Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет13/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Кіріспе зерттеу ж мысыны зектілігі

Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек, - дейді фр. фил-фы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап – ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғ. оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу - психолог-педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде әлеуметтенуі – заман талабы.
Ерекше қабілетімен көзге түскен оқушы жоғары белсенділігімен, ұшқыр ойымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен танылады. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да, өз қатарластарын басып озып озады. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой-өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында.
Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетеді. Бала бойындағы дарындылықты дамытуда ата-ана, мектеп, ұстаз арасында ынтымақтастықпен бірлескен ауқымды іс-шаралар өткізілуі тиіс.
Сондықтан да, гуманитарлық-қоғамдық ӘБ мектебімізде дарындылықты дамытудың және дарынды түлектің мынадай моделін сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз:
● Күннің көзі мен күн сәулелері арқылы дарынды түлек дарынды мектепте қандай білім мен тәрбие алып, болашақта қандай тұлға болуы тиісті екенін сіздерге ұсынып отырмыз. Модельде күн сәулелері -болашақтың белгісі, тармақтарында – атқарылған ауқымды жұмыстар бейнеленген. Бұл – отбасы, мектеп, ұстаз, солардың бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында дарынды бала қалыптасады. Ал қоғамға біліммен шыңдалған, еңбексүйгіш, талапты, терең ойлы дарынды бала қажет.
● Жастардың құндылықты дұрыс бағдарлануы біршама әлеуметтік мәселелердің шешім табуына көмектеседі. Әсіресе, білім, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, іскерлік, креатив, еңбек, денсаулық сақтау секілді маңызды дүниелерді ұстаным еткен жастар өздерінің өмірін дұрыс ұйымдастырумен қатар, мемлекет дамуына елеулі үлес қосатыны анық. Осылайша, сәтті әлеуметтену үдерісіне қол жеткізген кез келген жас – өмірде өз жолын тауып, Абай айтқандай, «өмірге кірпіш болып қаланады».
Уақыт өткен сайын ересектердің өздерінің субъектілігін дамытуға ұмтылу тенденциясының дамуы байқалады. Субъектілікмәселесі соңғы жылдары адам туралы теориялық-қолданбалы зерттеулерде, тұлғалық және кәсіби дамудың психологиялық педагогикалық механизмдерін зерттеуде маңызды орынға ие болып келе жатыр.
Психологиялық зерттеулерге сәйкес, субъектілік тұлғаның өзін-өзі бағыттау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау процесінің дамуы негізінде өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беретін өміртіршілігін практикалық өзгеру объектісіне айналдыру қабілетін білдіреді. Ересек оқушылардың субъектілігі оның оқу-таным іс-әрекетінде, қарым-қатынасында, өзін-өзі тануында айқындалады. А.В.Белошицкий, И.Ф. Бережнаяның пікірі бойынша, «Субъектілік ересек оқушының жүзеге асыратын іс-әрекет түрлерінде нақты міндеттерді шешіп, мақсатқа жету мүмкіндіктерін көрсететін өнімділік және табыс деңгейін сипаттайды» [1,60 б.].
Б.Тұрғынбаеваның пайымдауынша, субъектілік мына төмендегі үш кіріккен мәнді сапалармен сипатталады: «өзін-өзі детерминалдандыру, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту [2, 12 б.]. Біздің ойымызша, осы аталған сапалар тұлға үшін маңызды болып табылатын мақсатын жүзеге асыру жолында өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын білдіреді. Демек, андрагог оқытушының міндеті - жетілген ересек оқушының өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысымен айқындалатын субъектілігінің дамуына педагогикалық жағдайлар туғызып қолдау көрсету деп есептейміз. Жетілген ересек адамның субъектілігінің басты белгісі қандай?
Ересек адамның білім алуына қатысты субъектілігі келесі көрсеткіштермен айқындалады:

  • ақпараттық қажеттілікті өздігінен қалыптастыра білу;

  • оқу моделін таңдау мүмкіндігі;

  • оқу процесінің әрбір кезеңдеріндегі рөлдік ұстанымдарды саналы түрде қабылдай білу;

  • мотивациялық, эмоционалды-еріктік, физиологиялық өзін-өзі реттеу қабілеттеріне сүйену;

  • кәсіби құзырлығының деңгейін талдай алуы;

  • өзінің әлеумет арасындағы қаншалықты мәртебесінің барлығын сараптай алуы;

  • танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының дамуы;

  • өзін-өзі іске қосудың, кедергілер мен шектеулерден шыға алудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіріп таба алуы;

  • өзінің ойлау жүйесін өзіне-өзі бұйрық бере отырып іске қоса білуі (табандылығы, бастамашылдығы, мақсаттылығы, бағыттылығы);

  • өзінің өмірлік тәжірибесін білім мазмұнына енгізуге мүмкіндігі мен ұмтылысы;

  • біліктілігін жетілдіру қажеттілігін сезінуі;

  • білімнің үздіксіз екенін ұғынуы;

  • өз пікірінің болуы және өз пікірін өзі қорғай білуі.

Ғылым-білімді меңгерумен ғана дамитын субъектіліктің басты белгілерінің бірі - адамның ақылмен өлшеп тапқан өз пікірінің болуына және сол пікірде табандап тұра білуіне кезінде ағартушы ақын Абай да басты назар аударған болатын. Ұлы ойшыл Абай не нәрсеге болсын ақыл - таразы, («ақыл - мизан, өлшеу қыл»), дуниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Кез-келген жаста шынайы субъектілік ұстаным оқи білумен бекітілуі тиіс. Оқи білу құзырлығыөздігінен пайда болмайды, ол барлық түзілімдік компоненттері жетілген педагогикалық қарым-қатынас барысында ғана қалыптасады. Жетілген ересек адамның оқи білу құзырлығының қалыптасуын айқындайтын көрсеткіштер:

  • білімнің белгілі бір мазмұны мен көздерін таңдауының мәні мен мақсатын анық түсінуі;

  • оқу процесіне өзінің тұлғалық дамуын мақсат тұтып өз еркімен қосылуы;

  • оқытудың мазмұны, процесі мен нәтижелері бойынша рефлексияға қабілеттілігі;

  • оқу процесінің барысын дұрыс бағалап, түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін сыни ойлай білуі;

  • қоршаған ортаға, әлемге деген әр түрлі көзқарасты қабылдай білуі;

  • білім алудың табысты нәтижесіне өздігінен жете білуі;

  • өзіне қажетті ақпаратты таба білуі;

  • әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі.

«Өмір мектептерінің» ересек адамның тұлға ретінде дамуына тигізер әсері зор, бірақ адамның өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту қабілеттері, яғни субъектілігі, білім алу арқылы ғана дамиды. Осы уақыт озған сайын дамып келе жатқан тенденцияға сәйкес қазіргі педагогикада оқыту - тұлғаға ықпал жасау емес, «тұлғаның даму мүмкіндіктерін кеңіту» (А.Г. Асмолов), тұлғаның даму процесін басқару деп айқындалатын болды [3]. Б.Б. Коссов «Тұлғаның даму процесі бар, ол педагогикалық ұйымдасқан іс-әрекеттермен және қарым-қатынаспен (дара, топтық, ұжымдық, бұқаралық) реттеледі, түзетіліп, өзгереді, толықтырылады. Оқыту дегеніміз осы» деп жазады. [4,36]. Оқытудың осы аталған ерекше «миссиясы» ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың мүмкіндіктерін жоғарылатып, оның мақсатын жетілген ересек адамның көздеген мақсатын, ойын немесе идеясын жүзеге асыру жолында тұлғалық кәсіби дамып, жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне қолайлы педагогикалық-психологиялық жағдайлар туғызу деп айқындауға мүмкіндік берді. Осындағы «жаңа сапалық деңгейге көтерілу» ең алдымен ересек оқушының андарагогикалық жүйеге бейімделіп, оқи білу дағдыларының қалыптасуын, оның негізінде оқу мақсатына сәйкес құзырлығының дамуын, құзырлығының дамуы негізінде субъектілігінің дамуын білдіреді.
Теориялық зерттеулерді түйіндей келе, оқыту (қарым-қатынас) процесін ересек оқушы үшін аса маңызды болып табылатын мақсатын (білімін жетілдіру, жаңа таным қызметін меңгеру) жүзеге асыру барысындағысубъектілік жаңа сапалық деңгейге көтерілуін мақсатты түрде педагогикалық ұйымдастыру механизмі ретінде қарастыруға болады[5]. Бұл жерде біз «ұйымдастыру» ұғымын ынта мен іс-әрекеттердің мақсаттылығын, өз ара үйлесуін, ұйымдасуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар қарым-қатынас субъектілерінің тұлғалық-кәсіби даму нәтижелеріне жауапкершіліктерін бөлісуді қамтамасыз ететін субъектілердің біріккен іс-әрекеті, өз ара әрекеттесуі ретінде қарастырамыз.
Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып отырғаны баршамызға белгілі.
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру барсынында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту болып табылады. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Олай болса өскелең ұрпақ мүғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» деп көрсетілген. Олай болса, барша ұстаздар қауымына ХХІ ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі үлкен жауакершілік жүктеліп отырғаны анық. Қазіргі білім беру саласында шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж.
Педагогика ғылымында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен шығармашылыққа баулу Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, В.Ф. Шаталов еңбектерінде орын алған.
Шығармашылық жұмыс – бұл нәтижелі әрекет, ол тұлғаның жаңа материалдық немесе рухани байлыққа ие болуымен сипатталады[17]. Өзіндік шығармашылық жұмыс міндет қоюдан басталады. Келесі кезеңі – жобалау. Өзіндік шығармашылық жұмыс іс-әрекеттің барлық жағдайын барынша пайдалана білумен байланысты. Жоспарды құруда, іс-әрекетті орындаудың стратегиялық, тактикалық міндеттер, жаңа шешім қабылдаудағы психологиялық әзірлік жатады.
Оқушының өзіндік шығармашылық жұмысы - өзіне-өзі талдау жасау, байқау, бағалау сапаларымен айқындалады.
Шығармашылық дегеніміз – адамның бұрын болып көрмеген жаңа бір нәрсені жасауға бағытталған қызметі, адамның табиғаттағы белгілі материалдардан еңбектену арқылы алуан түрлі қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере алатын нәрсе жасап алатын қабілеті[18].
Жеке тұлғаның өзіндік шығармашылық жұмысты орындауға қызығушылығы мен пайда болған түрткілеріне байланысты болады. Шығармашылық қажеттілік және белгілі бір іске мақсат қоя білуі, іс-әрекетке бейімделуі, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысуға деген психологиялық ұстанымы, көңіл-күйі.
Болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруда оқу-практикалық сабақтардың, семинар сабақтарының шығармашылық негізде ұйымдастырылуы. Оқушылардың ұжымдық пікірлесуге қатысуы, мәдени қарым-қатынасқа түсуі. Аргумент, фактілерді қолданып дәлелді, дәлді сөйлеуі. Ұжымдық ақыл-ой әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыру. Семинар – пікірталас сабақтарда оқушылардың диалогке қатысуы, шығармашықпен ойлауы, өзіндік пікір айтуы. Семинар – оқушылардың теориялық алған білімдерін өзіндік шығармашылықпен практикалық тұрғыда бекіту формасы болып табылады.
Болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін арттыруда мынадай қасиеттерді қалыптастыру керек:

  • болашақ мамандардың жалпы кәсіби дүниетанымын кеңейту;

  • оқушылардың теориялық білімін жүйелеу және кеңейту;

  • өзіндік жұмысты, ізденуді әдетке айналдыру;

  • оқушылардың өзіндік жұмысын дайындау барысында үздіксіз кәсіби білімнің дамуыту.

Жалпы алғанда шығармашылық – бұл жаңаны ұғыну деген мағынаны білдіреді. Шығармашылық іс-әрекеттің шығармашылық ойлауымен байланысты[74].
Қазақстан Республикасының білім саласындағы жоғары кәсіби білім жүйесін жетілдіру бағытында Н.Д. Хмель, Е.А. Әбілқасымова, Т.С. Кушеров, Г.Ж. меңлібекова т.б. зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
С.М.Кеңесбаев өзінің ғылыми зерттеуінде оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы болашақ мұғалімнің даярлығын теориялық негіздеген, психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесі мен педагогикалық практикадағы оқушылардың оқу және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тәсілдері мен мазмұнын анықтаған[80].
Б.Т. Абыканова зерттеу жұмысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін технологиялық, жеке тұлға қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми-теориялық негізін анықтаған; танымдық белсенділікті арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері мен дидактикалық шарттарын айқындаған.
Н.А. Гончарова «тұлғаның шығармашылық белсенділігі» ұғымының педагогикалық мәнін: «белсенділік», «тұлға», «шығармашылық» категориялары ретінде қарастырып, мұғалім даярлаудың құрылымдық моделін ұсынған.
К.Л. Полупан ғылыми зерттеу жұмысында «оқушыларға білім беру сапасы», «оқушыларға білім беру сапасын басқару» ұғымдарына анықтама беріп, дамытушы компьютерлік диагностика негізінде оқушылардың білім сапасын басқаруды теориялық негіздеген және практикалық жүзеге асыру жолдарын қарастырған.
Б.Н. Қадірова оқу үрдісінің субъектісі ретінде оқушы белсенділігін, оның шығармашылық бағыттағы әрекеттенуіндегі өзіндік жұмыстың маңыздылығын ғылыми тұрғыда негіздеген.
Д.Ж. Кішібаева шығармашылық тұлғаны қалыптастыру философиясы, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан зертдеген және оны іс-жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдерді айқындаған.
Жоғарыда келтірілген қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Педагогикалық шығармашылық – бұл нәтижесінде объективті және субъективті мәнге ие жаңа жетілген материалды және рухани құндылықтарды жасау әрекеті. «Шығармашылық» ұғымына берілген көптеген анықтамаларды талдай отырып, оның өзгеше сапалары ретінде өнімнің жаңалығын, оның қоғам үшін және шығармашылық субъекті үшін маңызын, шығармашылықтың нәтижесіне қол жеткізу барысындағы жолының қайталанбастығын көрсетуге болады.
Шығармашылық тұлғаның сапалары оның табиғатынан, педагогтың шығармашылық әрекетінің ерекшелігінен, әлеуметтік позициясынан шығатынын есепкеталатын болсақ, педагогтың шығармашылық әрекетке дайындық деңгейлерін төмендегіше көрсетуге болады:

  1. Базалық деңгей. Педагогтың бойында байқағыштық, алғырлық, ұйымдастырушылық, өзін-өзі сынға алу, өзін-өзі басқару, талап қоя білу, тапқырлық, жауапкершілік, т.б. қасиеттерінің болуы

  2. Орнықты деңгей педагогтың кәсіби бағытталуы, сыншылдық, психологиялық қырағылық, ойлаудың ерекше формасы, эмоцианалды-еріктік тұрақтылық, принципиалдық, әділдік, жаңаны сезіну қасиеттерімен сипатталады.

  3. Шығармашылық деңгей. Педагог өзін шығармашыл тұлға ретінде сезінеді. Оған ойлаудың шығармашылық сипаты, өз күшіне сенімділігі, жақсылыққа сену, ойлаудың шынайлығы, қарым-қатнастың ең жоғарғы деңгейлі мәдениеті. Шығармашыл педагог көптеген педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылыми ізденіс пен практиканы сабақтастыра алады, оқыту және тәрбиелеу үрдісіне зерттеушілік тұрғыдан қарайды. Шығармашылық деңгейде педагог оқытудың авторлық бағдарламасын жасуға, өзінің педагогикалық шеберханасын ашуға, авторлық курстарды жүргізуге дайын болады.

  4. Зерттеушілік деңгей. Педагог ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін меңгерген, өз бетімен ғылыми зерттеу жүргізуге және өз әріптестерінің шығармашылық ізденістерін жүргізуге қабілетті. Шығармашылықтың бұл деңгейінде педагогтың жаңа заңдылықтарды ашуға, ғылыми идеяларды қалыптастыруға, ғылыми тұжырымдама жасауға мүмкіндігі бар.

Осылайша, педагогикалық шеберліктің деңгейі педагогикалық шығармашылықтың сипатын анықтайды.
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді[53].
Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, «Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келеді[56]. Ол-адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл-ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі[53]. Өмірде дұрыс жолд табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтыа, өзін-өзі табуына көмектеседі.
Шығармашылық – жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. Шығармашылық тек адамға ғана тән құбылыс[56].
Яғни, қорыта келгенде оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланып, әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, дәстүрлі емес сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыру талабы қойылады.
Қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістер білім беру жүйесінің маңыздылығын арттырып, болашақ мамандардың біліктілігіне зор талаптар қоюда. Қазіргі педагог маман бұрын-соңды болмаған әр түрлі педагогикалық мәселелермен бетпе-бет келуде. Ал, бұл мәселелерді түпкілікті шешу аналитикалық, ақпараттық, қатысымдық, рефлексивтік және т.б. іскерліктерді қажет етеді. Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты толық меңгерген құзіретті маман даярлау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасының білім беру саясаты тұжырымдамасында» көрсетілгендей, «мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі көрсеткіші - инновациялық, шығармашыл ойлау типіне ие, мәдени қалыптасқан, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарайтын, жоғары сапалы, жаңа формациядағы мамандарды даярлау».
Жаңа формация азаматтарын даярлау қазіргі педагогика мен әдістеме саласының ерекше көңіл аударып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа формация азаматыдегеніміз – жаңашылдыққа ұмтылған, бай қабілет пен кәсіби дағды иесі, шығармашыл және рухани бай тұлға[90].
Жаңа формация мұғаліміне тән қасиеттер: мәселелік ойлау, жүйелі дүниетаным, жауапкершілікті қажет ететін шешімдер қабылдай білу, шығармашылық, кәсіби құзіреттілік, мақсатқа бағыттылық, өзін-өзі жетілдіру, ынтымақтастық, ақпараттық мәдениет, табандылық.
Оқушылардың шет тілінендаярлығыО.А. Абдуллина, С.И. Архангельский, Ю.К.Бабанский, Е.Д. Белозерцев, Ф.Н. Гоноболин, В.И. Загвязинский, Н.В. Кузьмина, И.Я.Лернер, И.Н. Нугманов, Т.С. Сабиров, В.А. Сластенин, Н.Н. Хан, Н.Д. Хмель, А.И. Щербаков сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Ал, С.И. Архангельский, Е.П. Белозерцев, М.Н. Карапетова, Л.П. Кибардина, Т.А.Ким, И.А. Колесникова, Н.Д. Левитов, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, К. Успанов, сондай-ақ С.С. Кунанбаева, Д.Н. Кулибаеваның еңбектерінде шетел тілі үшін маңызды сапалар мен құзіреттілік тұрғысынан қарау мәселелеріне назар аударылады.
Құзіреттілікті қалыптастыру шетелдік ғалымдардың да назарынан тыс қалған емес. Атап айтатын болсақ, G.Moskowitz, R.L.Oxford, R.S.Scarcella, E.W.Stewick, E.Tarone, D.Yule сияқты ғалымдар өз еңбектерінде тіл үйренушінің кәсіби құзіреттілігіне үлкен мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет