1.2. Оқыту принциптерінің ерекшеліктері
Оқытудың ғылымилығы.Ғылыми таным дегеніміз-құбылыстық мәніне өту,сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгеру үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
педагогиканың, психалогияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау.
индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану.
жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау.
ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру,шығармашылық жұмыспен айналыстыру.
жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу.
оқушыларды көрнекті ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстыру.
жаңа ғылыми терминалогияны қолдану.
оқушыларды ғылым жетістіктерімен таныстырып отыру.
оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
оқушының оқуында жаңалық ашуыңа, оған қуануына мүмкіндік беру.
жалған сөйлемеу.
Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі.
Бұл принциптің ғылыми ережесі:оқушың білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратың оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар,ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады,оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары:
оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану .
Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру.
оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау.
пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану.
оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету.
бұрынгы оқығандарды жиі қайталаттыру.
өткен материалдарды сабақтың барысында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру.
материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу.
оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау.
баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу.
оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу.
жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету.
бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру.
пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу.
оқушылардың қателерін әдеппен түзету.
оқушыны өз қатесін талдауға үйрету.
оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу.
баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру.
жүйелі білім есте жақсы сақталады.
Саналылық және белсенділік принципі.
Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай және оқу материалын терең жәнеберік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу.
түсінікті етіп оқыту.
танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану.
талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану.
аналогияны жиі қолдану.
бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау.
оқушыларга әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру.
оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену.
оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларга сабақ бергізу.
белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру.
ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар.
оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту.
әрбір ережеге мысал келтіру.
негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу.
тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз.
сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту.
оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету.
әрбір ережеге мысал келтіру.
негізгіні түсіндіруге назар аудару.
оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу.
“Неге?” деген сұрақты көп қойып, оқушыны дамыту.
дәйекті дәлелдермен оқыту.
дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану.
оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту.
білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту.
баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету.
түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдықміндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру.
оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тындау.
зат құбылыстарды,оқушыларға бақылатып, оларды өз бетімен меңгерулеріне жағдай жасау.
дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі
қолдану.
Теория мен тәжірибенің байланысы.
Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесі не сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікте керек екенін түсінетіндей етіп оқыту.
“Білім-өмір” , байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану.
балаларға қазіргі жаңа техналогиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру.
оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану.
оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
мектептің өндіріспен байланысын қолдану. ''Оқу пәні-өндіріс''байланысына бағыт беру, бақылау.
оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынган мәліметтермен толықтыру.
аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.
Мәселелік-ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы.
еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі.
қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауымен, ой толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру.
қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс-оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі.
еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу.
оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру.
балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу.
балалардың бастамашылығын мақұлдау, ешер мүмкіндік болса ''Жас өнертапқыштар'' сайысын өткізу.
әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой іс-әрекетін тәжірибемен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
Көрнекілік принципі.
Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы – көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау.
оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмді таттыру.
көрнекілік – оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы.
көрнекі құралдың оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі.
оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату.
көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу.
көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады.
көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау.
балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол.
қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу.
көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, байқампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу.
көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату.
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану.
нақты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдық көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Экспериментальдық көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты – нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі. Суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
Оқушылар білімінің беріктігі.
Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің луан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді.
дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нәрселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек.
әртүрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету.
есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы.
оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі ұмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді.
жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізі керек, сондан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды.
әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу.
қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, материалды оқып-үйренуді бастамау.
оқу материалын жүйемен беру.
егер оқыту қарқыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру.
тіке тапсырмалар және нұсқаулапды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтыңыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн.
өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады.
оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мномотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану.
баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды.
қайталау және бекіту кезінде, оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау.
оқыту қисындылығын қадағалау.
оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру.
жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу.
оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау.
Түсініктілік принципі.
Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін әуелі оңай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары:
оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу.
баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау.
баланын дайындығын,дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру.
балаларды оқыту арқылы дамыту.
мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру.
жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету.
оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту.
ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану.
жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды,бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру.
өте асықпау!
оқушыға келген ойды танымның соңы емес,басы деп түсіну.
Түсініктілік мұғалімнің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден,әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп,бірсарынды сөйлемеу.
Монологты ұзаққа созбау,мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетін анықтап алу.Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру.
Оқытудың алғаш сәтінде барлық білімді емес,тек негізгілерін беріп,бекітуге жаңа мысалдар,фактілер алып,жаңа білімді нақтыландыру.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу,олардың өз бетімен оқуына,оқу материалдарын талдауына көмектесу,бағыт беру.
түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты,сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.
Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор.Оқуға,білімге,мұғалімнің жеке басына деген,сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне,түрлері мен нысандарына оқушыларды ынта-ықылас болса,олардың оқу-таным әрекеті сенімді,ерікті,қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім,ең алдымен,сабақтарын қызықты,тартымды,әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауға керек етеді.Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ:оқушы әрқашан дара,өзінше ерекше.
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4. Оқу қызметінің бнрілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен,қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып,оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек.Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Ынталандыру принципінің шарттары:
жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
ділгірлік оқыту;
компьютерлік технологияны қолдану;
интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
өзара оқыту(жұптық,топтық);
білім,іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
сыныпта жағымды микроклимат жасау;
мүғалімнің өз пәніне,оқушыларға оң көзқарасы;
оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
білімнің оны ашқан адамдардың тағдырымен байланысты;
оқыту нысандарын және әдістерін түрлендіру.
Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі.
Оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті,құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет.
Бұл принципті гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше.
Ізгілендіру принципінің шарттары:
оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;
оқушының өз міндетін орындауға деген ықласын мақұлдау;
үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;
баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенемін, сый-құрметін қалыптастыру;
қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;
жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;
баланытүсіну, жақсы көру, бірақ талап та қою;
оқушының табысына шынайы түрде қуану;
баланың көңіл-күйін ескеру;
баланың дене кемістігін сөз етпеу;
баланың өздігін баспау;
балаларды басқа балалармен салыстырмау;
баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау;
Мәселелік принцип
Оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселені сипатта болуын талап етеді.Мәселелі оқыту білімді дайын турде бермей,оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип-оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді.Өйткені ойлаудың басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
Интеграциялау принципі
Бұл-жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция-әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің /тіл мен әдебиет,әдебиет пен тарих,математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстика, т.б./ өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады,оқытуда жақсы нәтижнлерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиде оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді,олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |