Кіріспе зерттеудің өзектілігі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұны мен ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 2 сыныптан бастап оқытылатын «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда негізгі рол атқарады.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бойынша оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дамитын танымдық мүмкіндіктеріне сəйкес əр оқу пəнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бойынша оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пəн салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін əр пəннің əдістемелік əлеуетін пайдалануға, оқу, жоба, зерттеу іс-əрекеттері тəсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, əлеуметтік-мəдени кеңістікте орнын таба білуі үшін қажетті біліктерді меңгеруге бағыттайды.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бойынша оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дəстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тəсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тəсілдемелер пəн бойынша оқу бағдарламасының жаңа құрылымын құруда бағдар болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-əрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тəсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нəтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. «Қазақ тіл мен əдебиеті» пəні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің мүмкіндіктері мен сөз өнерінің əлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі. «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəні бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің тарихы мен рухани-мəдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет етуге ынталандырады. Əдеби көркем туындылар мен қазақ тілі грамматикасының негіздерін өзара сабақтастыра, ықпалдастыра оқытып, оқушылардың шығармашылық жəне зияткерлік қабілеттерін дамытуда оқу пəнінің маңызы зор: оқушылар əлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, əр түрлі мəселелерге деген көзқарасын дəлелдеу құралы ретінде тілдің жəне əдеби мұраның құндылығын ұғынады.

Бастауыш мектепте «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін оқыту мақсаты – оқушылардың тілдік жəне əдеби құзыреттіліктерін дамыту, көркем сөздің құдіреті мен əсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым-қатынас жасау əрекеттерін меңгерту, жазбаша сауаттылығы жəне ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру. Өйткені бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру – барлық пəндер бойынша жетістікке жетудің алғышарты.

Тілдік жəне əдебиеттік оқу материалдарын кіріктіре оқыту оқушылардың сөздік қорын байытады, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойлары мен сезімдерін жазбаша/ауызша сауатты, көркем жеткізе білу дағдыларын, эстетикалық, мəдени жəне əлеуметтік қабілеттерін дамытады.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін оқыту міндеттері:

- тіл білімі жəне əдебиеттану ғылымдары бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;


    • қазақ тілі мен əдебиетін ұлттың рухани құндылығы ретінде тануларына ықпал ету;

    • тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;

    • оқушылардың сөздік қорларын толықтыру арқылы жəне сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту жəне жетілдіру;

    • тілдің қоғамдық мəнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі жағдаяттарда өз ойларын сауатты жəне мəдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру;

  • ауыз əдебиетінің, отандық жəне əлемдік балалар əдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің жəне өзгенің іс-əрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;

  • оқушылардың оқырмандық мəдениетін қалыптастыра отырып, сөз əдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;

    • ауызша жəне жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мəдениеті негіздерін меңгерту;

    • қарым-қатынас жасаудың əр алуан түрлерін мақсатты түрде қолдануға, өз ойын зерделеуге жəне ауызша немесе жазбаша мəтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету.

Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу жəне ойлау əрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды, бағытталған.

Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді жəне оны дəлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша жəне жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-əрекетіне баға беруді, мəтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мəтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, сөйлеу мəдениетін қалыптастыруды қамтиды.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін меңгеру:


    • тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұматты қалыптастыруға, тілдік категориялардың көпжақты екенін түсінуге;

    • сөздік қор мен грамматиканы, орынды пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға;

    • ауызша жəне жазбаша тіл ережелеріне сай тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауға;

    • алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тəжірибесінде қолдануға;

    • өмірде қажетті тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тəсілдемелер. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тəсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:



  • оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тəсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

  • зерттеушілік тəсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз əрекетін талдауға үйренеді);

  • жүйелі-əрекеттік тəсілдеме;

  • дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу əрекетінің тəсілдерін игеріп, өзінің іс-əрекетін жоспарлау жəне басқару жолын үйренеді);

  • дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).

«Қазақ тілі жəне əдебиеті» пəнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен əдістері:

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс əдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің əдіс-тəсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру жəне көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін əрі қарай дамыту;

  • ойын əдісі;

  • «оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

  • тəжірибелік, шығармашылық оқу əрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;

  • оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;

  • оқушыларды зерттеушілік əрекетке жəне зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мəтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);

  • оқушылардың оқу əрекетін жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

- оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білім мен сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:


  • оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;

  • өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (əрі қарай – АКТ қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында жəне қарым-қатынасында технологияларды орынды жəне шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.

Ақпаратты табу, құру жəне онымен жұмыс істеу, мəліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пəндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.

Бұл «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

оқытудың сапасын арттыру үшін сабақта жаңашыл əдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;

ғаламтор ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру жəне сақтау);

мəтін жəне слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);

ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

электронды оқулықтарды пайдалану; тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану; ақпаратты саралап, зерттей алу.

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

«Қазақ тілі мен əдебиеті» оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі əлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тəрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы жəне қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту процесінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен жəне көпшілікпен ауызша жəне жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын ынталандыру қажет.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу əрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

тыңдауға, мазмұнын түсінуге əр түрлі жанрдағы мəтіндерді ұсыну; мəтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау; тыңдалған мəтін бойынша сұрақтар қою; мəтін бойынша жоспар құру;

тыңдалған мəтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; мəтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дəлелдеу; мəтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау; мəтіндегі оқиғаларды, іс-əрекеттерді салыстыра талдай алу;

ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру жəне нəтижесі бойынша ауызша есеп беру;

жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» жəне «Бағытталған жазу»);

ауызша айтылғанды түсіну жəне сұрақтарға жауап бере білу; берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; мəтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын

болжау; мəтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;

ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу жəне өз көзқарасын айту үшін оқу, мəтінге ауызша жəне жазбаша шолу жасау;

əдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).

интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау).

«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

тыңдалған жəне оқылған мəтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған əсерлерін жазу;

оқушыларға таныс ертегі, əңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу əдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу; əдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру; газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу; белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;

əдеби шығарма мəтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру; сұхбатқа сұрақтар дайындау.

Оқу жетістіктерін бағалау тəсілдері. «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін меңгеру нəтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау жəне ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы жəне жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді жəне оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогін оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пəн бойынша тоқсандық жəне жылдық бағаларды қою үшін қолданылады.

Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқу мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет