Кіріспе зерттеудің өзектілігі


Бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдістері



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2 Бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдістері
Балалардың сөздік қорындағы мәндес сөздер қатары өз беттерімен орындаған жұмыстарында орынсыз қайталаулардан арылтады. Сонымен қатар ұқсас мағыналы сөздердің қайсысын қай жерде қолдануға болатыны туралы алғашқы стильдік дағдылар қалыптаса бастайды. «Мектеп курсында ана тіліне байланысты оқытылатын тілдік единицалар: дыбыс, сөз құрамы, сөз, қосымша, сөз тіркестері және сөйлем болып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік единицаларға байланысты үйрету қажет», – дейді әдіскер-ғалым А.Жаппаров.

Жоғарыда атап өткендей бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады:

1. Сауат ашу, тіл дамыту.

2. Оқу, тіл дамыту.

3. Грамматика, емле тіл дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырып, дамытуда төменде көрсетілген бағыттарға сүйеніп, жүзеге асырылады. Бұл бағыттарға жоғарыда тоқталған болатынбыз.

а) Жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын меңгерту.

Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайдаланылатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де.

Баланың сөздік қоры ең алдымен, сол сыныпта жүргізілетін пән оқулықтары, пайдаланылатын көрнекі құралдар және сыныптан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен анықталады.

Балалар жаңа сөздермен тек сыныпта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасын көру нәтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады. Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше игерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануы да мұғалімнің міндеті. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді [18, 25].

Сөз – тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар, адамның сезімі мен ниеті – сөз арқылы білдіреді.

Сөздік – қоғамның, ұлттың даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылымы мен мәдениетінің дамуына қарай сөздікте дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.

Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Сөздік жұмыстары барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

Мектептегі сөздік жұмыстарының басты бағыттары;

- әр сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін барлық пән сабақтары арқылы оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі артып, кеңеюінің нәтижесінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту;

- жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру;

- грамматиканың салаларын оқытуға байланысты, заттар мен құбылыстарды классификациялауға, топтарға арналған жаттығулар жүргізу;

- лексикалық жаттығулар сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын, слинонимді, омонимді, антонимді игертуге арналған жаттығулар;

- көркем әдеби шығармаларды талдау және мазмұндама, шығарма жаздыру.

Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) [19, 24].

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез-құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.

Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді [20, 32-35].

Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі [21, 93-95].

Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады.

«Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр-сипаты мүлде бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болды.

Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытта шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне қажет етеді». Сондықтан әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпей сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше қарау керек.

Әдебиет сабақтарында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және оларды талдату кезеңдерінде оқушының сол шығармаға көзқарасын, пікірін көркем сөз тілімен жазбаша жеткізу, сауаттылығын арттыру және айналадағы болып жатқан құбылыстарға өз ойын білдіру, яғни шығарма жаздыру арқылы алған білімдерін қорытындылайды, тереңдетеді.

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бiрнеше маңызды қажеттiлiктерi бар. Бiрiншiден, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың адамгершiлiк қасиеттерi тәрбиеленiп, жеке бас тұлғасын iзгiлендiруге болады, екiншiден, топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлiк қабiлет жетiлiп, өзiндiк ой-пiкiр айтуға үйренедi, үшiншiден, айтар сөзiн, жазар ойын нақты әрi толық жеткiзуге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, бiлiм үлгерiмi жоғарылайды, төртiншiден, сөйлер сөзiнде әрбiр сөздi орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкiрт ертеңгi күнi қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерер ұлттық тәрбие негiздерiмен сусындайды [22, 82].

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін мақсатты түрде әрбiр сабақ сайын әдiстемелiк жүйеде қалыптастырып отырылған жағдайда ғана олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып, сабақтағы белсендiлiктерi артады. Сонымен бірге балаға ауызша сөйлеу барысында ым, ишара, дауыс ырғағы, жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді.Тек қана оқу процесінде ғана емес, жай қарым-қатынастарда да кіші жастағы балаларды жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор.

Бұл бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелiктерiне қатысты психологиялық, әлеуметтiк жағдайларға байланысты. Бастауыш мектеп оқушылары мақтағанды ұнатады, құрбыларының алдында өзiн көрсеткiсi келедi. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру барысында неғұрлым кiшiпейiл, өзi мен оқушылардың арасындағы қарым- қатынасты гуманистiк бағытта ұстаса, соғұрлым алдына қойған мақсатқа тезiрек жетедi.

Демек, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың жалпы бiлiмiне тiкелей оң әсер етуге болады.

Бастауыш мектепте мұғалiмдер оқушыларға жалаң бiр жақты тiлдiк матералдарды меңгертiп қана қоймай, оқушылардың игерген тiлдiк материалдардағы тiл заңдылықтары мен ережелердi өз сөздерiн қалай қолданып жатқандығына баса көңiл аударуға тиiс. Оқушылардың қате сөйлегендерiне кешiрiммен қарап, оларды қате жiберуге дағдыландырмау керек. Бұл үшiн мұғалiм әрбiр сабақта оқушыларды ауызша сөйлеуге, сөйлеген сөздерiнде қандай сөз қолданғанын байқауға, синоним сөздердi мағыналық реңктерiне қарай орынды пайдалануға дағдыландыруы қажет. Оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету арқылы олардың тiлдiк материалдарды жеңiл игеруiне ықпал етуге болады. Себебi, ауызша сөйлеу дағдысын меңгерген оқушы ауызша болсын, жазбаша болсын тiлдiң негiзгi заңдылықтарын қолданады. Бұл жөнiнде Ф.Ш.Оразбаева былайша ой қорытқан: «Сөйлеу ерекшелiктерiн меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде iске асырады. Бұл - тiлдi қолданудың тәжiрибелiк көрiнiсi. Сол себептi оқушы тiлдi адамдармен қарым-қатынас құралы ретiнде үйренгенi дұрыс.»

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру деп - оқушылардың ауызша және жазбаша тiлдiк қатынаста өз ойын анық, тiлдiк нормаларға сай толық, дәлелдi және тiл тазалығын сақтай сөйлеуiн айтамыз.

Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесi аз зерттелген. Жалпы ауызша сөйлеу мәдениетін айқындау iсi күнi бүгiнге дейiн бiр тоқтамға келген жоқ.

Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының көздеген басты мақсаты - шәкiрттердiң бiлiмдiк, тәрбиелiк бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар олардың шығармашылық, ойлау қабiлеттерiн дамытып, тiлдiк қарым-қатынаста сөйлеген сөздерiнде жаргон, варваризмдер мен қыстырма сөздерден арылту. Осы мақсатқа сәйкес бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесі оқу бағдарламасының мазмұнына лайықталып құрылды. Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстары сатыланып, жеңiлден қиынға қарай ұстанымын негiзге алып жүргiзiлдi [23, 32].

Диалогтік оқыту технологиясына негізделген сабақтарда оқушылар бір-бірінен сұрауға, өз ойын дәлелдеуге дағдыланды. Диалогты оқыту технологиясына негізделген жұмыстар жүйесі оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне қарай түрлендіріліп берілді. Диалогты оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда оқушылар мынадай тапсырмаларды: «Өзара диалог жүргізу», «Досыңнан сұхбат ал», «Моделмен жұмыс» орындады. «Өзара диалог жүргізу» тапсырмаларында оқушылар белгілі бір тақырып бойынша (өзінің жанұясы, үй жануарлары туралы т.б.), суреттердегі сюжеттер бойынша әңгімелесіп, өздерінің ойын, пікірін жеткізуге үйренді. «Досыңнан сұқбат ал» тапсырмаларында өзінің сыныптас достарынан болашақта кім болатыны, иектеп және сыныптастары және т.б. мәселелер туралы сұрақты дұрыс қоюды, қойған сұрақтарына жауап алуды меңгерді. «Моделмен жұмыс» тапсырмаларында өзінің ой пікірін дәлелді айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға дағдыланды.Мысалы, Мен...., Сен... моделіне негізделген тапсырма.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда диалогтық жағдаяттардың мынадай түрлері тәжірибе барысында тиімділігін көрсетті:

1. Диалог – жұмбақ. Бұл тәсіл арқылы балалар өздері жасырып тұрған заттың атын атамай, тек оның қасиеттерін атайды. Мысалы, допты жасырып тұрған оқушы алдымен доптың түрін, түсін қасиеттерін суреттейді. Қалған оқушылар жасырған балаға сұрақтар беру арқылы оның не зат екенін табуға тырысады. Бұл жерде әр бала өзіндік пікір айтып, жасырылған заттың жауабы не екенін өзінше тауып, оны дәлелдейді. Бастауыш мектеп оқушыларының диалог-жұмбақ арқылы мәдениетті сөйлеу дағдылары ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар олардың логикалық ойлау қабілеттері, сабаққа қызығушылықтары артты. Диалогтың бұл түрі бастауыш мектеп оқушыларының өз пікірін дәлелдеуге, басқа бір оқушының не мұғалімнің көзқарасын құрметтеу, сол көзқарасқа өзінікі дұрыс болса қарсы шығу дағдыларын қалыптастырды [24, 138].

Мысалы, сабақ үстінде төмендегідей диалог-жұмбақ жасырылды:

Атам бір күні бізден сұрады:



  • Дүниеде ең қымбат нәрсе не?

  • Оның белгілерін айтыңыз,- дедік біз.

  • Ол көзге көрінбейді, қолға ілінбейді, сатып алуға болмайды, бекініп жүрмейді, күтіп те тұрмайды.

  • Онда самал,- деді Азат.

  • Жоқ, ол найзағай,- деді Айдар.

  • Жоқ,- деді атам,- олар емес.

  • Енді не?- деп сұрадық одан.

Оқушыларға берілген тапсырмалар:

  1. Мәтінде не жасырылып тұр?

  2. Мәтіннен зат есімдерді табыңдар.

  3. Сенің ойынша ол не зат? Дәлелде.

  4. Басқа балаларға көрсетпей сен де бір затты жасыр.

  • тұрмайды ғой.

Бұл диалог барысында оқушылар осылай бір-біріне диалог жұмбақ жасырып, оны бірлесе отырып табады.

2. Диалог-ақпарат. Бұл диалог арқылы оқушылар өздеріне қажет ақпараттарды алуға және екінші адамнан өзін қызықтырып тұрған ақпараттарды сұрауға үйренеді. Бұл диалог оқушылардың бір-бірімен тіл табысуға жәрдемдеседі.Мысалы, сабаққа арнайы «Бастау» туралы мәтін алып келіп, оны оқушыларға оқып бердік. Оқушылар мәтіннен түсінбегендерін сұрап ала алады. Мұндай тәсіл оқушылардың басқа біреуден қысылып, ұялу,ұяңдық қасиеттерін жөндеуге көмектеседі. Осы тәсіл арқылы оқушылар өз ойын басқа біреуге қысылмай айтуға дағдыланды [25, 128]. Мысалы,

Біздің ауылда бастау көп. Бірақ соңғы жылдары сол бастау көздері тартыла бастады. «апыр-ай, бір өзі бір ауылға жететін бастаулар осылай құрып кетпек пе?! Оған қол ұшын беретін адам болмағаны ма?! – дейтін атам.

Бір күні Серік, Берік , Жоламан төртеуіміз атама келіп:



  • Ата, ертең базар. Бізге демалыс. Бастаулардың көзін тазалап, қайтсақ қайтеді?,- дедік.

  • Міне, бұларың - өте дұрыс шешім. Азамат деген- осы.Мен сендерді бастап барамын,- деп, атам қуанып қалды.

Сонымен, арбаға кетпен, күрек салып, жүріп кеттік. Атам бізді алдымен « Қайнар» деп аталатын бастауға алып келді. Оның көзін шөп-шалам басып, суы болар-болмас жылтырап жатыр екен.Көңіліміз ортайып қалды.

  • Неге таңырқап тұрсыңдар?- деді атам.

- Қазір бастаулардың көбі осындай.

Біз іске кірістік. Алдымен бастаудың көзін шөп-шаламнан тазартып, жақсылап аштық. Сосын айналасындағы қаулап өсіп кеткен қамыс – қоғаны шауып, ретке келтірдік.

Тапсырмалар:


  1. Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.

  2. Сын есімдердің сұрақтарын атаңдар.

  3. Суы болар-болмас жылтырап жатыр деген тіркестің мағынасын түсіңдіріңдер.

Тәжірибе барысында мұғалім мен оқушылар арасында және оқушылар мен оқушылар арасында мынадай диалог жүрді:

  • Апай, бастау дегеніміз не?

Екінші оқушы сұрақ берген оқушыға былай деп жауап берді.

  • Соны да білмейсің бе? Бастау дегеніміз бұлақтың басталатын жері.Дұрыс па , апай?

  • Білмеймін, балалар Банудың айтқаны дұрыс па?

  • Дұрыс, апай.

Мұндай тапсырмаларды әзіл тапсырмалармен ауыстырдық. Әзіл тапсырманы орындау барысында оқушылар сабаққа белсене араласты. Мысалы,

Ақылды бала

Қожанасыр баласын мақтап жүрді. Оның құрдастары баланы тексермек болып, оның үйіне келді.


  • Балам, маған қара, - деді біреуі

- Сен көп нәрсе білесің бе?

  • Білемін,- деді бала.

  • Онда айтшы: баклажан қандай зат?

Бала ойланып-ойланып:

- Ол әлі қанаты шықпаған балапан,- деді.

Сонда Қожанасыр:


  • Бәрекелді, балам. Міне, көрдіңдер ме ?Өз ақылымен тапты. Мен оған айтқан жоқпын,- деп, мәз болды.

3. Диалог-талас. Бұл диалогта оқушылар бір-бірімен таласа отырып, әркім өздерінің пікірлерін дәлелдеуге ынталанады. Талас туғызатын жағдаяттарды алдын-ала дайындап, сабақта оқушыларға береді. Мұндай диалог қазақ тілінің заңдылықтарын үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың өзіндік пікірін дәлелдеуге, шығармашыл ойлауға дағдыландырды [26, 22]. Мысалы,

Кемпірқосақ

Шығыс жақта жарты аспанға созылған аспалы көпірдей болып кемпірқосақ көрінді. Ашық , таза бояумен көз тартып, құлпырып тұр.


  • Кемпірқосақ! Қызылы менікі!- деп, Елдар басқалардан бұрын иелік етіп шыға келді.

  • Көгі менікі!

  • Жасылы менікі!

Есен, Әміртай, Ермектер де кемпірқосақтың бір-бір түсін иемденді. Сейілхан дау соға бастады.

  • Мен үйден шыққанда көріп, ішімнен «Қызылы менікі» дегем. Қайтсеңдер де қызылы менікі.- деп жеңістік берер емес.

  • Қызылы тұрмақ, басқасы да жоқ. Кім бұрын көрсе, кемпірқосақ соныкі.

Кемпірқосақ қызылды-жасылды болып, көздің жауын алады. Тіпті, қол ұсынымда сияқты....

  • Ей, кемпірқосақ қайда?

Балалар тұра- тұра қалысты.

Тапсырмалар:



  1. Кемпірқосақты кім бірінші көрді?

  2. Сейілханның айтқаны дұрыс па?

  3. Кемпірқосақ неге түсті болады?

  4. Саған кемпірқосақтың қай түсі ұнайды?

  5. Мәтіннен сын есімдерді табыңдар?

Бұл тапсырмада оқушылар мынадай шығармашылдық жұмыстар жасады:

  • Қазақ тілінен игерген білімдерін еске түсірді;

  • Бұрын меңгерген білімдерін жаңа мақсатта пайдаланды;

  • Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға тырысты.

4. Диалог-сұхбат. Бастауыш мектеп оқушыларының мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда диалог-сұхбаттың маңызы зор. Диалог-сұхбат арқылы оқушылар екінші адаммен әңгімелесуге, айтылып жарқат тақырып бойынша ары қарай жалғастыруды үйренді [27, 75].

Мысалы, Мынадай тапсырма берілді:

Шешесі қыз баласынан сұрады:


  • Берген ақшамды қайда қойдың?

Бала:

  • Біреуге бердім.

Шешесі:

  • Кімге?

Бала:

  • Бір тентек балаға бердім.

Шешесі:

  • Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың?

Бала:

  • Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та құдайдың жәндігі ғой, әже?

Шешесі:

  • Біз де, құс та, бөтен жан- жануардың бәрі де құдайдың жаратқан жәндігіміз.

Бала:

  • Әлгі бала құдай-тағаланың , жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен.Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды. Сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бейшара құстың дауысын құдай тағала есітеді деп, қорыққан шығар деймін.

Шешесі:

  • Онда сен неғылдың?

Бала:

  • Мен балаға ақша беріп, сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім.Менің бұл ісім сауап емес пе?

Шешесі:

  • Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның дұрыс.

Бала:

  • Ол бала , кім біледі, кемтарлықтан құсты сатып жүрген-ау?

Шешесі:

  • Мен де солай ойлаймын.

Сонда сөйлеп отырған бала сіңлісіне қарап:

- Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен ,- деді.

Сіңлісі шешесіне қарап:

- Апаммен екеуміз бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді; мен айттым : құстың бәсі не деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс?

Тапсырмалар:


    1. Мәтіннен етістікті табыңдар ?

    2. Өзіңнің қалауың бойынша анаң не әкеңмен араңдағы әңгіме қалай өрбитінін жаз.

    3. Мәтінді екі диалогқа бөлуге болмай ма? Мысалы, Шеше мен үлкен қыз, Шеше мен кішкене қыз.

Тапсырманы орындау арқылы оқушылар мынадай дағдыларды игерді:

  1. Қазақ тілінен игерген білімдерін бекітті.

  2. Өзі құрастыратын мәтіннің жобасын жасауға дағдыланды,

  3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамыды;

  4. Екінші адаммен сұхбат жүргізуді үйренді.

Қорыта айтқанда, диалогтық оқыту амал-тәсілдерінде мен оқушылар арасында тілдік қатынас бүкіл сабақ бойы жүреді. Бұл оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдірді, ойлау қабілеттерін арттырып,білімдерін толықтырды.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруде, әсіресе, мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза, айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне қамқорлық жасау қажет. Сабақтың үстінде де, сабақтан тыс кездерде де оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуінің дұрыстығын қадағалап отыру, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік дәптеріне жазғызу, әрбір сөйлемді тиянақты ой білдретіндей етіп құра алуға үйрету – бастауыш мектеп мұғалімдерінің күнделікті оқу-тәрбие процесіндегі ең абыройлы міндетінің бірі [28, 152].

2. Оқушының тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасап, профессор М.Е.Хватцевтің мұғалімдерге арнап жазған «Недостатки речи у школьников» атты кітабында көрсетілген қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

3. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.

4. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті – мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады.

Оқытушы ойынның жүру барысында окушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады.

Ойынды сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізуге болады. Бірақ деңгейлер ерекшелігіне байланысты берілетін материалдың мазмұны мен тапсырмаларының түрі тіл материалын жай қабылдауға емес, білім дамытуға, ойландыруға, сәйкестендіруге, фактілерді және жағдайларды салыстыруға, ойша бөлшектеп талдау жасауға, біріктіруге, қорытындылауға қызмет етуіне көңіл аудару керек [29, 48].

Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ана тілінде дұрыс айтуға оқушылардың тілдерін жаттықтыру. Жалпы кез-келген сабақтарда көбінесе тілдік ойындар қолданылады және оның келесідей құрылысы бар:

Тілдік ойындар. Оқушыларға лексикалық, грамматикалық білім беруге көмектеседі. Тілдік ойындарды бірнеше топқа бөлуеге болады:

1. Фонетикалық ойындар

Олар фонетикалық есту дағдыларын қалыптастырады. Мысалы, «Естимін- естімеймін» ойыны. Ойын барысында оқушылар топшаларға бөлінеді. Оқытушы сөздерді оқып тұрады. Олар сөздердегі  дауысты және дауыссз  дыбыстардың кездесуіне орай қателерін түзеуге тырысады. Қатесі аз топ жеңімпаз.

2. Орфографиялық ойындар

Әріптің сөздегі орнын есте сақтауды қалыптастырады. Мысалы, «Кезекші әріп» ойынын алып қарастырар болсақ. Қатысушыларға карточкалар таратылып, оған берілген әріп көрсетілген орнында тұруы ережесіне сәйкес неғұрлым көп сөз жазу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 2-3 минут беріледі.

3. Алфавитпен жұмыс істеуге арналған ойындар

Мұндай ойын дыбыс пен әріп қатынасын қалыптастырады. Мысалы, тақтаға бірнеше сөздер жазылып, соның ішінде берілген әріптердің қайсысы басқаша оқылады деп тапсырма беріледі.

4. Лексикалық ойындар

Қатысушылардың лексикалық дағдыларын қалыптастырады. Мысалы, «Сандар» ойынын алар болсақ, бұл ойын сонымен қатар «Сан есім» тақырыбын тексеруге бағытталған ойын түрі.

5. Тілді жаттықтыруға арналған ойын-жаттығулар

Бұл ойын-жаттығулар, көбінесе, адамның сырт бейнесін суреттеуді, мінездеме беруді, сол адам туралы негізгі фактілерді ана тілінде айтуды үйретеді. Мысалға «Төлқұжат» ойыны. Ойыншылар жұптарға бөлініп, әрқайсысы төлқұжат бланкілерін алып толтырады. Толтырып болған соң ойыншылар достарын топқа таныстырады.

6. Ойлануға арналған ойындар

Монолог пен диолог түріндегі хабарландыруларды, сөздерді мағыналық тұрғыдан қабылдауды қалыптастырады. Мысалы, «Чемодан» ойыны. Ойыншылардың екеуі сыныптан шығады, қалғандары кімге чемодан әзірлегенін шешеді. Содан кейін шығып кеткен ойыншылар кіріп, қандай киімдерді чемоданға салғысы келетіндерін хабарлайды, содан соң чемодан иесінің кім екендігі табылады.

7. Диолог, монолог жүйесіндегі ойындар

Бұл ойындар айтылатын сөзді алдын ала жоспарлау, сұрақ – жауап түріндегі жұмыстарды белсендіреді. Мысалы, «Топтық сұхбат» ойыны. Барлық ойыншылар бір ойыншыдан сұхбат алады. Соңынан сұхбат туралы әңгіме, яғни талдау жүргізіледі.

8. Рөлдік ойындар

Рөлдік ойындар көбінесе өз ойын толық жеткізе білуді үйретеді. Мысалға, «Егіздер» ойыны. Барлық ойыншылар суреттер алады, бірақ бір-біріне көрсетпейді. Өз суреттерін суреттей отырып, және бір-біріне сұрақтар қоя отырып, бірдей сурет жұптарын табулары керек. Кейде суреттерін ауыстыруға рұқсат беріледі.

Жоғарыдағыдай жаттығу түрлерін орындау барысында оқушылар мынадай білім машықтарына ие болады:

- оқыған мәтіннен мағыналары жагынан бір-біріне жақын сөздерді тауып, олардың мағыналары мен реңктерін түсіндіре алу;

- берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді табу, олардың мағыналық айырмашылықтарын ажырата білу;

- синонимдерді өз сөйлеу тілінде қолдана білу.

Балалардың сөздік қорындағы мәндес сөздер қатары өз беттерімен орындаған жұмыстарында орынсыз қайталаулардан арылтады. Сонымен қатар ұқсас мағыналы сөздердің қайсысын қай жерде қоддануға болатыны туралы алғашқы стильдік дағдылар қалыптаса бастайды.

Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы – осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Тыңдалым және айтылым. Мұғалім мен басқа оқушылардың сөйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сөз мағынасын түсінуі, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңіщке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.

Оқылым. Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағынаажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани білуі; әріп – дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Дауыстап оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация).

Дыбыстар мен әріптерді төменде көрсетілген бірізділікпен меңгерту ұсынылады: 1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы; 2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б; 3-кезеңде х, һ, щ, я, ю, в, э, ё, ц, ф, ч; 4-кезеңде ь, ъ белгілері.

Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру.

Сөздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Өз бетімен оқу барысында мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу». Оқылғанның мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін, т.б.) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рөлге бөліп оқу, оқылғанға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.

Жазылым. Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылатыны. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сөйлем, шағын мәтіндерді (3-4 сөйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық дұрыс жазу.

Ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде. Қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың сөз-аталымдары. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғындыру, оларды орынды қолдануға үйрету. Бір затты, көп затты білдіретін сөздер. Дыбыс. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыс түрлері: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау. Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің тыныс белгілері (нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі).

Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану:


  1. бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;

  2. заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;

  3. көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;

  4. жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

  5. тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

  6. іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану;

  7. сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;

  8. мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.

«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

˗ дыбыстық-буындық талдау жасау;

˗ артикуляциялық жаттығулар;

˗ мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;

˗ тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;

˗ тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;

˗ мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;

˗ өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;

˗ белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;

˗ мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;

˗ жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

˗ таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;

˗ сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;

˗ нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;

˗ суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;

˗ сахналау;

˗ берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.

Тапсырма 1



Суретке мұқият қараңыз. Берілген сөйлемдерді тыңдаңыз. Қайсысы мәтін екенін анықтаңыз.




1-тыңдалым

2-тыңдалым

Менің әкем - теңізші. Ол бізге

теңіз туралы көп әңгімелер айтады. Оның әңгімелері өте қызықты.



Теңізшінің қалпағында зәкірдің

суреті бар. Бала тастың үстінде отыр.




- Мәтінде неше сөйлем бар?

- Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- мәтін мен сөйлемді ажыратады;

- мәтіндегі сөйлемдердің санын анықтайды;

- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырма 2

«Түлкі мен қырғауыл» ертегісін мұқият тыңдаңыз.

(https://www.youtube.com/watch?v=FyNvXbYlGs8)



• Ертегі не туралы? Ертегіге сәйкес суретті белгілеңіз.


Жұптық жұмыс.

Ертегі кейіпкерлерінің диалогін сахналап көрсетіңіздер.

Дескриптор: Білім алушы

- ертегі не туралы екенін анықтайды;

- ертегіге сәйкес суретті белгілейді;

- ертегі кейіпкерлерінің арасындағы диалогті сахналауға қатысады.

Тапсырма 3

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Суреттерді мәтіннің желісі бойынша ретімен белгілеңіз. Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Қонжықтың саяхаты

Қонжық орманды аралап келе жатып, ағаштың басындағы араның ұясын көрді. Оның бал жегісі келді. Қонжық ағашқа өрмелеп шығып, ұяға қолын салды. Ұядан шыққан аралар оны шаға бастағанда, қонжық жерге құлап түсті. Ол қорыққанынан қаша жөнелді.




Дескриптор: Білім алушы

- суреттердің ретін белгілеп көрсетеді;

- сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтады.

Тапсырма 4

Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз. Тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Жұпта әңгімелеп беріңіз.

Арманның түсі



Тірек сөздер: түс көру, ғарыш, саяхат, зымыран, басқа ғаламшарлық, дос, ғажайып, ояну, сабаққа кешігу.

Дескриптор: Білім алушы

- тірек сөздерді қолданып, суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады;

- әңгімелеу барысында өз ойын толық, жүйелі жеткізеді.

«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

˗ графикалық сызба арқылы «оқу»;

˗ кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;

˗ мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;

˗ «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;

˗ мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;

˗ сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);

˗ мәнерлеп оқу;

˗ рөлге бөліп оқу;

˗ оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.

Тапсырма 1



Сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып, оқыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлем құрастырады;

- сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды.

Тапсырма 2

Сызбаға мұқият қараңыз.

- Сөйлемде неше сөз бар?

- Сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- сөйлемдегі сөз санын анықтайды;

- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады.

Тапсырма 3

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көл бар екен. Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.

• Бұл ертегі ме, әңгіме ме? Неліктен?

• Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіннен әр суреттің мазмұнына сәйкес сөйлемді тауып оқыңыз.




Дескриптор: Білім алушы

- мәтінді қатесіз оқиды;

- мәтіннің жанрын анықтайды;

- мәтіннің ерекшелегін сипаттайды;

- мәтіннен суретке сәйкес сөйлемдерді тауып оқиды.

«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

˗ ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

˗ сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

˗ мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

˗ мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

˗ сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

˗ шағын хат жазу;

˗ есте сақтау арқылы жазу;

˗ байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

˗ сурет бойынша жазу;

˗ өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.

Тапсырма 1



Сурет бойынша «Саяхат» тақырыбында мәтін құрастырып жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;

- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;

- сөйлемдерді сауатты жазады;

- сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.

Тапсырма 2

Суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.



Менің мен ауылда тұрады. Атамның үлкен бар.


маған атқа мінуді үйретті.

Дескриптор: Білім алушы



  • жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;

  • әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;

- суретті сөйлеммен дұрыс байланыстырады; - сөйлемдерді сауатты, көркем жазады [30, 42].

Оқушыны тілдің барлық мүмкіндігін еркін пайдаланып әр сөзді өз орнында және ойына сәйкес дәл қолдануға, ойды әр түрлі ахуалдарға байланысты ресми не бейнелеп сөйлеуге жаттықтырып, тіл мәдениетіне баулу керек. Сондықтан ең алдымен ауызекі сөйлей білуді дамыту басқа сөйлеу әрекеттерімен байланыста қарастырылады. Өйткені ауызекі сөйлеу басқа қатысым әрекеттерімен байланысты қалыптасады.

Сөйлеу – қарым-қатынас. Қарым-қатынас ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша сөйлеу негізгі екі сыңардан тұрады: бірі – ауызша айтылғанды тыңдап түсіну (аудирование), екіншісі – ауызша сөйлеу. Ауызша сөйлеудің бұл екі компонентін бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша кейбір әдіскерлер бұларды бір-бірінен ажыратпайды.

Сөйлеу мен тыңдап түсіну іскерлігін қалыптастыру бір-бірімен байланысты болғанымен әр түрлі дағдыларды талап етеді.

Ауызша сөйлеуді есту түйсігі арқылы түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Психологтар қабылдаудағы екі үдерісті ажырату қажеттігін көрсетеді.

а) бейнені қалыптастыру үдерісі, яғни нысанның маңызды белгілерін даралау мен олардың өзара байланысып анықтап игеру үдерісі;

ә) қалыптасқан бейнені салыстыру нәтижесінде нысанды тану үдерісі.

Бұл үдерістер бір-бірімен байланысты. Қабылдау бірлігі жеке сөздермен тікелей байланысты. Жеке сөздерді қабылдау үшін оқушылардың санасында фонемикалық есту қабілеті – сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемаралмен ұштастыру. Сөйлем бірлігіндегі фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сонан соң оларды жинақтау арқылы емес, информативтік белгілерді тану деп түсінеміз. Н.И.Гез фразаны түсіну үшін ең басты информативтік белгі интонация дейді. Сондықтан тыңдап түсіну икемділігін артыру үшін оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетімен қатар интонациялық есту қабілеті сөйлемдердің қатысымдық типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем) ажыратуға, фраза бөлшектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын түсінуге көмектеседі.

Жалпы тыңдап түсіну әрекетін дамыту үшін оны қалыптастыратын икемділіктер мен дағдылар анықталады. Мәселен, А.И.Домашнев және авторлар тыңдап түсінуді дамыту кезеңдерін былай ажыратуды ұсынады: дайындық кезең және негізгі кезең. Сондықтан дайындық кезеңінде тыңдалатын мәтінді ұсынудан бұрын сол мәтінді түсінудің лингвистикалық және психологиялық даярлықтан өткізуді қолдайды. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады деп есептейді.

Біз тіл дамыту мақсатымен тыңдап түсіну жаттығуларын орындау нәтижесінде дайындық кезінде оқушылардың мына төмендегі икемділіктерін қалыптастыру қажет деп есептейміз:

а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір-бірінен ажырату және түсіну икемділігі;

ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру икемділігі;

б) сөзжасам тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;

в) түрлі лексикалық бірліктер мен грамматикалық нұсқалардың контекстегі мағыналарын анықтау икемділігі;

г) синоним, антоним, көп мағыналы құбылыстарды танып, олардың мағыналарын ашу икемділігі т.б. Бұл икемділіктердің негізі – сөз және оның мағынасын тану.

Аталған икемділіктер тілдік жаттығулар орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен есін, есте сақтау қабілетін дамытады. Аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамытып, оларды жетілдіру үшін мына сияқты жаттығулар орындау тиімді. Мысалы: есту қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар; алдын-ала болжау қабілетін жетілдіру; есін, есте сақтауды жетілдіруге байланысты жаттығулар; сөзжасам және контекстік болжауды жетілдіруге арналған жаттығулар; сөздердің мағынасын анықтауға арналған жаттығулар т.б.

Енді екінші кезеңге, сөйлеу жаттығуларын орындауға көшіріледі. Сөйлеу жаттығуларымыз дегеніміз тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың шынайы шарттарына жақын жағдайда қабылданатын ауызша мәтіндер. Мұндай мәтіндер оқушылардың тілін дамыту үшін белгілі талаптарға сай болуы керек:

а) тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі;

ә) мәтіннің мазмұны да тыңдаушылар үшін қызықты, назарын аударатындай мәселе болуы;

б) мәтіннің логикалық жүйелі, жатық тілмен, әдеби қалыпта баяндалуы;

в) мәтінде ауызша сөйлеудің әр түрлі монолог, диалог болып, сондай-ақ диалог-монолог аралас болуы;

г) мәтін әр жақта баяндалуы;

д) мәтіндердің көлемі оның жай, күрделілігіне байланысты және сынып оқушыларының білім, жас ерекшелігіне сай болуы.

Сөйлеу жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылар мынадай икемділік пен іскерлікті меңгереді: а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерін анықтау; ә) мәтін деңгейін болжалдау арқылы кейбір түсініксіз жерлерді толық түсіну қабілеті; б) мәтінді қатысымдық ахуалмен ұштастыра білу; в) тыңдалған мәтіннің мағыналық бөлшектерін (қайырым) анықтау, олардың әрқайсысының негізгі ой-пікірін анықтау икемділігі; г) мәтін мазмұнын есте сақтап, шығармашылық пен айтып беру икемділігі. Баланың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін орфоэпиялық мынадай икемділіктер мен дағдылар қалыптастырылуы тиіс:

-жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;

-сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс қою;

-сөйлемдерді дауыс ырғағын, мәнеріне келтіріп дұрыс айту;

-мәтін түрлерін функциональдық стиль түрлеріне, жанрға байланысты мәнерлеп айтып, оқи білу.



Қорыта келгенде, фонетикалық білім арқылы оқушының сөйлеу, айту, тыңдау, есту дағдысын қалыптастыру арқылы тілдің орфоэпиясын меңгертуде жағдай жасалады да, оқушының ауызекі сөйлеу икемділіктері артады.

Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін мына жаттығуларды жүргізуге болады: оқушылардың сөз, сөз тіркестері, сөйлемді орфоэпиялық ережелеріне сай айтуға үйрету; сөйлемді, мәтінді оқығанда, айтқанда сөйлемдегі ойдың айтылу мақсатына орай дауыстың үйлесімді болуына дағдыландыру; оқушылардың бақылау қабілетін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; мәтінді мәнерлеп оқу мен айту дағдыларын қалыптастыру; ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында фонетикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу т.б. Ал ауызша мазмұндауға жаттықтыру сабақтары қазіргі дамыта оқыту технологияларына негізделеді.

Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берілген әдістерді қолданып, іс-тәжірибе барысында сабақ өттім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет