Кіріспе Топырақ Негізгі бөлім


Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының əсері



бет3/3
Дата16.11.2023
өлшемі3,66 Mb.
#124204
1   2   3
Байланысты:
топырақтану 1 бож

Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының əсері. Геологиялық жаңа аймақта топырақ та жас, яғни жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың топырағы да ескі. Міне, осы тұрғыдан алғанда кең байтақ ТМД елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жатса, оңтүстік жағында көне дəуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі бұрынғы КСРОның теріскей жағы кейінгі дəуірлерде ғана мұздан арылған. Ал оңтүстік аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дəуірлер өтті. Тіпті, оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму құбылыстары ерте басталған. Осыған қарап, жалпы оңтүстік өңірлерде жаңадан түзіліп жатқан жас топырақ жоқ деп айтуға болмайды. Мəселен, соңғы жылдары шегініп бара жатқан Арал теңізінің суы тартылуынан оның бұрынғы түбінде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталды. Топырақ түзу процестеріне адам қоғамының тигізетін əсері. Адам өзінің саналы əрекеттерінің нəтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі – топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар.
Сонымен, жоғарыда құрғақ жерлердің барлық аймақтарының топырақ түзілуіне əсер ететін негізгі факторлар сипатталды. Ал кейбір жерлерде топыраққа əсер ететін жергілікті (локалды) факторлар кездеседі. Мəселен, кейбір алқаптарда жерасты суының топырақ бетіне жақын жатуы, ол жерлерде шалғынды топырақтың түзілуіне əкеп соғады. Өзен бойларындғы біраз алқаптар жыл сайынғы су тасқындарының əсеріне тап болады.
Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Почвоведение. Акбасова А.Д. -А.20142.
2.Топырақтану. Б.Ф.Апарин Оқулық. М., 2012. -256б3.
3.Топырақтану. Оқу құралы. Р.А.Мирзадинов. - Алматы, 20094.
4.Топырақтану Ж. Қ. Қабышева. - А. : ЖШС РПБК Дәуір, 2013. - 416 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет