Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кіріспе зерттеу ж мысыны зектілігі

Зерттеу жұмысының нысаны: Тілдік жоғары оқу орындарындағы оқушылардың шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні:Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында көркем мәтіндер арқылы жаңа технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді тиімді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдістемесін құру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, методологиялық әдебиеттерді зерттеу негізінде көркем мәтіндердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудағы педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктеріне сипаттама беру;

  • көркем мәтіндерді қолдану жолын көрсету;

  • мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған сабақ үлгісін құрастыру;

  • оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін құру.

Зерттеу жұмысының әдістері:

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Шетел тілін оқыту әдістемесі мен лингвистиканың негізгі категориялары (С.С.Құнанбаева, Н.Д.Гальскова, И.Л.Бим), тілдік іс-әрекет теориясы (Л.С.Выготский, И.А.Зимняя), мәдениет және лингвотанымдық ақпарат теориясы (Е.М.Верещагин),мәтін (В.Г.Костомаров).
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда, оның психологиялық, лингвистикалық және психолингвистикалық негізін ескере отырып, көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды пайдаланатын болсақ, олардың ерешеліктерін ескерсек, оқу процесінің заңдылықтары мен танымдық процестерін тиімді жүргізсек, онда оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру тиімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет