Кіріспе зерттеудің өзектілігі


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет3/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сөйлеу әрекеті және ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың психологиялық педагогикалық негіздері
Сөйлеу дегеніміз тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Сөйлеу адамзатқа тән құбылыс болғанымен, ол даралық қасиетке ие. Даралық адамның қарым-қатынаста тілді пайдалануымен көрінеді (сөздік қорынан, грамматикасы мен лексикасынан т.б.). Сөйлеудің даралық қасиеті оның құрылысы мен айтылуынан т.б. байқалады. Кейбір адам тіл дыбыстарын анық, түсінікті, көтеріңкі айтса, екіншілері түсініксіз, сылбыр сөйлейді, үшіншілері тез абыржып баяндаса, төртіншілері асықпай, ойланып барып пікірін білдіреді. Кейбір тұтықса, кейбірі сақауланып сөйлейді. Сөйлеу адам ойлауының негізгі және жеке тұлғаның ойлау әрекетін сыртқа шығару құралы болып туады. Адам сөз арқылы өз ойы мен эмоциялық күйін білдіреді. Сөз басқа кісілердің белгілі бір сезімі мен эмоцияларын тудырады. Сөз – екінші сигнал жүйесі, адамның қиял, ес, процестерін ерік қуаттары мен мінез бітістерін реттеуші болып табылады. Сөйлеу процесі іс жүзіне асу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы жақ қатысуы тиіс. Сөйлеуші өз пікірін сөздерді грамматикалық байланысқа түсіре отырып, тыңдаушыға жеткізеді.

Тыңдаушы сөйлеушінің айтқан ойын қабылдайды, нәтижеде өз әрекетін ұйымдастырады. Пікір алысу үшін қарым-қатынасқа түсушілер арасында ортақ объект болуы тиіс. Екі жаққа бірдей қажеттерін өтейтін құрал – қалыптасқан тіл мен сөйлеу ережелері.

Сөз белгілі хабарды жеткізу мақсатында зат не құбылыс атауын, қимылды, сапа-белгіні, қалыпты, санды т.б. білдіруі қажет. Сөйлеудің бұл функциясын сигнафикативтік деп атайды. Қарым-қатынас процесінде адамдардың бірін-бірі түсінуі сигнафикацияның бірлігіне негізделген. Бұл процестің іске асуын сөйлеуді үйретудің алғашқы кезеңінде оңай аңғартуға болады. Тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиге заттың не құбылыстың өзін не суретін көрсетіп тұрып айтсаңыз сөз мағынасының нені білдіретінін ұғады.

Жалпылау сөйлеудің екінші функциясы сөз және затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді.Сөздің бұл функциясы ойлау процесімен тығыз байланысты. Сөйлеу – абстрактылы-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүру формасы.

Сөздің үшінші функциясы – коммуникация. Бұл ой-пікірді, білімді, сезімді т.б. сыртқа шығару, егер сөйлеудің алдыңғы екі функциясы ішкі психикалық іс-әрекет болса, коммуникативтік функция – басқа адамдармен сөз арқылы қатынас жасауға бағытталған әрекеті.

Сөйлеудің коммуникативтік қызметі үш түрге бөлінеді: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру. Сөйлеудің информациялық сипаты айтушы не жазушының айтайын деген ой-пікірін толық мәнін жеткізетін сөз, сөз тіркесін, сөйлемді таба білуді талап етеді. Сонда ғана тыңдаушы мен оқырман да, қабылдаушы адам да нақ осындай пікірде болады. Сөйлеудің информациялық сипаты мектептегі сабақ барысында, білім беруде рөл атқарады.

Сөулеудің баурағыштық сипаты айтушының өз пікірі мен сезімнің мәнділігі және тыңдаушыға деген қатынасын айқындайды. Мысалы, екі дос оңаша сырласқанда биязы, жұмсақ, елжіреңкі шықса, ал ресми әңгімеде дауыс сыпайы, бір сарынды естіледі. Ішкі мақсатты оймен орайласа айтылған асқақ сезімді, аянышты халді білдіретін сөздер тыңдаушыны баурап алады.

Ырықты білдіре сөйлесу де сөйлесушінің даусы ырғағы екпінді шығып, бұйрық мәнде айтылып тыңдаушының өз мақсатына бағындыруды көздейді. Дауыс қаттырақ, жігерлі айтылады, кейде көтеріңкіде естіледі.

Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақтылы мақсатына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осыған байланысты сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар іштей және сырттай болып бөлінеді. Сырттай сөйлесу, ауызша сөйлесу және жазбаша сөйлесу болып, ал ауызша сөйлесудің өзі диалогты, монологты болып екіге бөлінеді.

Диалогты сөйлеу екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Бұл – сөйлеудің қарапайым түрі. Біріншіден, диалог – қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде түсінбеген нәрсесін анықтау мақсатында қолма-қол сұрақ қояды. Бұл жағдайда сөйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін толық түсіндіре алуына мүмкіншілік туады. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебіреніп сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкету жағдайында өтеді [3, 12].

Әңгіме болып отырған ұғымды түсіндіруге сөйлеушінің мимикасы мен понтомимикасы жәрдем береді, сөйлеушінің көз нұры, қабақ қозғалысы, күлкісі, жымиюы, даусының интонациясы т.б. шаралар – оның айтқан пікірін тыңдаушылардың түсінігін жеңілдетін фокторлар. Мұндай шаралар сөздің мағынасын тереңдетуге, кейде тіпті ол мағынаны өзгертіп жіберуге де әсер етеді.

Диалогты сөйлеу синтаксистік құрамы жағынан жай, толымсыз, сұраулы және лепті сөйлемдер мол қамтылады. Сөз таптарынан одағай шылаулар көп кездеседі.

Сөйлеудің анағұрлым күрделі түрі – монологтік сөйлеу. Монологті сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме ұзақ сөйлеу формасында көрінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтың сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көмегімен ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізіледі, яғни монологты сөйлеуді туғызады.

Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктер:



  • монолог алдын-ала даярлықты тілейді.Белгілі жоспар құрып, сөйлеуші өз сөзін басшылыққа алып, ой-пікірін жүйелі баяндауға тырысады. Монолог ой жүйесінің бұзылғанын көтермейді;

  • монологтың мағыналы жағы мен оны тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығы жағынан қатаң талаптар қойылады;

  • монолог сөз адамға әсер ететін сөздің мәнерлілігін (сөзді мәнісіне келтіріп айту) көбірек қажет етеді;

  • монологты құрайтын сөйлемдер грамматикалық талаптардан ауытқымайды.

Монологты сөйлеу диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағын сапалық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырайды. Монологты сөйлеу – байланысты, тұжырымды болып, логикалық ойға қойылатын дәйектілік сияқты талаптарға бағынады.

Монолог сөйлеудің қарқыны мен үніне бірқатар талаптар қойылады. Диалогта аңғарылмайтын шапшаң сөйлеу, міңгірлеу, бірсарындылық монологта аса айқын байқалып тұрады. Монологтың мағыналық жағы оның тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасу қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуын қалайды.

Мектеп табалдырығын енді аттаған бала монологты сөйлей алғанмен, монологты сөйлеуге күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында үйренеді. Мектепте түрлі бағдарламалар жасау, сыныпта газет шығару, мазмұндама, шығарма жаздыру, сахнада өнер көрсету, оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасу, мектеп жиынына дайындалу, мектеп радиосында сөйлеу т.б. жұмыстарды орындау барысында монологты сөйлеу машықтары қалыптасып, беки береді.

Қоғам өзінің даму деңгейі жоғарлаған сайын өз қажеттілігін қанағаттандыратын сөйлеу түрін дүниеге келтіреді. Сондай сөйлеудің ерекше түрі – жазбаша сөйлеу. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман», - деп бекер айтпаған. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда күрделі процесс. Ол – сыртқы құрылысы мен қызметінің тәсіліне қарай ауызша сөйлеуден құбылыс.

Жазбаша сөйлеудің қиындығы мынада:

1. Диалогті сөйлеу екі немесе бірнеше адамдар арасында болса, жазбаша сөйлеу - әңгімелесуші, пікір алысушысы жоқ деп қағаз арқылы өзімен-өзі не қиялдағы адамымен сырласуға бағытталған сөйлеу.

2. Жазбаша сөйлеу ойлаудың мазмұнын тілдің бұрыннан қалыптасқан дыбыстық жүйесімен емес, тілдің гафикалық таңбалары арқылы беріледі. Міне, сондықтан көрнекті психолог А.С.Выготский жазбаша сөйлеуді – сөйлеудің алгебрасы деп бекер айтпаған.

3. Оқушының қиындығы мол жазба жұмыстарына қызықтыратын ішкі мотивтерінің қалыптасуы.

4. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келеді. Теориялық ойлары әлі қалыптаса қоймағандықтан сөздің логикалық жағына, жазылатын оқиғаның, құбылыстың себеп-салдарлық байланысын дұрыс жазып бере алмайды.

Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу түрлері бір-бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені бұл сөйлемдердің физиологиялық негізі бар. Ол ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Бірақ ауызша сөйлеудің негізіне есту түйсігі жатады. Сондықтан қазақта «Жыл атасы тұяқ, сөз атасы құлақ» деп бекер айтпаған, ал жазбаша сөйлеуде көру түйсігі мен кинестизиялық түсініктердің атқаратын рөлі ерекше. Мұнан жазбаша сөйлеудің қалыптасуына ауызша сөйлеудегі түсініктердің қатынасы жоқ екен деген ой тумайды.

Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасты жоғарыда көрсетілген сөйлеу формалары арқылы жасайды. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Мысалы, бірден белсенділік (диалог, пікірталас, айтыс т.б.) көрсетеді. Ал жазбаша сөйлеуде қарым-қатынасқа түсу талап етілмейді. Ауызша сөйлеуде айтушымен тыңдаушының ойды, пікірді айту үстінде түсінуді талап етеді. Кең ойланып отыруға, пікір қорытып отыруына ұзақ уақыт берілмейді. Ал жазбаша сөйлеуге жазушының айтпақ пікірін ойланып ұзақ ой елегінен өткізуге мүмкіншілігі бар. Ауызша сөйлеуде, айтқанда екінші рет қайталауға мүмкіншілік бар. Тыңдаушыға әсерлі болуы үшін интонация, мимика (бет қозғалыстары), понтомимика (дене қозғалыстары) т.б. әсерлі қимылдар пайдаланылады. Ал жазбаша сөйлеуде мәтін мазмұнын оқушыларға түсіндіруге арналған мұндай қосымша құралдар жоқ. Міне сондықтан адам ой-пікірін жазбаша түрде бергенде ауызша сөйлеуге қарағанда анық та дәл, кең де жүйелі бере білмесе, түсінуге қиын соғады.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тіл материалдарын пайдалану жағынан да айырмашылықтары бар. Ауызша сөйлеу еркін, кейде қалыптасқан тіл нормасынан ауытқитын сөйлеу түрі. Жазбаша сөйлеу – көркем-әдеби, монологты сөйлеу – нормаға түсірілген тұрақты сөйлесу түрі. Жазбаша, ауызша сөйлеуге қарағанда грамматикалық талап – нормаға сай сөйлеу формасы.

Жазбаша сөйлеудің ауызша сөйлеуден тағы бір айырмашылығы: ол синтаксистік, сөздік, жеткізу құралдарының, ерекшелігі мен сөйлеу типі. Ауызша сөулеу синтаксисі құрылысы жағынан жазбаша сөйлеуге қарағанда анағұрлым қарапайым. Онда көбінесе жай сөйлемдер пайдаланады. Мұны сөйлеудің жеткізудің физиологиялық, психологиялық жағдайлармен түсіндіруге болады. Әрбір аяқталған ойды демді алып шығарғанша айтуға тырысамыз. Жазбаша сөйлеуде сөйлемдердің кез келген түрлері, кез келген көлемде қолдана береді [4, 72].

Бұл екі сөйлеу түрлерінің мәнерлігі жағынан айырмашылығы бар. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы айтушы өз ойын білдіру, мазмұнды ой-пікірін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды оқи білу деген сөз. Ауызша сөйлеудің мәнерлігі тыңдаушының айтылған ойды дұрыс қабылдап, нақтылы түсінудің ең басты талаптарының бірі. Бұл сөйлеу түрінде мәнерлеп сөйлеу құралдары: дауыс күшін көтеру не бәсеңдету, қажетті сөзге, не сөз тіркестеріне екпін түсіру, негізгі ойды білдіретін сөзді ерекше айту, кідірістер жасау, мимика т.б. қолданылады.

Ауызша сөйлеудің мәнерлігі оның ой-пікірді білдіру құралы ғана болып қоймай, сонымен бірге көз жеткізудің үлкен құралына айналдырады. Жазбаша сөйлеудің мәнерлігі лексиканың аса талғампаздықпен таңдалуы, сөйлемді одағайдай құруы, мәтіннің дұрыс тарауларға, қайырымдарға бөліну жолымен жасалады. Сонымен қатар, мәнерлілік құралдарына курсив, астын сызу, сұрақ, леп белгілерімен, көп нүктелер жатады. Бұл құралдардың негізгі мақсаты мәтіндегі негізгі ойға оқушының назарын аудару.

Көркем әдебиет тілдің көркемдегіш құралдарын кең тілде пайдаланады. Көркем шығарманы мәнерлеп оқуды үйрету қажет. Мектепте мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлуі тиіс, тек оқу сабақтарында ғана жүргізіліп қоймай, сонымен бірге, қазақ тілі сабақтарындада пайдаланылған дұрыс. Бастауыш сыпып кезеңінен бастап балаларды мәнерлеп оқуға ғана емес, мәнерлеп сөйлеуге жаттықтыру керек. Жалпы ауызша сөйлеуге үйрету барысында мұғалім оқушы тілінің мазмұнын ғана қадағалап қана қоймай, сөйлеу мәнеріне, интонациясына, сөз қолдануына да көңіл бөледі.

Оқытудың алғашқы басқышында оқушылардың ауызша сөйлеуі жазбаша сөйлеуінен мазмұнды болады. Оқыту процесінде ауызша сөйлеу негізгі рөл атқарады. Балалар жаңа білімді көбінше мұғалімнің ауызша сөйлеуі арқылы меңгереді. Оқу мен жазу бірте-бірте оқушылар үшін жаңа білім меңгеру, игеру құралдарына айналады. Оқушы жаңа заттар мен құбылыстардың қасиеттерін түсіндіреді. Оқушылар оқулықтарды оқиды, игерген заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөнінде, яғни алған білімдерін баяндайды. Міне сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеуін дамыту тіл білімі бойынша жүргізілетін жұмыстардың маңыздысы болып табылады. Оқушының ойды, оқиғаны жүйелі жазбаша түрде баяндап беру дағдысы осының негізінде қалыптасады.

Оқушының ауызша және жазбаша тілінің даму жолдары бірдей емес. Оқытудың жоғарғы баспалдақтарында ауызша және жазбаша сөйлеулердің байланысы өзіндік мәнге ие болады. Бала оқудың алғашқы кезеңінде жазуды меңгермегендіктен, жазбаша сөйлеу түрінде игермейді. Сабақ барысында ауызша сөйлеу түрін ғана пайдаланады. Олар жазбаша сөйлеудің бұл түрін игере бастайды. Оқушының ауызша сөйлеуі неғұрлым жоғары дәрежеде болса, соғұрлым жазбаша сөйлеуді ертерек игереді. Керісінше, жазбаша сөйлеудің дамуына ықпал етеді. Міне сондықтан мұғалім баладағы сөйлеудің екі түрін бірдей дамытуды мақсат ету керек. Оқушының жазбаша сөйлеу түріне сүйенеді, алайда екіншісінің дамуына нұқсан келмеу жағын ойластыру керек. Кейде оқушы жақсы сөйлегенмен нашар жазуы мүмкін немесе керісінше, ойдағыдай жазып, өз дәрежесінде сөйлей алмауы ықтимал. Бұл жерде оқытушының қызметі осы екі теңсіздікті тілдерді дамыту негізінде теңестіру. Өз ойын көрнекті етіп жеткізу мақсатын қойған. Өзінің тілдік кемшіліктерін көре біліп, оны жоюға талаптанған оқушы жазбаша сөйлеу дағдысын игеруге толық мүмкіншілігі бар.

Жазбаша сөйлеу - баланың тіл мәдениетінің дамуына ықпал жасайтын қуатты фактор. Мұны меңгеруге бала мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап кіріседі. Оны жазуға үйрету бастауыш мектептегі оқудың пайызға шаққанда жарымына жуығын алады. Өйткені жазу техникасын меңгеру психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушылары ауыз екі сөзі мен жазба сөзін салыстыра жүргізілген зерттеудің бірінде екінші, үшінші сынып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сапа жағынан да көп кейін қалып отырғандығы, олардың сөздік қорына зат есім мен етістіктердің көп ұшырайтындығы (50% артық), сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жұмыстары да (ойлап табу, мазмұндама жазу т.б.) жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер де осы пікірдің дұрыстығын анықтап отыр.

Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Біздіңше, жазу дағдыларына машықтану өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде баланың бүкіл зейін әріптердің жеке элементтеріне, сондай-ақ дәптер мен қаламды ұстап тұру қимылдарына, өзінің партадағы отырысына ауады. Бірінші кезеңі әріп үйренудің элементтік кезеңі деп атайды. Екінші кезеңде бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Енді баланың зейіні біртіндеп әріп таңбаларының бейнесіне ауа бастайды. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Үшінші кезең – бұл жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда олар өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Осы кезеңде оқушының зейіні тұтас сөз жазуға ауады.

Психология ғылымы анықтағандай, сөйлеудің ерекше бір түрі – іштей сөйлеу. Егер сыртқы сөйлеу іштей сөйлеуден бұрын пайда болса, ол жазбаша сөйлеу іштей сөйлеуден кейін дамиды. Психолог Д.Джексон мен Г.Хэдтің пікірлері бойынша, жазбаша сөйлеу іштей сөйлеудің кілті, алайда іштей сөйлеудің синтаксисі ауызша және жазбаша сөйлеудің синтаксисінен мүлдем өзгеше. Онда бүтін мазмұн бірлігін құруда тіпті бөлек заңдылықтарға сүйенеді. Іштей сөйлеудің синтаксисі жазбаша сөйлеудің синтаксисіне мүлде қарама-қарсы деп айтуға болады, ал осы екі полюстің арасында ауызша сөйлеудің синтаксисі тұр.

Іштей сөйлеу бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Ол баланың өзімен-өзі сөйлесуі. Мұндай ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Псхологтардың пікірінше, ой тұжырымдары бастау алатын іштей сөйлеу, ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің негізі болып табылады. Жазылатын не айтылатын пікір, ой іштей нақтыланып, сана елегінен өткізіп, әбден толғанып барып сыртқа шығуы тиіс. Сонда ғана сөйлеу мазмұнды да, мәнді болмақ. Халық: «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі», «Айтылған сөз – атылған оқпен тең», - деп айтар ойын іштей пісіріп алмай қалай болса, солай айта салатын кісіге бағыттап айтса керек.

Іштей сөйлеудің дамуы балалардың мазмұндама, шығарма жұмыстарын ойдағыдай жазуына ықпал етері даусыз. Өйткені жазба жұмыстарын орындау барысында оқушылар іштей ойланып, өзімен-өзі ақылдаса отырып, пікірін білдіруге лайықты сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдер таңдайды. Яғни жеті өлшеп, бір кесуге дағдыланады.

Сонымен, іштей, ауызша және жазбаша сөйлеулер тығыз байланысты болып, бір-біріне ықпал ететіні даусыз. Бастауыш сыныптарда да сөйлеу түрлерінің қайсысы болмасын бірден қалыптасуына жағдай жасалғанда ғана бала тілін дамыту жұмыстары ойдағыдай болмақ.

Жоғарыда айтылған сөйлеудің барлық түрлері ойлау процесімен тығыз байланысты. «Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Тіл – ойды басқа адамдарға жеткізудің құралы. Ойдың тіл арқылы бейнелеуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады, өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарын пайдаланылады. Міне сондықтан мектептегі тіл дамыту, сайып келгенде, ой дамыту болып табылады.

Сөйлеу кезінде адамдар ой пікірі, іс-әрекеті жайында хабарлап қоймай, өзі айтып тұрған нәрсесіне қатынасын да білдіреді.

Осыған байланысты сөйлеудің мазмұндылығына айтылған әңгіменің аз сөзбен көп мағына беруінде. Келтірілген ой-пікірлер, сезімдер мен қорытындылардың маңызды болып өмір шындығына жанасымды келуі. Сөйлеу мазмұнды болуы үшін сөйлеуші айтқан пікіріне қысқа , толық әрі образды етіп беруге пара-пар сөздер таңдау керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізу үшін сөйлеушінің сөздік қоры мол болуы шарт. Мақал-мәтелдер мен көркемдегіш құралдары сәтті қолдану сөйлеудің мазмұндылығын арттырады. Ал сөйлеудің мәнерлілігі – сөз ішінде өзі баяндап отырған іс-әрекетке, затқа, құбылысқа қалыптасқан эмоциясын білдіру. Ауызша сөйлеу анық та айқын, дауыс ырғағы көтеріңкі, жарқын немесе сылбыр көмескі екпінсіз болуы мүмкін. Сөйлеудің мәнерлілігі фонетикалық анық дыбыстау мен айтылуы тиіс. Сөйлеу процесінде дауыс екпінінің маңызы ерекше. Сөзге түсетін логикалық екпін мен сөз арасындағы кідіріс ауызша сөйлеуде күшті рөл атқарса, жазбаша сөйлеуде тыныс белгілер мен сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің қызметі ерекше болады [5, 127].

Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі - баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы. Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Интеллектуалдық және практикалық бiлiк пен дағды қазiргi мектептегi бiлiм мазмұнының бөлiктерi қатарына жатады. Оқушы жалпы бiлiм жүйесiн, оған жеткiзетiн iс-әрекеттер, әдiс-тәсiлдермен қатар оқу еңбегiн саналы орындауға, бiлiм алуға жетелейтiн біліктер мен дағдыларды меңгередi.

Қалыптасқан бiлiктер мен дағдыларды кез келген жаңа жағдайда пайдалана алса, баланың шығармашылық ауқымы кеңейедi. Iс жүзiне асқан iс-әрекет арқылы оқушы қоршаған орта шындығын тереңiрек танып бiледi. Мiне, сондықтан білiк пен дағды оқу процесiнде үлкен мәнге ие. Жас шәкiрттердi тек жаңа бiлiм жүйесiн игертумен шектелмей, сол оқудың саналы болуына ықпал ететiн икемдiлiк пен дағдыларды қалыптастыру - маңызды мәселе. Мұғалiмнiң басты мiндетi - оқушыны өздiгiнен кiтап, сөздiк және анықтама әдебиеттерiмен жұмыс iстеуге, кез келген iс-әрекеттi жүзеге асыруда жоспарлы түрде уақытты үнемдеп, саналы орындауға жаттықтыру.

Олай болса, «бiлiк», «дағды», деген ұғымдарды анықтап алайық. Психологиялық әдебиеттерде бұл түсiнiктерге әр түрлi анықтамалар берiлген. Бiр ескертетiн жай, бағдарламаларда Қазақстан Республикасында әр пәннiң қамтитын материалдары белгiленгенiмен, оларды iс-жүзiне пайдалану тәжiрибесiн қамтамасыз ететiн білiк пен дағдылар бiрыңғай шешiмiн таппаған.

Психолог Қ.Жарықбаев дағды iс-әрекеттерiне мынадай анықтама бередi:

1. Дағдыландыру - соқыр сезiмдермен және басқа нәсiл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының тiршiлiгiнде пайда болатын қылықтар.

2. Дағдылану үйренумен, жаттығумен бiр әрекеттi бiрнеше рет қайталаумен, дәл қазiргi әрекеттi басынан өткiзген адамның бұрынғы тәжiрибесiндегi әрекеттермен байланысып, жүзеге асады.

3. Дағдылануға алғашқы кезде әдейiлеп зейiн, ерiк-жiгер, күшi жұмсалса да, кейін бірте-бірте автоматтану арқылы жүзеге асып отырады. Бiрақ барлық дағдылану автоматизм тәрiздi болады деуге болмайды. Кейбiр өте күрделi дағдыланулар (мәселен, ақыл-оймен байланысты) автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкiн.

4. Дағдылану бiр қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзiнiң әрекетiн де, жүрiс-тұрысын да, ақыл-ойын да жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса, сол әрекетiне басқа әрекеттерге де көшiре алады. Мысалы, адам әр уақытта оң қолымен жазып, сол қолымен еш уақытта жазып көрмесе де, ол сол қолымен де жаза алады.

Е.В.Гурьянов дағды:

1. Iс-әрекет жүргiзу арқылы қалыптасады;

2. Жаттығулар орындау барысында қалыптасады, - дейді. Бұл пiкiр бойынша дағдыға кез-келген iс-әрекет жатпайды, тек жаттығу негiзiнде қаланған iс-әрекеттер жатады.

Демек, психолог ғалымдардың көрсетуі бойынша дағды жаттығудың қайталануы арқылы іс-әрекеттің автоматты түрде орындалуы деңгейі екендігін байқаймыз. Кіші жастағы мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптасуы олардың қарапайым болса да, алған білімдерінің іс-жүзінде пайдалануы деп түсінуі қажет. Мысалы: оқушы тіпті буын, тіл дыбыстары, сөз, сөйлем деген сөздердің өзін нақты ұғына алмайды, сондықтан бұл сөздерді оларға білім беру арқылы түсіндіреміз. Содан кейін ғана бала алған білімін жаттығу барысында пайдаланып, қайталайды да, ауызша сөйлемдерді дұрыс құруға дағдылана бастайды.

П.Я.Гальперин негiзiн салған «ақыл-ой әрекетiнiң сатылап қалыптасу» концепциясы практикалық iс-әрекет - адам ойлануының барлық жоғары формаларының даму процесiндегi алғашқы баспалдақ (саты) деген түсiнiкке құрылған. Бiрiншi кезеңде бала мәселенi шешу үшiн сыртқы материалдық әрекеттердi қолданады. Екiншiде - бұл әрекеттер тек елестетiледi де, бала оларды сөзбен айтады (басында дауыстап, сонан соң iштей). Тек соңғы, үшiншi кезеңде сыртқы - заттық әрекет «жинақталып», iшкi жоспарға енедi. Кең құлашты материалдық әрекеттiң жинақы ақыл-ойлық модельге айналуының әрбiр кезеңi үшiн берiлген мысалдың шарттары мен мазмұнындағы оқушыға, бағыт-бағдардың белгiлi бiр түрi тән. Жоғары деңгейдегi мұндай бағдарларға мәселелердiң берiлген түрi үшiн өте маңызды жалпылама сипаттағы тану белгiлерi жатады (олар заңдар мен ұғымдарда көрсетiлген. Мұнда оқушы ақыл-ой әрекетінің өзін сатылап қалыптасатындығын, және әрбір сатыны қайталап отыру барысында дағдыланатынын көруге болады.

Дағдының негiзiнде ақылға салынған әрекет жатады. Iс-әрекеттi игертудiң бастапқы кезеңiнде бұл әрекеттер оның негiзгi компоненттерi болады. Мысалы, оқуға үйрету кезеңiндегi дыбыстан буын, буындарды қосу арқылы мағыналы сөзге айналдыру оқудың негiзгi мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстiнде оқушы жылдам оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай дыбыстан буын құрауды, буындарды қосуды мақсат етiп қоймайды. Өйткенi оның әрекетi ендi, жеңiл, жүгiртiп оқитын дағдыға айналады.

Осындай үлгілерді оқушылардың өздері де көрсете алады және олар осы кезге дейін үйренген сөздерін қолданады, кейбіреулері оқулықтағы жаттығуларды өзгертіп оқып берулері де мүмкін.



Педагогтар баланың нашар оқу себебін ішкі және сыртқы түрткінің (мотивация) жеткіліксіздігінен дейді. Мотивацияның жеткіліксіздігінің бірден-бір себебі - мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың дұрыс құрылмауынан. Баланың өзіне деген сенімін арттыру үшін оның кемшіліктерінен гөрі жеткен жетістігін айта отырып, қызығушылығын ояту керек. Баланың кемшілігін айтып, ол қылықтарын есіне түсірген сайын оның өзіне деген сенімін азайтып аламыз. Сондықтан да мұғалімнің оқушыны қолдауы, құрметтеп, сенім артқаны қажет. Бұған психологиялық тұрғыдан көңіл бөліп, әдістемелік шеберлікпен келу арқылы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан да әрбір ұстаздың психологиядан, педагогикадан, әдістемеден терең білімі болуы керек [6, 76].

Ж.Аймауытовтың «Адамды ілтипатты ететін ереже қайсы десеңіз, мынау: нәрсе ұғындырылғанда оның барлық шарттары көрсетіліп, барлық жаңа нәрселерді туғызарлық болсын, бір сөзбен, нәрсені түрлендіру керек, тоқсан түрге түсіру керек» деген озық ойы әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Қазіргі заманғы электрондық оқу материалдарына телекоммуникация құралдарын (видеокассета, оқу теледидардан т.б.) пайдалану, интернет жүйесі арқылы ақпарат алу, сабақты түрлендіруге, баланы қызықтыруға жол ашады. Осы сияқты жаңа оқыту құралдарын, жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде тиімді пайдаланылады.

Шығармашылық жұмыста қазіргі заман талабына сай кез келген ортада, кез келген жағдайда өз ойын, пікірін жүйелеп айтатын мәдениетті дайындау үшін бастауыш сыныптан бастап баланы байланыстырып сөйлеуге үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдері іздестіріледі.

Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үдерісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.

Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастарының ішінде біз көңіл аударалық мәселе, - бұл автордың, «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.

Автордың пікірінше, білімді бала тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов, Л.Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған өз бетіндік танымдық-әрекеттік рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнды және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сонымен қатар бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге мән беріледі.

Осыған орай, өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.

Өз бетіндік жұмыс - шығармашылық жұмыстың бастамасы болғандықтан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай - бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау кабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалды саралау және тәжірибе қорытындысындағыдай шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыратын өз бетімен жұмыстарды мынадай 3 жұмыс түрлерін жатқызамыз:

1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ).

2. Берілген тапсырманы түрлендіру (мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.).

3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар.

Мұнда басты назар аударатын мәселе - бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.

Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру формаларын фронтальді және топтық деп бірнеше түрде алып қарауға болады. Өз бетінше жұмыстың ішінде ең көп таралып отырған тиімдісі: кітаппен жұмыс істей білу. Мұнда мәтінмен жұмыстың негізгі:

  • мазмұнын баяндап беру

  • мәтін бойындағы тапсырмаларды орындау

  • мәтінді бөліктерге бөлу

  • бөліктерге ат қою

  • мәтін бойынша жоспар құру

Ондағы негізгі ойды анықтау тәрізді тапсырмаларды орындау, талдау жасау, салыстыру, материалды жинақтаумен, негізгі қойылатын талаптар осындай.

Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік дағдысын дамыту.

Ж.Қараев шығармашылық жұмыс және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, шығармашылық әрекетті ретінде оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Бұл мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекет деп білімді жаңа жағдайда тасымалдай білу мәселені шешудегі көргендік, қырағылық жаңалық тудыратын әрекет деп тануды ұсынады [7, 96].

Бастауыш мектеп оқушысының ашатыны тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық.

Шығармашылық әрекет арқылы бір жағынан адамның іскерлігі мен қабілеттері жетілсе, екінші жағынан материалдық рухани көзқарасы қалыптасып, адамзат мәдениетіне үлес қосылады.

Баланың табиғи, ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді толығырақ дамыса, ол есейген кезде қызметті де соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты атқарады. Шығармашылық әрекет арқылы оның жасампаздығы, іскерлігі қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын дамытуға жас мөлшері нағыз қолайлы синтезивті кез.

Дамыта оқытудың мақсаты - балаларға дайын пәндік білім. біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелмейді. Кеңес дәуіріндегі дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындайтын адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрететін, оны қолдана білетін дамыған адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде. Сондықтан біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі етуде басшылыққа алатын нысана - дамыта оқыту жүйесі болады.

Оған сәйкес оқулықтар мазмұны қайта қаралып, олардағы сұрақтар, тапсырмалар, жаттығуларға дамытушылық сипат берілді. Оқулықтар мазмұны шығармашылық тапсырмалармен толықтырылды.

Шығармашылық тапсырмаларды сұрыптау, оларды пайдалану кезінде, олар баланың өмірлік тәжірибесін молайтып, практикалық іс-әрекет дағдысын қалыптастыру көзделеді. Оқулықтар мазмұнында ұсынылып отырған шығармашылық тапсымалар баланы конвергенттік (бір бағыттағы, жүйелі логикалық) ойлаудан, дивергенттік (логикадан ауытқу) баланы ойлауға үйрететіндей етіп лайықталынып беріледі. Өйткені баланың шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған қабілеттерін, дамуы осы дивергенттік ойлаумен тығыз байланысты.



Сабақтардың практикалық бағытын күшейту, білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу, сол арқылы өзінің ашқан «жаңалығының» қуанышын сезінетіндей болуы қарастырылды.

Баланың шығармашылық істеріне басшылық жасау, ондай нәтижеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сыйластық, түсіністік, ізгілік ұстанымдарына негізделеді. Сабақтағы оқушының орны, рөлі алмасты, оның еркіндігінің, дербестігінің болуы басты назарда ұсталды. Нәтижеде мұндай оқыту баланың ақыл-ойын дамытып қана қоймай, сол арқылы пайдалана білу, қоршаған дүниедегі жаңалықты көре білуге үйрететіндігі анықталды.

Оқушының дарындылығы жоғары болған жағдайда шығармашылық тапсырма орындау барысында өз тұжырымын дәлелдейді. Қажет жағдайда пікірталас туғызады, өз түсінігін жеткізе біледі. Өзіндік ойлауы мен топшылауы басым болады. Кез келген мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушыға қажетті ақпараттар жинап, бүгінгі болатын әрбір сабағына аз да болсын жаңалық енгізуге ұмтылуы керек. Менің ойымша, мұғалім тұлға деңгейінде танылуы тиіс. Ұлы педагог Макаренко: «Никакие рецепты не помогут, если в самой личности воспитателя есть большие недостатки» деген тұжырымына сүйенсек, мұғалім тек сабақты түсіндірумен ғана емес, қимыл-әрекетімен, сөйлеген сөзімен, басқаларымен жасаған қарым-қатынасымен оқушыға өнеге беретіндей болуы қажет. Білім сапасын көтерудегі ең басты тұлға - мұғалім. Мұғалім - өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын, өзін-өзі тәрбиелейтін, айқын мақсаты бар, жаңашыл жеке тұлға.

Міне, осындай жаңа талапқа сай мұғалім ғана оқушыларды шығармашылыққа баули алады.

Тұлғаны тұлға тәрбиелейтіндіктен жеке тұлға болатын мұғалімдерді мектеп көбірек қажет етеді. Мектепке жаңашыл, мықты тұлға боларлық мұғалімдерді қалай тартуға болады?

Талантты жастарды бос сөзбен мектепте мұғалім бол деп үгіттеу бос уақыт өткізумен бірдей. Егер мұғалім мамандығы беделді, құрметті мамандық деп есептеліп, жоғары оқу орнына түсуші талантты жастар мұғалім болуды таңдап жатса, білім беру сапасы да жақсарар еді. Американың өзінде мұғалімнің дәрежесін көтеру, талантты жастарды мектепке тарту үшін мұғалімнің еңбек ақысын көтеру туралы көп талас болды. Олай болса, Қазақстанда мектепке талантты жастарды тарту үшін мұғалім еңбегін мемлекет деңгейінде бағалау қажет [8, 172].



Мектептегі оқу процесін өмірге дайындық деп қарамай, керісінше өмірмен бірге жүретін және ешқашан тоқтамайтын процесс деп қараған абзал. Мектеп фабрика емес, мұнда оқушы мен мұғалім алға қойған мақсатты сезініп, оны орындау арқылы өзгеріп-өсіп дамып отыратын «тірі организм».

Шығармашылық жұмыс қарағанда зерттеу сипатты жұмыспен ұқсас. Себебі, әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек. Дегенмен оның өзіндік ерекшелігі бар.

«Шығармашылық - адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы».

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруы сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

  • тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

  • арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

  • сөзжұмбақ құру, шешу;

  • шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру;

  • әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу;

  • қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

- ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына, мағынасы кері әңгіме құру;

  • мазмұндама түрлерін жазу;

  • адасқан сөздерді орнына қою.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін-байыту, қиялын ұштастырумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологияны қолдану келешек ұрпақтың еңбек етуіне, еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау керек.

Осыған сәйкес оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Бала бойындағы қабілетін ашу-одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы, бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.

Өзіндік жұмыс балалардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді. Білім, білік, дағдыларын кеңейтуге ұжымдық сезімдерін, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көзделген мақсатқа жетуге және жеке тұлғалық, сапалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушылары бүгінде әрі субъект, әрі объект ретінде қарастырылады. Өз бетімен жұмыс жасағанда оқушының өзіне баға беріп, алдына қойған мақсаттың сәтті орындалуына ықпал жасайды, оқушылардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытады. Мектеп тәжірибесінде көбіне көп осы жағы ескеріле бермейді, бақылау тапсырманың дұрыс орындалуын нысана етеді. Бөгде адам мен өзінің ой- пікірлерін айтуға мүмкіндік береді.

МДүйсенованың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мынадай шарттарға байланысты анықталады:

  • оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты оқушылардың өз еркімен орындалуын көздеу керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;

- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер т.б [9, 28].

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстар жатады. Өздігінен істейтін жұмыстарын ана тілі сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар жүйелі оқуға, ойды талдауға, мәтінді саналы түсінуге дағдыланады.

Тапсырманы орындағанда оқушылар дәптерлерін ауыстырып қарап, бірінің қатесін бірі түзейді, дұрыс жазу ережесін айтады, яғни олар консультанттар міндетін атқарады.

А.А.Леонтьевтың айтуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады. Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады.



  1. Бағыттау (сөйлеуге даярлық)

  2. Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру)

  3. Орындау (жүзеге асыру)

  4. Тексеру (бақылау сатысы)

Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. Төртіншіден кері байланысты қамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді.

Жоспарлау дегеніміз – сөйлеудің бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірілмеген.

Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады, байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады.

Сөйлеудің төртінші фазасы – тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдылар практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін дамыту жұмыстары сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар.

Халқымыз «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп тегін айтпаған. Бұдан біз сөздің күшін, әсерін ұғынамыз. Сөзді орынды жерінде қолданып сөйлеу байланыстырып сөйлеуге байланысты. Байланыстырып сөйлеуі жетік бала жазба жұмыстарын шебер орындайды. Байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері:

1. Байланыстырып сөйлеу процесінің ана тілінде және екінші тілде көп сәйкестіктері бар, бірақ ана тілін және екінші тілді меңгеру процесі әр түрлі жолмен іске асады.

Егер оқушы өзінің ана тілін меңгеру процесінде ең жоғарғы деңгейде еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастырса, екінші тілді меңгеру процесі ең қарапайым механизмдерінен, жай іс-әрекеттерден, тілдік тұлғаларды таңдап алудан және сөйлеуге малықтандырудан басталады.

2. Оқушы айналадағы қоршаған дүниенің құбылыстарын танып, талдау жасайды. Сөйлеу процесінде психикалық процестердің табиғатын ескеру маңызды. Адамның өмірінде сөйлеу (ауызша және жазбаша) іс-әрекеттерінің де маңызы үлкен, соның арқасында адамдар бір-бірімен керекті мәліметтерді білдіреді, тәжірибе алмастырады. Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы – адамдардың бір-бірімен сөйлесуі.

Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке қорытынды жасайды.

3. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, бақылағыштық қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет.

Бір затты білуге құмар адамдар бір затты бақылағыш келеді. Сөйлеуші адамның сезімін байқап сөйлейді. Сөйлеу үшін адам әуелі ойлау операцияларынан өтеді. Анализ (бүтінді бөлшекке болу әдісі) синтез (бөлшекті бүтінге жинақтау әдісі) әдістері арқылы пікір шыққанда сөйлеу процесі қажеттіліктен пайда болады.

Деңгейлік тапсырмалар беруде нормативтік, нормативсіз варианттар салыстырылады. Соның нәтижесінде деңгейлік тапсырмаларды орындау негізінде оқушылардың лексикалық сөздік қоры кеңейеді, грамматикалық сөз тіркесінің активтік қоры байиды, тілдік тұлғаларды, оралымды қолдануға жаттығады.

Бұл тұлғада деңгейлік тапсырмаларды таңдай мәселесі практикалық мағынаға ие болады да, оқу процесінің проблемалық ситуациясына айналады. Байланыстырып сөйлеуге оқыту үшін деңгейлік тапсырмада әңгіме, мазмұндама жазу ұсынылады.

Оқушысы сөйлеу процесін енгізу үшін, оны тілдік ситуацияларға кіргізіп, сол ситуацияда өзін ұстай білуге үйрету керек, яғни оқушы өзінің әңгімелесушін, әңгіме процесінің мақсаты мен шарттарын меңгеруі тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны сөйлете білудің шарттарына бағынышты болады. Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардағы жаттығулар оқушылардың мәдениетін қалыптастырады.

Сөйлесу тілін дамыту үшін баланың психологиялық жағдайын ескеру қажет. Бала жақсы сөйлеу үшін оның шабытын оятып, құлшыңдырып сабақты қызықты өткізу қажет. Сөйлемді жақсы құра білсе, сөйлесін үйреніп қазақ тілін игерсе, онда: сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің деп баланы мадақтап қойған жөн.

Сонымен бірге «жаз үйрен» деп сенім білдірген дұрыс. Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымына, өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылтқы оқиғаларды әңгіме ету; оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебін де таныта білу; олардың психологиялық еркіндігін қаматамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

Сонымен сөйлеу тілін дамытудағы психикалық жағдайға байланысты оқушының сапалық және сандық өзгерістері:

- нерв жүйесінің жетілуі

- білімнің артуы,

- сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы

- анатомиялық-физиологиялық есеюі және мінез-құлқының қалыптасуы.

Дамыта оқытуда төмендегі психологиялық жағдайлар ескеріледі.



  1. сезімі, түйсігі

  2. қабылдауы, ынтасы

  3. зейіні, еске ұстауы

  4. ұғынуы, еркін билеуі

  5. ойлауы, қиялдауы, болжауы

  6. сөйлеу қабілеті

  7. оқу іс-әрекеті, дағдысы

  8. жауапкершілігі, ізденісі, дербестігі.

Оқушыларды сөйлеуге үйретуде психологияға сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау қабілеті, ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рол атқарады. Олардың барлығы өзара диалектикалық байланыста. Адамның көру, есту сезімдерінің дамуы, ойлау қабілетінің артуы сыртқы объективтік шындықтық әсерінен болады.

Психолог Р.Қ.Көшімбаев «Табыс психологиясы» атты еңбегінде әртүрлі психологиялық жаттығулар мен ойындар арқылы мектеп өмірінде оқу процесіне қажеттілік туғызу, оқушының ойлау қызметін жетілдіру және мұғалім мен оқушыға қиындықтарды жеңу, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту жолдарын үйретеді.

Мысалы: Оқушы сабақты дұрыс қабылдамаса, оның зейіні сабаққа ауыспаса, сабақтың ұйымдастырылуы ойдағыдай шықпаса, сіз тез өзіңізді мұғалім рөлінен шығарып, оқушы болыңыз. Оқушыдан қандай о йынды жақсы көретіндігін сұраңыз. Сол ойынды бастап ойнаңыз. Оқушылар көңілденіп ойынға ұйымшылдықпен кірісе бастаған кезде, сабақ бағытын ойынға бұрыңыз да, өзіңіздің мақсатыңызды іске асыруға кірісіңіз – дейді.

Міне, осы сияқты психологиялық пікірлерді ұсынады. Оқушыға реніш туғызған мұғалімге өзін сол оқушының орнына қойып, оқушыны мұғалім тұлғасында қарап ойлануды ұсынады. Мұндай жаттығулар мен ойындардың ұстаз шығармашылығына тигізер жәрдемі мол. Қазіргі кезде мектептегі сабаққа пайдаланылатын ойын түрлері, тренинг тәсілдері, ролдік, іскерлік ойын түрлері өте көп. Сөйлеу арқылы тіл жетіледі, дамиды.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастыралды:


  1. Әңгіме құруға арналған тапсырмалар:

а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.

ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

- сен кімсің? Ол кім?

- әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

- Қайда тұрасыңдар?

- Сендер нешеусіңдер?

- Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?

- Олар не істейді?

Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру талаптарын басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс.

Тапсырмалардың тартымды, қызықты болуын қадағалау қажет, оған қойылатын талаптардың толық сақталуы тапсырманың сапасын арттырып, оқушының сөйлеу тілін дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан оқулықта, сабақта кездейсоқ алынған жаттығулар болмағаны тиімді.

Репродуктивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, елестетуге, еске түсіруге арналған жұмыстар, ал рецептивті тапсырмалардың құрамына ойлауға, есте сақтауға, танып-білуге арналған жұмыстар енгізілді. Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының өз бетімен білім алуына жәрдемін тигізсе, екіншіден оның қиялын, ойлауын дамытады [10, 129].

Сабақтың практикалық мақсаты мен дамытушылық мақсаты қатар жүреді. Әңгіме құру барысында сөйлеу мәдениетін қалыптасады. Сабақта оқушының еркін отыру атмосферасы туғызылады. Ол оқушының пікірін қорықпай еркін айтуына жәрдемін тигізеді. Оқушылар бір бірін толық еркін көріп бетпе-бет отырып сөйлесе алатындай мүмкіндік жасалуы керек.

Қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқушылардың коммуникативтік – танымдық біліктілігін, сөйлеу тілін арттырады.

Оқушының сөйлеу тілі әрқашан тілдік ортада қалыптасады. Баршамызға белгілі қазақ балаларымен ойнаған орыс баласы қазақ тілін ешқандай грамматикалық ережені оқымай-ақ қатысым арқылы үйреніп алады. Сондықтан сөйлеу тілін дамытудың тағы бір тиімді жолы – жағдайлық ойындарды ұйымдастыру.

Сөйлеу тілін дамыту кезінде сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық жаттығулар, әдеби текстер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Ойын барысында мұғалім оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіре береді.

Ойын «Диалог - әңгіме»

Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны жалғастырады.

Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр

Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады

Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады

Гулмира: Жылы жаңбыр жауады

Раушан: Құстар ұшып келе бастайды.

«Ақ терек, көк терек»

Оқушылар екі топқа бөлініп, қол ұстасып 3 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады.

І топ: «Ақ терек, көк терек,

Біздің сізге кім керек?» - дейді

ІІ топ: «Ақ терек, көк терек

Бізге Мақсат керек емес,

Диана керек». Сөйлем осылай басқа сөздермен алмастырылып, ойын жалғаса береді.

Ұсынылған тапсырманың түрлері мен жаттығулар жүйесі сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға көмектесті, тіл үйретудің практикалық, қатысымдық бағытталуына септігін тигізді.

Егер оқушылар тіл арқылы түсініссе, өздері коммуникативтік тапсырма орындаса, олар біртіндеп диалогтарға инсценировка жасауға үйренеді. Оқушылар талдау, қорытынды жасауға жаттығады. Олар адамның көңіл-күйі, жайы туралы тереңірек біле түседі, өзінің әлеуметтік рөлдерде шамасының неге жететінің білуге ұмтылады, мұғалімнің жеке басына деген қызығушылығы, ілтипаты артады, сөйлеу тілі дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет