Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет13/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Дәрістің мазмұны. Азия кұрлығының биік таулы өңірінде орналаскан түркі тілдес елдердің бірі – Қыргыз Республикасы. Жер көлемі – 198,5 мың км2. Халқы – 5 млн. астам (2002 жыл). Астанасы – Бішкек. Мемлекеттік тілі – қырғыз және орыс тілдері. ¥лттық валютасы – сом.
Қырғыздар тек Қырғызстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қытай Халық Республикасы (СУАР) мен Шығыс Ауғанстанда тұрады.
Қырғыз халқының фолыклорына синкреттілік тән болып келеді. Қырғыз халқының ауыз әдебиеті әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған «Манас» («Семетей», «Сейтек») жырларымен қатар көлемі шағын эпостардан, аңыз, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтел, жаңылтпаш, шешендік сөздер, бата, тілек, алғыс, карғыс, күлдіргі әңгімелерден тұрады.
Қырғыз халқының еңбек кәсіпшілігіне байланысты жырлары халықтың тұрмыс-тіршілігіне орай – мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер ісі және аңшылықпен байланысты болып келеді. Олардың қатарына «Шырыпдан», «Бек-бекей», «Сақ-сақай», қозыны байлау», «Мал сауу», «Егін егу кезінде» т.б. өлең-жырларды жатқызуға болады.
Сонымен қатар қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігін, өмірге деген көзқарасын сипаттайтын тұрмыс-салт жырлары мен дәстүрлі өлең-жырлары да мол.
Қырғыз ауыз әдебиетінде «Құрманбек», «Ер Төстік», «Жаңыл-Мырза» т.б сияқты ерлік пен батырлықты дәріптейтін дастандар халық арасында кең тараған. Ал лиро-эпикалық жырлардың шоғырына «Олжабай мен Кішімжан», «Кедей хан», «Қожажаш» сияқты дастандар енеді.
Қырғыз ауыз әдебиеті шеберлерінің бірі емес, көптеген ұрпағы атадан балаға мұра ете отырып жасаған «Манас» эпосы – дүниежүлік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына қосылған жыр-жауһары. «Манас» эпосының өмір танытқыштық, тәрбиелік, эстетикалық мәні тарихтың өзіндей терең. Мұнда қырғыз халқы шежіресінің хронологиясы берілмегенімен, сан алуан құбылыстардың қорытындылары эпикалық аңыздау, әсірелеу түрінде көркем жинақталған.
Эпоста Манас батыр бастаған жеңімпаз, ақылды, ер жүрек қырғыз батырларының туған елі мен жері үшін сыртқы жауларға қарсы қиянкескі жорықтары, шайқасы мен ерлігі жырланады.
«Манас» эпосы үлкен үш бөлімнен тұрады. Эпостың бірінші бөлімінде қаһарман Манастың, екінші бөлімінде Манастың баласы Семетейдің, үшінші бөлімінде Манастың немересі Сейтектің өмірі мен өз халқы үшін қанды жорықтары, ерлік істері суреттеледі.
«Манас» эпосы – өз ішіне көптеген шытырман окиғаларға толы дастандарды қамтыған, сюжеті аса күрделі жыр-дастан. Эпос құрамына енетін бұл дастандарда достық, отансүйгіштік, ерлік, ел қорғау идеялары дәріптеледі. Жырда Манастың қалмақ ханы жіберген Албасты Қожарт Алып, Кучкі, Жолай сияқты палуандарды жеңіп шиығуы, түрлі өлкелерден ізгі ниетпен келген Ажыбай, Шумақ, Сырғақ, Серек және Алмамбет сияқты батырлармен достасуы, өз халқын қызылбас және қалмақ хандарының зұлымдығынан азат етуІ зор шеберлікпен суреттеледі.
«Манас» дастанында қырғыз халқының сан ғасырлар бойында басынан кешірген оқиғаларының сарыны, хапықтың сол оқиғаларға көзқарасы, дүние-жаратылыс туралы ұғымы мейлінше мол бейнеленген.
Ғажайып мұраны зерттеу ісіне қазақ ғалымдары да өлшеусіз үлес қосты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында «Манас» жырының «Көкетай ханның өлімі және оған берілген ас» атты ең бір шұрайлы, көркем бөлімдерінің бірін жазып алып, оны орыс тіліне аудару арқылы қырғыз елінің ғажайып әдеби мұрасын басқа елдерге, Еуропа ғалымдарына тұңғыш рет таныстырды.
«Манас» жырының Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасы соңғы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген еді. Ақадемик Ә.Марғұлан ұзақ жылдар бойы сарыла іздеп, мұрағат қазыналарынан «Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын тауып, әрі ол туралы ғылыми еңбек жазды. (Әлкей Марғұлан «Шокан және «Манас», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1971).
Әміршіл жүйенің озбыр саясаты тұсында «Манас» эпосының тағдыры талқыға түскен кезенде М.Әуезов қырғыз халқы тудырған мәңгі өлмес, мәңгі өшпес рухани ескерткіш - «Манастың» мәдениет төріндегі орнын айшықтап, эпостың кұндылығын дәлелдеп, жанын салып қорғай білген. Ол туралы Ш.Айтматов «¥стаз туралы сөз» дейтін еңбегінің ішіндегі «Біздің Мұхтар» деп аталатын мақаласында жүрек тебірентер жылы лебіз білдірген. («Біздің Мұхтар», 1976ж)
Қырғыз халқының «Манас» эпосы - адамзаттың мәдениет төріндегі рухани ұлы мұрасының бірі. Оның толық нұсқасы алғаш рет белгілі жырау Сағынбай Оразбақовтың айтуы бойынша жазылып алынған. Одан кейін «Манас» трилогиясын («Манас», «Семетей», «Сейтек») толық жырлаған қырғыз халқының жыр дүлдүлі Саяқбай Қаралаев.
«Манас» эпосы көптеген тілдерге тәржіма жасалған. Ол қаза тіліне де аударылып, төрт кітап болып жарық көрді («Манас», Алматы, 1961, 1962ж).
1995 жылы «Манас» дастанының мыңжылдық мерейтойы Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан дүниежүзі деңгейінде аталып өтіліп, 1995 жыл Орталық Азия аймағында «Манас жылы» деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет