Байланысты: Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы
Дәрістің мазмұны. Түркия Республикасы – Батыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жер көлемі негізінен (97 пайызға жуығы) Кіші Азия түбегіне, яғни Анадолы жеріне орналасқан. Халқының саны – 70 млн., халқының 90 пайыздан астамы – түріктер, Мемлекеттік тілі – түрік тілі. Ресми діни нанымы – ислам діні. Астанасы – Анкара қаласы. Мемлекеттік құрылысы жағынан Түркия – Республика. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Бірден-бір заң шығаратын жоғарғы өкімет органы – екі палаталы парламент. Түрік халқының ұлт-азаттық күресін (1918-1922) басқарып, туған елін сан ғасырларға созылған Сұлтандар әулетінің езгісі мен империалистік мемлекеттердің қанауынан құтқарған – Мұстафа Кемал Ататүрік (1881-1938) еді. Ататүрік бастаған күрестің нәтижесінде Батыс үлгісіндегі, Еуропалық сипаттағы демократияға негізделген бүгінгі Түркия Республикасы дүниеге келді (1923 ж. 29 қазан). Оның тұңғыш президенті Ататүрік болды. Түрік халқының алдындағы орасан зор еңбегі ескеріліп, ¥лы ¥лттық Мәжілістің (парламенттің) арнайы қаулысымен Мұстафа Кемалға 1934 жылы «Ататүрік» (Түріктердің атасы) фамилиясы берілген. Басқа түркі тектес халықтар сияқты түрік әдебиетінің де түп-негізі ежелгі түркі әдебиетінен желі тартады. Түркі кағанаты тарихының алғашқы кезеңінде-ақ көне түркі таңбаларына ұқсас болып келетін 38 таңбадан тұратын, кейінірек «руна» аталып кеткен төл жазуы негізінде, астрономия саласындағы ғылыми жетістіктер мен геометрия, математика ғылымдарына негізделген кене түркі өркениеті қалыптасты. Ежелгі түріктер негізінен қос күшке – Көкке (тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйынатын болған. Сонымен қатар, олар үшінші күш отбасын, бала-шағаны қорғаушы әйел тәңірісі – ¥майға сыйынатын болған. Оғыз тайпаларының мәдениеті Сыр бойында тұрған Янгикент (Жаңақент), Жент, Узкент (Оғызкент), Баршынкент (Қызқала), Сүткент, Отырар сияқты оғыз тайпаларының ең маңызды қалаларымен байланысты. Оғыз тайпаларының мәдениеті барынша өркен жайған астаналары – Сығанақ, Сауран, Түркістан т.б. кенттер болған. Ерекше дамыған түрік әдебиетінің қалыптасуында Осман түріктері аңыздары мен әпсаналарының да үлесі мол. Бұл аңыздардың бір ерекшелігі – олардың негізгі кейіпкерлері қарапайым халық арасынан шыққан дәруіштер, әфенділер, бабалар болып келеді. Осман түріктерінің фолыклоры – ауыз әдебиетінің сан түрлі үлгілері: ертегілер, мақал-мәтелдер, әзілдер, аңыздардан тұрады. Түрік әдебиетінің мол саласын түркі халықтарының көпшіліген ортақ болып келетін қаһармандар – Тимур Ленгенің, Ашық Пашаның, Хаджы Бекташтың, Ескендір Зұлқарнайынның есімдеріне байланысты тарихи аңыздар құрайды. Бұлардың қатарыша күллі түркі халықтарының сүйікті кейіпкері болып есептелетін Қожанасреддин туралы сатиралық аңыз-әңгімелерді қосуға болады және оның түрік халық ауыз әдебиетіндегі маңызы ерекше. Түрік жазба әдебиетінің алғашқы бастаулары Түрік қағанаты (552-745 жылдар) тұсында туған ерлік дастандары «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы жырлар УІ-ІХ ғасырлардың әдеби мұралары – «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», Әбу-Насыр Әл- Фараби өлеңдері; Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет үлгілері – Махмұд Қашқаридің «Диуану лұғат ит-түрік», Жүсіп Баласағұнның «Қүтты білік» дастаны, Ахмет Иугінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») т.б. ежелгі мұралар болып табылады. Түрік әдебиеттану ғылымының анықтауы бойынша XV-XVII ғасырлар түрік поэзиясының дамуындағы классикалық кезең саналады. Бұл кезде Түрік әдебиетін әсіресе, Челеби Хамдулла (1448-1509), Месехи (1470-1514), Михри Хатун (1456-1514), Махмуд Абдул Бақы (1526-1600) сияқты ақындар ілгері дамытқан. Түрік әдебиетінің XV ғасырдағы аса көрнекті өкілі Челеби Хамдулла Шығыс классикалық әдебиетіндегі озық дәстүрлерін ұстана отырып, «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Епсал мен Селаман» сияқты ғашықтық дастандарымен әйгілі. XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында өзінің ішкі саясатын жақсарту және әскери-теңіз күштерін жетілдіру, жер көлемін кеңейтуінің арқасында Осман империясы көркейе түсті. Осы тұста түрік әдебиетінде проза жанры дамыды. Сонымен қатар түрік әдебиетінде түрік тезкирелері қалыптаса бастады. Парсы және түркі әдебиеттануының негізгі түрі тезкиреге шайырлардың шығармаларынан үзінділер беріліп, сол шайырлар жайлы қысқаша анықтамалар енгізілетін болған.