Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет34/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Ахмед Мидхат (1844-1913) түрік әдебиетіне өзінің көркем әңгіме-хикаяларымен мол үлес косқан жазушы. Түркі халқының тұрмыс-тіршілігінен сан қилы сыр шертетін «Қызықты тарих» деп аталатын әңгімелер топтамасы соның айғағы. Өз шығармашылығын әңгімелерден бастаған Ахмед Мидхат кейін көлемді прозаға ауысқан. Оның «Жер періштесі», «Париждегі Османдық», «Хасан матрос», «Жарықта екінші рет пайда болу», «Дюрдана ханым», «Албандықтар», «Жасанды тазалық» сияқты қадау-қадау романдары арқылы түрік әдебиетін жоғары көркемдік деңгейге жеткізген. Өз прозалық туындыларына жылы юморды көп араластырған Ахмед Мидхат кейінірек комедиялық шығармалар жазуға ауысқан. Оның «Ашық бас», «Уздени», «Биші» сияқты комедиялық туындылары қалың жұртышылықты күлкіге бөлеген, күлдіре отырып тәрбиелеген озық шығармалар. Ахмед Мидхат шығармаларының үлгісі түрік әдебиетіндегі меддахтар стилімен үндесіп отырады. Сондай-ақ Ахмед Мидхат түрік әдебиеттану ғылымының салаларын терең зерггеп «Туынды» тарихи монографиясын жазған.
Абдул Хақк Хамид-бей түрік поэзиясын араб-парсы әсерінен даралауды жүзеге асырушы ағымның көшбасшысы. Бұл ағымды қостаушышар түрік тілін араб-парсы тілдерінен енген сөздерден тазартып, түрік әдебиетін Шығыстық поэзия әсерінен даралауды мақсат еткен. Сонымен қатар оның «Жайылымдар» өлең жинағы, «Ойдағыдай қыз» романы, «Тариқ» және «Тезер немесе Абдурахман III» сияқты пьесалары бар.
Мехмед Эмин (лақап аты – Юрдақул) (1869-1944)бүкіл түркі халықтарының бірлігін жақтаған, ғұмыр бойы түрікшілдік насихатшысы болған белгілі ақын. Оның ұлттық, турікшілдік-жауынгерлік, публицистикалық сарындағы көптеген өлеңдерінің басын біріктірген «Түріктік саз» атты жинағы 1914 жылы жарияланған.
Түрік әдебиетінде Теврик Фикрет, Дженаб Шехабеддин, Хюсейн Сюад, Ахмед Хикмет, Ушақизаде Халид Зия, Хусейн Джахид, Мехмед Реуф сияқты жаңа тәсілмен жазатын қаламгерлердің қалыптасуына «Сервети-Фюнун» әдеби журналының ықпалы зор болды.
XIX ғасырдың соңындағы түрік әдебиетінде Шығыс және Батыс әдебиеттерінің, жалпы әлем әдебиетінің озық дәстүрлерімен байланыс жасау идеясы «Сервети-Фюнун» журналы төңірегіндегі шығармашылық ортада қалыптасты. XIX ғасырдың 90 жылдарындағы «Сервети-Фюнун» журналы қалыптастырған шығармашылық ортадан ақын Теврик Фикрет (1867-1915) ерекше бой көрсетті. Оның «Бұзылған Лютия» кітабы кейіпкерлер галереясын шебер бере білуімен, шытырман оқиғаларды көркем суреттеуімен ерекшеленеді.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдардында түрік әдебиетінде романтизм ағымы белең алды. Сол тұста жаңа түрік прозасы қалыптасты. Жаңа түрік прозасының көрнекті өкілі Халид Зия (1866-1945) өзінің «Ферди және К», «Көгілдір және кара», «Тыйым салынған махаббат» романдары арқылы жаңа түрік прозасындағы романтикалық бағытты қалыптастырды. Сонымен қатар Халид Зия түрік әдебиетінде психологиялық новеллистиканың да негізін салушы болып есептеледі.
Осы кезенде халық шығармашылығы негізінде қалыптасқан Фарук Нафыз, Орхан Сейфи, Юсуф Зия т.б. талантты ақындар тобы шықты.
Яхия Кемал (1884-1959) түрік әдебиетінде Шығыстық аруз өлшемінің көрнекті өкілі болса, Ахмед Хашим (1885-1933) түрік әдебиетінде символизмнің негізін салушы болып табылады. Омер Сейфиддин (1884-1920) түрік әдебиетінде жаңа реалистік негіздегі түрік новелласын қалыптастырған. Сонымен қатар ол шығармаларында философиялық ой-тұжырымдарды, памфлеттік көтеріңкі әуенді, сарказмға толы сатираны орнықтырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет