Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары



бет4/17
Дата20.05.2023
өлшемі151,36 Kb.
#95598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары

Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқытудың психологиялық өзегінде жатыр. Әрине оқытуды ұйымдастыру процесі кезінде әрбір әдіскер ең алдымен оқытудың лингвистикалық, психологиялық және де әдістемелік негіздерін есепке ала отырып жүргізеді. Ал жалпы қарастырғанда оқыту пәні түрлі ғылымдармен байланысты қаралып, сараланып жатады. Өйткені әрбір зерттеу мәселені бірнеше қырларынан қаралып, мән-мағынасы ашылуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі контекстінде шетел тілін оқыту психологиялық қырынан ашылып ұйымдастырылса, белгілі бір құзырлылық (біліктілік) деңгейіне жету жолы анық болар еді деп пайымдаймыз. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар психологиялық негіздемелерді есепке алып жүзеге асырылған және де көптеген эксперименттер негізін құрайды. Сондай-ақ біздің қарастырып отырған зерттеу мәселесі де психологиялық сараптама елегінен өткені белгілі. Алайда, нақты белгілі бір инновациялық технология арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында біз өзіміз үшін аталған мәселеге қарасты психологиялық негіздеменің жаңа бір қырларын түсінуге тырысып бағарымыз анық және де зерттеу мәселесінде оны басшылыққа аламыз. Сонымен қатар осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде де бір жақты көзқарас жоқ. [26].


Қарым-қатынас түсінігінің аясы өте кең болып табылатын процесс. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Дәл осы жағдаятта біз мәдениетаралық қарым-қатынас сипатын, феноменін ерекшелеп отырмыз.
Әдістемлік тұрғыдан алғанда қарым-қатынасты белгілі бір кодталған белгілерді бір субъектіден келесі бір субъектіге белгілі бір нақтыланған мақсатқа сай жеткізу, өзара алмасу; үш жақты процесс болып табылады: ақпарат беру, ақпарат қабылдау және өзара пікір алмасу деп берсек. Психологиялық тұрғыда тұлғаның қажеттілігінен туындаған, демек бірлескен әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекетке, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі дейді. [27; 25]. Мәдениетаралық контекстте қарым-қатынас лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени сонымен қатар инофондық сипаттағы мәліметті қабылдаумен байланысты. Берілген анықтамада «қажеттілік», «қабылдау», «түсіну» ұғымдарына көңіл бөлсек, қарым-қатынастың мақсаты айқындала түседі. Мәдениетаралық қарым-қатынас ол әрекет. Ал әрбір әрекетке бағыттайтын ең алдымен оған деген түрткі. Адамның қажеттілігі – оның өмір сүру көзі. Заман талабы адамға өз қажеттіліктерін байлайды. Қазіргі таңда әлеммен ашық түрде байланыс арқылы өмір сүріп жатқан заман. Жаңа деңгейлер жаңа қажеттіліктер болып жетелейді. Ал мәдениетаралық қарым-қатынаста «өзге ел» құбылысын қабылдау не болмаса сол елдің табиғатын түсіну маңызды емес пе? Бұл тұста психологиялық факторлар әдістеме негізін толықтыра түседі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Ол мидың күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі [27]. Қабылдауда өзге мәдениет құбылысы, яғни қарым-қатынас барысында өзге мәдениет өкілінің түр-сипаты, қозғалысы, ым-ишара, дене қозғалысы, қылығы адамның миына тұтас күйінде беріледі. Өзге мәдениет талдау мен саралау елегінен өткізіп барып, белгілі бір бейне сипатының миымызда орнығуына мүмкіндік береді. Бірақ көп жағдайда өзге мәдениет құбылысын қабылдаудан бас тартып жатамыз. Бұл біздің анализдік және синтездік әрекетіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Мұнда қарым-қатынас барысында біздің анализаторлық қабілетімізге аталған қасиеттер бір мезгілде әсер етеді де миымызда өзге мәдениет бейнесі пайда болады. Ал біз өз кезегімізде психологиялық деңгейде белгілі бір реакциялық әрекет жасаймыз. Ол не кері реакция, не жағымды реакция болуы мүмкін. Жалпы атап айтсақ, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру барысында психологиялық факторларды ескере отырып, прагматикалық деңгейде оқыту әрекетін ұйымдастыруымыз қажет. Егер коммуниканттардың біреуі өзге мәдениет өкілінің әрекетіне байланысты белгілі бір құбылыстан бейхабар болса, онда ол оны тани алмайды. Себебі коммуникант миында ол туралы еш бейне қалыптаспаған. Дәл осы жағдайда тосындылыққа тап болған адам әрекеті жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мысалға, Жапондықтар мен Американдықтар арасында келіссөз өтіп жатыр делік. Американдық делегат мүшелері дүниетанымы, дамуы, көзқарасы түрліше, психологиялық ерекшеліктер де бар. Американдықтар өзіндік келіссөз жүргізу стиліне сай әңгіме барысында өздерін жігерлі, ашық, батылдау ұстайды. Американдықтарға жылдамдық мінез сай. Жапондықтар келіссөз жүргізу барысында жеке дара ерекшеліктеріне байланысты сабырлылық, ұстамдылық көрсетеді. Келіссөз барысында аралық үзілістер көп жасайды және де келіссөз мәнеріне байланысты әрбір мәселені талқылау барысында басын изейді. Бірақ ол ұсынысты қабылдаймын деген мағынаны білдірмейді, тек мәселені түсінгені не болмаса белгілі бір істің жөн-жоралғысын түсінгені туралы хабар береді. Ал американдықтар тек келісім берген кезде бас изеуі мүмкін. Мұндай құбылыстар сәйкессіздігінен бейхабар американдық делегат дүниетанымының ерекшелігіне байланысты түсініксіз қылыққа жат әрекет етуі мүмкін. Өйткені мұнда өзара не болмаса бір жақты мәдени құбылысты тану процесі болған жоқ.
Тану – заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі. Өзге ел құбылысын танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиынға соғады [27].
Мұндай жағдайда біз оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қолдауымыз керек. Егер қорытындылайтын болсақ, оқытуды ұйымдастыру үрдісінде оқытуудың психологиялық негізін әдістемелік негіздермен интеграциялық түрде қолдануды қадағалау керек. Өйткені мәдениетаралық қарым-қатынас өрбуі жеке дара индивидтің «өзге ел» феноменін қалай қабылдауға байланысты. Бұл серпіліс нүктесі іспеттес.
Жалпы жеке адамның танымдық процестеріне талдау жасасақ, онда «жеке дара тұлғаның» немесе «субъектінің» қарым-қатынас барысында психологиялық ерекшеліктері шешуші фактор екеніне көз жеткіземіз.
Атап айтқанда, таным процестерінің нақты түрлері және де таным операциялары арқылы мәдениетаралық қабілет дамуын мақсатты түрде іске асыра аламыз. Психологияда адамның түйсіне алу қабілеті сезгіштік деп аталады. [27]. Ағылшын тілі сабақтарында аталған заңдылықты ұстана отырып оқушылардың мәдени құбылыстар өзгешілігін айыра білуге, иномәдени құбылыстар өзгешелігіне икемделіп, өзара қарым-қатынас жасауға бейімдей аламыз. Ал өзге мәдениетпен өзара өарым-атынас барысында оқушылардың қабылдауын дұрыс қалыптастыру арқылы мақсатқа жете аламыз. Өйткені оқушылардың апперцепциялық қабілеті, иллюзиясы коммуникация барысында түсінбеушілікке жетелейді.
Иллюзия – оқушының объективті фактілерді қате түсінуімен түсіндіріледі. Апперцепция – мәдени құбылыстарды түрліше, өзіндік қабылдау ерекшелігі. [27]. Ал оқушылардың байқағыштық қабілетін дамыту арқылы мәдени құбылыстардың ұсақ детальдерін байқау қабілетінің қалыптасуына себепкер болады. Шетел тілін оқытуда лингвомәдениеттің оқушы миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуы еске байланысты. Қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естерді дамыту мультимедиялық құралдар арқылы мүмкін. Мәдени құбылыстар туралы түсініктер орнатуда анализ, синтез, абстракция, нақтылау, жалпылау сынды ой операцияларының маңызы зор. Сондай-ақ сөйлеу процесі арқылы адамның өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені де меңгеруге мүмкіндік алады. Зерттеу тақырыбына байланысты дәл осы жағдайда өзге елдің қоғамдық тәжірибесін меңгеру барысында аталған таным процестерін дамыту келелі мәселе болып табылады [27].
Мәдениетаралық тұрғыда тілдік үлгілер вербальді және бейвербальді түрде беріледі. Сөз көмегімен жүзеге асатын қарым-қатынас қаншалықты маңызды болса, бейвербал қарым-қатынас мәдениетаралық өзара қарым-қатынастағы маңызы соншалықты жоғары [27; 12; 25].
Сонымен, психологиялық тұрғыдан қарым-қатынас түсінігі ең алдымен танымдық процестермен байланысты. Жат ел мәдениетін тұлға ең алдымен психологиялық деңгейде қабылдайды. Сонымен қатар өзара арақатынас та психологиялық деңгейде жүреді. Тұлға өзін жат елге таныстыру барысында оның жалпы образы ескеріледі. Оның ішіне жеке тұлғаның эмоциясы (адамның сезімі, күйі, көңілі т.б.) ерік процестері мен жеке психологиялық ерекшеліктері (темперамент, мінез, қабілеттері) де кіреді. Аталған фактілердің барлығы өзара байланысты. Адам өзінің этнопсихологиялық қалыптасқан келбетінен тыс кете алмайды. Екі адамның өзара арақатынасын болсын, тіпті мәдениетаралық деңгейде болсын, ол өз көрінісін табады. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырып, дамыту процесінде психологиялық фактордың маңызы ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет