Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет11/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
ЖИЕН ЖЫРАУ


Қарақалпақ халқының XVIII ғасырда өмір сүрген көрнекті шайыры – Жиен жырау. Әдебиет зерттеушілерінің пікірі бойынша, қазіргі қарақалпақ әдебиетінің тарихы Жиен жырау шығармаларынан басталады.
Жырау XVIII ғасырда қарақалпақ халқының отаны болып саналатын Түркістан жерінен Хорезмге қарай ауа көшкен халықтың ауыр жағдайын «Босқан ел» дастанында күйзеліспен суреттейді. Туған жерін тастап, жат елден бақыт іздеген босқын жұрттың жол азабын, қайғы-қасіретін жырау өз дастаныңда шеберлікпен жырлайды.
Жиен жыраудың «¥лытау», «Ей, жігіттер, жігіттер», «Бер түйемді», «Лағым», «Қош болыңдар, достар» деген өлеңдері қарақалпақ елінің жырау өмір сүрген кезеңіндегі тұрмыс-тіршілігінен, тарихынан мол мәлімет береді.
Сонымен қатар Жиен жырау «Қырық қыз», «Ақымақ патша» және «Алпамыс» сияқты бағзы замандардан бастау алатын халықтық дастандарды бүгінгі ұрпаққа алғаш жеткізушілердің бірінен саналады. «Қырық қыз» – қарақалпақ халқының батырлық эпосы және қарақалпақ халқының ұлт ретіндегі өзіндік бет-бейнесін көрсететін төл туындысы.
Туған жерді сыртқы жаулардан азат ету, оларға қарсы жанқиярлық күрес, достық пен адалдықты ту етіп көтеру – «Қырық қыз» дастанының басты идеясы болып табылады.
Дастанда қарақалпақ елінің ежелгі қалалары Саркоп пен Хорезмге қалмақ ханы Сұртайша мен қызылбас ханы Надиршаның қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасап, қарақалпақ халқын қырғынға ұшыратқанын, елін тонап, жас сәбилерін найзаның ұшына іліп, өлтіріп, асқан қатігездік көрсеткені көркемдік шеберлікпен берілген.
Жырда Саркоп қаласының батыр қызы Гулайым мен онын нөкерлері – қырық қыздың өз елін азат ету жолындағы ерлігі баяндалады. Сондай-ақ Хорезм қаласының батыр жігіті Арыстанның шеттен келген басқыншыларға қарсы аяусыз күресте көрсеткен батырлығы, мәрттігі, адамгершілік қасиеттері, достыққа беріктігі, махаббатқа адалдығы қаһармандық эпосқа тән көркемдік тәсілдермен жырланады.
«Қырық қыз» дастанының негізгі кейіпкерлері – Гүлайым мен Арыстан, Сарбиназ, Алтынай – бастарына қандай қиыншылық түссе де, қиын-қыстау кезендерде алған беттерінен қайтпайтын, көздеген мұрат-мақсаттарына жету үшін аянбай күресетін қас батырлар.
Сонымен бірге, дастанда Әшір, Аманқүл, Сайеке, Шұнақ, Жұрынтаз сияқты күншіл, зымиян жандардың жиіркенішті бейнелері де нанымды берілген. Бұлар өз пасықтығына қарамастан, періштедей Гүлайымның жүрегін жаулағысы келеді.
Жырда қасиетті қарақалпақ жерін сыртқы жаудан қорғауға қатысқан халықтың батыр ұлдары мен қыздарының бірлескен күші, ынтымағы мен достастығы тартымды оқиғалар арқылы беріледі. Дастанның негізгі идеясы –әлемде туған жерің мен еліңнен артық, одан қымбат ешбір нәрсенің жоқ екендігін паш ету.
Туған елдің мәртебесін бәрінен де жоғары қоя білген Гүлайым қалмаққа қарсы соғысқа аттанар сәтте бүкіл қарақалпақ халқын жинап, олардың батасын алып, ақылдасады, әрі туған жері үшін жанын пида етуге даяр ұлдарын қолға қару алып, қан майданға шығуға шақырады.
Дастан Сұртайша мен Надирша хандар жорығының жеңіліске ұшырауымен туған жері мен елінің азаттығы үшін жанқиярлықпен күрескен Гүлайым мен Арыстан бастаған әскердің жеңісімен аяқталады. Жырдың соңында Гүлайым мен Арыстан жау қолына түскен достарын және қарақалпақ елінің барлық тұтқындарын азат етеді.
«Қырық қыз» дастаны әрқайсысында белгілі бір оқиғалар желісі баяндалатын жиырма алты жырдан тұрады. Дастан ішіндегі қаһармандардың ортақтығы, ол жырларды бір желіде тоғыстырып, соның нәтижесінде өзге түркі тектес халықтардың ешқайсысында ұшыраспайтын қарақалпақ халқының төл туындысы «Қырық қыз» дастаны өмірге келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет