2.3 Мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырудажаңа технологияларды қолдану
Шетел тілінде оқытудың мәдениетаралық - қатысымдық теориясы шетелтілдік білім берудің қазіргі жүргізуші концепциясы ретінде тіл мен мәдениеттің интеграцияланған оқытуына бағытталғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қатысым барысында тілдің транслятор ретінде әлеуметтік - мәдени ерекшелігін ұлттық - тілдік қоғамдастықтармен ашылуын және ашық әлем жағдайында олардың өзара түсіністігіне жол беруін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік психологияда қатынастың қатысымды жағына, қатынасты ақпарат алмасу үрдісін, яғни, сөздің тар мағынасындағы қатысымды жатқызады. Қатысымның интерактивті жағын бірлескен әрекеттестікті ұйымдастыру барысындағы ақпаратпен вербальды алмасу ғана емес, сонымен қатар, өзара әрекетті жоспарлау мен бірлескен әрекеттерді орындау түрін иеленген индивидтердің өзара қатынас жасайтын әрекетті ұйымдастыру деп түсінеміз. Қатынастың перцептивті жағын қатынас пен соның негізіндегі өзара түсіністікті орнатудағы партнерлердің бір - бірін тану мен қабылдау үрдісі деп анықтайды.
Қазіргі таңда болып жатқан жаһандану үрдісі мен адам қатынасы қажеттіліктерінің күшеюіне мәдениетаралық қатысым себепші болып отыр. Сөз әрекетінің барлық түрлерінен (тыңдап түсіну, ауызша сөйлеу, оқу және жазу әрекеттері), сөз әрекетінің ең табиғи түрі болып диалог түріндегі сөз табылады. Себебі, диалог репликалармен немесе дайын фразалармен алмасу емес, ол - қатынас, яғни адамдардың сол қатынасқа түсу барысындағы өзара әрекеті. Оқушыларде диалог түріндегі қатынасты дамытуда мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыру үлкен рөл атқарады. С.С.Құнанбаева өз еңбегінде диалогты өзара әрекеттестіктің қатынастағы мазмұнды негізін мойындау, диалогты қатынастың іске асу үрдісіне енетін ұғымдар мен категориялардың тізімі деп анықтайды: хабар жіберуші мен хабар алушының тұрақты байланысы, қатысымдық ынтасы, қатысымдық рөлдері, қатысымдық диалогты өзара әрекеттің өту жағдайы мен қатысымдық контекст, олардың қолдағы прагматиконы мен т.б. бейнеленуі ретіндегі коммуниканттардың әсер ету стратегиялары. [33] Қазіргі қатысымды лингвистикада хабар алушының бейнесі мен адресация қызметтері атап айтқанда, оның прагмақызметті мінездемелері жағынан макроқызметті компонент ретінде үлкен теориялық зерттеуді алды. Шетел тіліндегі мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы диалогты сөз маңыздылығын атап өткен көптеген ғалымдардың еңбектері бар. Диалог сөзге үйрету әдістемесі көп уақыттан бері көптеген ғалымдар, зерттеуші-әдіскерлер мен оқытушы-тәжірибешілер назарында болып келеді. Отандық әдістемелерде бұл мәселемен С.С. Құнанбаева, А.М. Суенова, А.Ж.Бегеева, ал шетелдік әдістемелерде Гальскова Н.Д., Н.И. Гез, А.П.Садохин, О.Я.Гойхман, Т.М.Надеина, Е.Н.Соловова және басқалар айналысқан, көптеген теориялық маңызды мағлұматжинақталған.
Н.Д. Гальскова, Н.И.Гез және басқа да зерттеушілер диалогты тұлғааралық қатынас деп атап өтіп, онда жіберуші мен алушы емес, онда екі коммуникант бар екендігін, яғни олардың әрқайсысы диалогты қатынас үрдісінде біресе ақпаратты жіберуші, біресе алушы деп атап өтеді. [61] Қатысымды акт үлгісіне екі адам қатыса отырып, олардың арасында пікірлердің қайта - қайта алмасуы орын алады. Диалогтың айрықша ерекшеліктері болып:
қатынас жағдайымен шақырылған эллиптикалығы;
ойламаған жерден болуы, яғни, сөйлесім мазмұны мен оның құрамы
сұхбаттасушылардың репликаларына байланысты;
эмоционалдылығы мен экспрессивтілігі, көбінесе сөйлеудің субъективті бағалау реңінде вербальды емес құралдардың кең қолданысында және сөйлеу формулаларында көрінеді.
Қатынастың диалогты формасы сұхбаттасушылардың этномәдени тәртіп ерекшеліктерін айқындайды:
диалогты қандай да болмасын білімді меңгерудің тек эвристикалық тәсілі ретінде ғана қарастырмай, оны жеткізілетін ақпараттың мағынасы мен маңызын анықтаушы фактор ретінде де қарастыру;
диалог өзара қатынасатын мәдениеттердің өзара әрекетіне шынайы тәжірибелік мағына береді;
диалог мәдениеттің дамуы мен өзара әрекетінің әрдайым әрекеттегі негізі болады. Демек, диалог мәдениетаралық қатысымға түрлі мәдениет өкілдерін қосады.
Ғылыми зерттеулерде диалогтың екі негізгі түрін бөледі, олар: ақпаратты және интерпретациялы.
Достарыңызбен бөлісу: |