Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет2/8
Дата26.04.2023
өлшемі251 Kb.
#87212
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеудің мақсаты: Оқытудың педагогикалық принциптері туралы тәжірибені жинақтай отырып, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибелеріне талдау жасау.
Зерттеу нысаны: Оқыту процесіндегі оқыту принциптер жүйесі.
Зерттеу болжамы: Оқыту принцитері мен заңдылықтарының оқу-тәрбие процесіне ықпалы.
Принцип – латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Принциптер əрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудегі негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Бүгінгі білім беру жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Соныдқтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуметіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісін енгізу, Қазақстан мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту талаптарын қойып отыр.
Білім беру кеңістігіндегі жаңалықтарды жүзеге асыратын және ұстаздардың кәсіби сауаттылығын шыңдаумен қатар, оларды шығармашылық талпынысқа жетелейтін Атырау облысындағы білім беру саласының негізгі буыны облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңартулар дәуірінде педагог кадрлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты дамымаған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойына жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?
Қазіргі мұғалім жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, ақпарат таратушы, бақылаушы, тексеруші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш және шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен сауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген.Оқу-тәрбие ісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып, іс-тәжірибеге пайдалану, өзіңі технологиясын қалыптастыру және заман талабы мен ағымына ілесу де оңай емес. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру – бүгінгі өмір талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлірінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет», - деп атап көрсеткен болатын. Жаңа формацияның «жаңа педагогын» қалыптастыру үшін, жаңа кәсіби мазмұн, педагогикалық технологияларды біліктілікті арттыруда кеңінен айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет