ашып көрсету, тарихи құжаттар мен мәліметтерді жинақтап, саралау болып табылады. Ұсталар жасаған қару-жарақтарды жасау арқылы қолөнерді әр ұрпақтың бойына сіңіру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Осындай мақсатымызды орындау үшін төмендегідей міндеттерді анықтадық:

-Қазіргі кездегі Торғай өңірінің тарихын жаңа деректермен толықтыру арқылы жан-жақты ашып, көрсету;

-Түрлі ақпараттық –дерек көзіндегі өлкеміздегі ұсталар санын анықтап, ұсталар жайлы ұғымды кеңейту.

- 1916 жылдардағы басындағы Торғай елді – мекенінің ұсталарына мән бере отырып, өмір-жолын талдау;

- 1916 жылдардағы Торғай ұсталары туралы мәліметтерді, деректерді саралай отырып, ел ақсақалдарының айтуы бойынша жинақталған ауызша деректермен толықтыру, салыстыру және баға беру;

- Торғай өлкесінің тарихы және ұсталық өнердің даму тарихына қатысты деректер мен баспасөз материалдарын зерделеп, айқындау;

- Торғай даласының ұлылығын, оның қайталанбас тарихи және мәдени құндылығын танып білу мақсатында жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу жолдарын бағамдау;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет