Кіріспе зерттеудің өзектілігі


Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың



бет4/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру деп -оқушылардың сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша дұрыс білдіруге яғни «нәрсенің жай-күйін» түрін, түсін, ісін, сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз.

Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған алғашқы іргелі еңбектерге С.Рахметова, А.Байтұрсынұлы, Ғ.Бегалиев, Ә.Сәдуақасов, Р.Әмiров, К.Бозжанова т.б. ғалым-әдiскерлердiң жұмыстарын атауға болады [11, 45].

Қазақ халқының прогрестiк ағартушысы Ы.Алтынсарин - қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң алғашқы туындылары «Қазақ хрестоматиясы» және «Мактубатының» авторы. Бүкiл ғұмырын халық санасын көтеруге, қара халықтың баласын оқытуға арнаған ағартушы қазақ жерiне жаңа үлгiдегi мектептер керек екенiн заманынан бұрын түсiнген. Ы.Алтынсариннiң «Мектеп-қазақтарға бiлiм берудiң басты құралы. Бiздiң барлық үмiтiмiз, қазақ халқының келешегi осында, тек осы мектептерде ғана», – деуi, оның қазақ халқының болашағын оқу-ағарту iстерiмен байланыстырғанын көрсетедi. Кейiнгi өмiр ағартушы ғалымның пiкiрi орынды екенiн дәлелдедi.

Ғалымның еңбектерiнде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тiкелей практикалық маңызы бар тәсiлдер не әдiстер көрсетiлмегенiмен, оқушылардың сөздiк қорын молайтуға және тілін, танымын жетiлдiруге арналған өлеңдерi, әңгiмелерi мен ертегiлерi баршылық. Бұл жерде ағартушы-педагогтiң «Кел, балалар, оқылық», «Өнер бiлiм бар жұрттар», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» т.б еңбектерiнен шәкiрттердiң жеке басын, олардың мәдениетiн қалыптастыруды мақсат еткенiн көруге болады.

Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары көбiнесе шығарма және мазмұндама, яғни оқушылардың мәтiн түзу дағдысын қалыптастыруға арналған болса, оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарына «сөйлеудегi, жазудағы тiл жұмсаудың өнегелi үлгiлерi, сауаттылық, айқын ойлылық, iзеттiлiкке» үйрететiн жұмыстар жатқызылды. Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының тiл дамытумен ара-қатынасы жоқ деген ой тууы ағаттық. Қайта оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының негiзiнде тiл дамытудың негiзгi заңдылықтары мен ұстанымдары тұрады.

Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмысы төмендегідей мақсаттарды көздейді:

1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

2. Оқушыларға қазақ тілінің қалыптасқан нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру.

3. Оқушыларды сөз мағыналарын орынды қолдануға, ойын анық та түсінікті жеткізуге үйрету. Яғни, тілдік қатынас дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөйлеу - әрекет, адамның әрекеті, яғни қарым-қатынас жасау үшін ойын, білімін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін тілді қолдану болып табылады.

4. Оқушыларға ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

5. Қазақ тілі ғылымының жеткен табыстары негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.

Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруымыз үшін біз мына негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет: белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөз тіркесі және сөйлем құрауға; сондай-ақ ойларын ауызша сауатты, жүйелі сөйлей білуге үйрету. Сонда ғана сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары күнделікті өтілетін сауат ашу сабақтарымен байланыстырыла біртұтас жүргізіліп отырылса, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады, ал мәтін құрастыруға және әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Бірақ бұлайша топтаудың өзі – шартты түрде ғана, яғни ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын нені қамтитынын көрсету [12, 256].

Сөйлеу – адамзаттың ғасырлар бойы даму эволюциясында қол жеткiзген жетiстiктерiнiң бiрi. Адамзатты басқа тіршілік иелерінен ерекшелеп тұратын да осы - сөйлеу. Сөйлеу процесiнде адамдар бiр-бiрiнiң ойын түсiнедi, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасайды. Тілдік қатынас арқылы адамзат ұжым болып бірігіп, халықтың, ұлттың негізін қалайды.

Сөйлеу дегенімізадамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.

Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар ұзақ ғасырлар бойында кісілердің пікір алысу тәжірибесі үстінде қалыптасқан. Тілдік амалдар, сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объективті категориялар. Осыған орай тіл жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады.

Б.Ш.Тұрғынбаева сөйлеудің әр түрлі коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән (индивидуалдық) сөз жұмсауы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау ерекшеліктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы, сөйлеудің жетілуі индивидуалдық творчествоға сүйенеді.

Сөйлеу пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.

Біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.

Сөздің мағыналығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Ақылды көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып-білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді. Сөйлеу интонациясын қабылдау кезінде артикуляциялық аппаратпен де адамның мәнерлі сөйлеуі түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу не келіспеушілік білдіріледі. Қазақ тілінде айтулы мақсатына қарай сөйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді. Ал оларды айту арқылы сезім, тілек, өкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психикалық көңіл-күйі сезіледі. Мәнерлі сөйлей алатын адамның дауыс интонациясы мен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс) болып қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ым-ишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады [13, 36].

Сөйлеудің осы жақтары – кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптасқан жағдайда, олар сыныптастарымен, мұғаліммен еркін тілдік қатынасқа түседі. Бұл шәкірттердің өз ойын түсінікті жеткізуге дағдыландырып, жеке тұлғалық қабілеттерін дамытады. Ауызша немесе жазбаша сөйлесу арқылы әрдайым сөйлеуші мен тыңдаушы арасында ойлар алмасып отырады. Мұнда біріншіден өз ойың, пікірін басқа біреуге жеткізеді, екіншіден басқа адамнан ақпарат алады. Адам баласының ауызша сөйлеу тілі туылғанынан дамып отырылады. Мектепке дейін бала тілі жанұясында және қоршаған ортадағы адамдармен сөйлеу барысында дамыса, мектепте мақсатты түрде жетілдірген абзал. Мектепте оқушылар оқулықтардағы мәтіндердегі түрлі таныс емес сөздермен, сөз тіркестерімен және тұрақты сөз тіркестерімен кездеседі. Балаларға осы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін белсенді сөздік қорына қосып, сөйлеу кезінде сөз мағыналарын орынды қолдануға үйрету мұғалімнің міндеті.

Сөйлеу сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша, сондай-ақ диалогтік және монологтік болып бөлінеді.

Диалогтік сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында өтетін болғандықтан түрлі жағдайларға, әркімнің көңіл-күйіне байланысты толымсыз, сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай, шылаулар, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Бет әлпет көрінісі, ымдау, интонация қолданылады.

Әдiскер - ғалымдардың көзқарас-пiкiрлерi негiзiнде диалогтік оқыту амал-тәсiлдердiң өзiндiк ерекшелiктерi айқындалған. Диалогтік оқыту амал-тәсiлдердiңең негiзгi және кiшi бөлшегi – оқыту (учебный) диалогы. Диалогтік тiлдесiм барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бiр-бiрiмен тiлдiк қарым-қатынасқа түседi. Бұл - диалогтік сөйлеудiң өзiндiк белгiлерi. Диалогтік оқыту амал-тәсiлi оқушыларды сөйлеуге, белсендiлiкке, өзара пiкiр алысуға итермелейдi. Әрбiр диалогтік оқыту технологиясы сөйлеу ситуацияларын туғызып, оқушылардың ауызекi сөйлеуiне, пiкiрлесуiне әсер етедi [14, 265].

Ал монологтік - сөйлеу бiр адамның өз ойын, көзқарасын бiлдiруi. Монологті сөйлеу жүйелiлiктi талап етедi. Мұнда сөйлемдер толық ойды бiлдiрiп, құрылысы жағынан күрделi болып келедi. Монологті сөйлеуге оқушылардың белгiлi бiр тапсырманы түсiндiруi, мұғалiмнiң жаңа тақырыпта баяндауы, хабарлама, баяндама жасауы жатады. Монологті сөйлеудi дамыту үшiн алдын-ала белгiлi тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгiсi жасалады.

Монологтік сөйлеу мен диалогтік сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сөйлеушi мен тыңдаушы бiр-бiрiне сұрақтар қойып, хабар айтып тұрса, ол диалогтік сөйлеу түрi болады, ал диалогтік сөйлеуде сөйлеушi өз сөзiн ұзақ түрлi фактiлермен дәлелдей сөйлесе, онда монологтік сөйлеу болады.

Демек, диалогтік сөйлеу – екi не одан да көп адамдардың бiр-бiрiмен тiлдiк қарым-қатынасқа түсу әрекетi. Бұл диалогтік бiрлестiкте бiрнеше реплика бар. Диалогтік оқытуда оқушы – оқушы, мұғалiм – оқушы, оқушы – мұғалiм түрiнде диалогтар құрылады. Диалогтік оқытудың ең басты ерекшелiгi – мұғалiм мен оқушы тең қарым-қатынаста болуы. Диалогтік оқыту амал-тәсілдерін бастауыш оқытуға, оның ішінде кіші жастағы оқушыларды оқытуға қолдану мәселесі мүлде зерттелген жоқ. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қолайлы әдістердің бірі болады деп, зерттеу тақырыбымызға бейімдеп, диалогтік амал-тәсілдерді пайдаланып көрдік.

Бастауыш мектептерде диалогтың жасанды түрі іске асады. Әдетте оқушы мен мұғалімнің арасындағы әңгімелесуді диалог дегенімізбен, мұнда сөйлемдер толық болады. Бастауыш сыныптарда кейбір балалар ұялшақ болады да, мұғалімнің сұрағына кейде жауап қайтармайды немесе «бар», жоқ «ия» деп, бір сөзбен ғана жауап береді. Мұғалім бірінші сыныптан бастап әрбір оқушыны батыл, қатты дауыспен, анық, ашық сөйлетуді үнемі қадағалап, қолға алса, онан әрі ауызша сөйлеу дағдылары тиісті дәрежеде қалыптаса бастайды. 1 сыныпта дыбыстың анық айтылуына, жаңылтпаштарды көбірек айтқызуға, түрлі тақпақтар оқыту, жаттату жұмыстарына қатты назар аударылады.

Мектеп оқушыларының ауызша сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеген белгілі педагог Т.Тәжібаев былай деп көрсетеді: «Ауызекі сөз бен жазба сөздің функциялары (атқаратын қызметі) бір, екеуінің де пайда болуына адам қоғамы себеп болған, екеуі де адамдардың бір-бірімен қатысуына керекті құрал. Бірақ екеуінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар баланың тілінде анық көрінеді...» дей келіп, ауызша сөздің дауыс қатысы, ырғағы арқылы іске асатындығын және мұнда бет-бейне мен ым, ишара құралдары қосымша көмектесетінін көрсеткен.

Шынында да пікірді ауызша білдіргенде біреумен әңгімелесу немесе пікір таластыру үстінде дауыстап сөйлесіледі.

Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға немесе тіпті айтпай-ақ кетуге де болады, өйткені ауызба-ауыз сөйлескенде сөздің олқысын ыммен, қас-қабақпен толтыруға мүмкіндік бар. Сондықтан ауызша сөзге психологиялық сипат тән, өйткені әңгімелесуші адамдар бір-бірінің қас-қабағын, бет пішініндегі өзгерістерді байқап тұрады .

Ауызша сөздің ерекшелігі жөнінде атақты ғалым, профессор Қ.Жұбанов былай деген болатын: «Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, иә болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, лаждап түсінуге болады. Оның үстіне сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды. Сөздің әні де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады. Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып, түсінікті қылады. Мұның бәрі жеткіліксіз болса, ауызба-ауыз сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады» .

Сондықтан біз оқушыларды ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арнайы тапсырмалар, мәтіндер беріп сабақ өткізу барысында сол тапсырмаларды орындау, мәтіндерді оқу арқылы оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болатындығын байқадық. Мысалы: мына сияқты мәтіндерді оқып, тапсырмаларды орындаса балалардың әрі ойы дамиды, әрі ауызша сөйлеуге үйренеді.

Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Бұл жерде оның бұрынғы білімі, дағдылары көмекке келеді.

Шығармашылық жұмыстарда оқушының танымдық іс-әрекеті басқа сипатта болады. Мысалы, қазақ тілін әдебиеттік оқумен байланыстыра оқыту, осы негізде тапсырмалар беру, бұрыннан да бар. Шығармашылық жұмыстардың түрі ретінде шығармалар жаздыру, әртүрлі дидактикалық ойындар жүргізу т.б. өткізіліп келді. Технологияны ұстанымға алған шығармашылық жұмыстарда тәжірибеде бұрыннан бар қолданыста жүрген оны дәстүрлі түрлерін жаңғырта пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы мен қабілетін дамыту - тіл дамытудың бірден-бір жолы. Шығармашылық жұмыстардың қай түрінде болмасын мақсатқа жету үшін, мұғалім өз тарапынан көмек беріп, жетелеп отырады. Шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар - ең алдымен оқушының еңбегінің ізденісі, жеке еңбегін талап ететін жұмыстар. Сол себептен де олардың мүмкіндігі, қалауына санасу өте қажет. Бір ғана жұмыс түрімен шектелмей, бір тақырыптың өзінде бірнеше жұмыстарды ұсыну тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудың өнімді бір тәсілі болып табылады. Оқушы қандай дарынды, терең білімді болса да оны жетелеп отыру, мұғалім тарапынан басшылық көмек, бағыт-бағдар берудің маңызы зор. Бұл жөнінде ғалым-педагогтар, жаңашыл ұстаздардың тұжырымдары баршылық. Мысалы, жаңашыл педагог-ғалым Ш.А.Амонашвилидің мына бір пікірі оны дәлелдей түседі: «Педагогикалық процесс - мұның өзі қиындықтарды жеңуде оқушыға мұғалім көмектескен сәттегі ұстаздың баламен ынтымақтастығы. Ал педагогикалық көмектің мәні неде? Жанама сұрақтарды түсіндіріп, оларды қоюда ма?».

Тіл дамытуда шығармашылық жұмыстар арқылы жүзеге асыру Ш.А.Амонашвили айтқандай, күрделі педагогикалық үдеріс. Сол себептен де оқушыларға бағыт-бағдар беру, оларды жетелеу, қиындыққа кезіктірмеу - мұғалімнің басты міндеті. Осы мақсаттар жұмыстан кейін көмек-нұсқаулар жасағанда мына мәселелер негізгі ұстанымға алынды:

- тапсырманы орындаудың үлгісі, жолдары ғана ұсынылды. Ал мақсатқа жетудегі ізденіс, алдыдағы проблеманың шешімін табу-оқушының өз үлесіне қалдырады;

- көмекті аса қажет ететін оқушыларға жұмыстың бұрынғы орындалған үдерісі берілді;

- көмек-нұсқаулар жасағанда гуманды педагогиканың басты ұстанымдары басшылыққа алынды (яғни оқушымен ынтымақтастық, үнемі жанынан табылу, оны жетелеу, ақыл-кеңес беру).

Көмек нұсқаулар оқушы мен мұғалімді жақындастыра түседі. Оқушылардың алдындағы тапсырманы орындауға деген сенімі, қызығушылығы арта түседі.

Гуманды педагогиканың ірі өкілі Ш.А.Амонашвилидің мына бір пікірі оны дәлелдей түседі: «Балаға мұғалімсіз білім жоқ. Егер кішкентай балдырған өз ұстазын ұнатса онда ол білімге де құмарта түседі. Егер ол ұстазынан ұнатпай, одан қорқатын болса, өзіне дос санамаса, онда бала үшін білім құнын жояды.

Жаңашыл ұстаз С.Жарқынбекова: «Оқушы шығармашылығы - мұғалім шығармашылығын туғызады» - дейді. Ұстаз пікірін мұғалім шығрмашылығынан келіп, оқушы шығармашылығы шығады деп толықтыруға болады. Жаңашыл ұстаз И.П.Волков: «Таланттар қанша ғаламат бола тұрса да, оқытудан тысқары өздігінен дами алмайды. Көптеген зерттеулерде негізделген ғалымдардың тұжырымдары міне осы хақында айтады»-дейді.

Ғалымдар, ұстаздар пікірі, шығармашылық жұмыстардың да оқушы-мұғалім арасындағы шығармашылық іс-әрекеттерді талап ететіні түсіндіріледі. Оқушылардың дарынымен қабілет те дамымайды. Шығармашылық жұмыстардың педагогикалық ерекшелігі оның тіл дамыту үдерісіндегі маңызымен ғана емес, ең бастысы, тұлғалық дарыны мен қабілетін дамыту үдерісіндегі маңызымен де айқындалады [15, 11-12].

Шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар оқушы бұрын кезікпеген, шешімі белгісіз сұрақтың жауабын табуға бағытталатын оқу еңбегінің жоғарғы деңгейдегі түрі. Ол оқушының қабілетін, дарынын дамытуға жеке тұлғаның қасиеттерін жетілдіруге бағытталады. Ш.А.Амонашвилидің: «Бала – тұтастай адам және ең алдымен, педагогикалық процесс оны толығынан, бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс. Бұл процесте бала өз өмірін ұдайы байыту, өзінің өсіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандару сезімін басынан кешіреді. Егер оқу баланың позициясымен басқарылып, дамуға, дербестікке, адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады»-деген тұжырымдамасы осы пікірді тереңдете түседі».

Шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстардың басқа да білім салаларымен байланыстыра жүргізгенде өнімді нәтиже береді. Бұл үдерісте пәнаралық байланыстың маңызды зор. Сол себептен де қазақ тіліндегі тіл дамытуды мақсат еткен шығармашылық жұмыстар әдебиеттік оқу пәнімен байланыстырады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстардың тиімділігін төмендегідей саралауға болады:



  • шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін оқушылық деңгейден алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады;

  • пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға берілетін білім тереңдетіледі, дағды, іскерлік жетіледі, тілдері дамиды;

  • білімді оқушылардың өз іс-әрекетімен алу жүзеге асады. Білім деңгейлері анализ-синтез, баға беру деңгейіне көтеріледі, өнімді білім (продуктивті) беру үрдісі жүреді;

  • жұмысты оқушылардың таңдап алуларына, қалауларына ерік беріледі;

  • оқушыларды ізденімпаздыққа, ситуацияны өз беттерімен шешуге дағдыландырады, дүниетанымын кеңейтеді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады;

  • дарынын, қабілетін, шығармашылық ізденістерін дамытады;

  • ерік-қайраты, еске ұстау, ойдау, дағдылары, эмоциясы дамиды;

  • берілетін, білімнің ең негізгі түйінді дәндерін бөліп ала білуге жаттығады;

  • салыстыру, қорытынды жасау, өз беттерімен бір нәтижеге жету, фактілер мен ұғымдарды жүйелі түрде саралап білуге үйренеді;

  • модель, жоба жасау, болжамдар ұсын, оны қорғау, дәлелдеуге дағдыланады;

  • алдында тұрған қиындықты жеңу, өз пікірін дәлелдей білу, сайыстар мен айтыстарға қатысу, іскерлік ойындарында тіл шеберлігімен көзге түсу қасиеттері дамиды.

Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Содан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан кейін үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде ия ауызша айтып, ия жазып қолданумен біледі».

Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішінде орны-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз», дейді. Ғалымның бұл пікірі тіл дамытудағы көркем әдебиеттің орнын дәлелдейді. Үндес, сәйкес келетін білім сараларын бірлікте қарастыра отырып берілетін білім мазмұнын байыту, тереңдету, әлемдік білім беру кеңістігінде де кең қолданып отыр. Ал енді қазақ тілі мен әдебиеті бауырлас ғылымдар саласы оларды тіл дамыту мақсатында бірлікте қарастыру кезек күттірмейтін мәселелер. Осы үдерісті жүзеге асыруда шығармашылық жұмыстардың тиімділігі ерекше.

Тіл сабақтарында көркем туындыны негізге ала отырып, авторы, кейіпкерлер тілін түсіну, қабылдау, оған еліктеу, оларды тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру;

- әдеби тілде қарым-қатынас жасауға жетелеу;

- тапқыр, ұтымды, әдемі, ойлы, шешен сөйлеуге дағдыландыру;

- сөз өнеріне баулу, оны қадірлеуге, оның қыры мен сырын меңгеруге,

дарынын, қабілетін дамытуға еңбектену [16, 20].

Сонымен, шығармашылық жұмыстар - тіл дамытудың тың, өнімді жолы болып табылады.



Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін дамытудың жолын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, ойын-тапсырмалар, логикалық тапсырмалар пайдаланудың мәні зор.

Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, тілін дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі - өлең құрастыру.

Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға жаттығу есебінде мына төмендегідей жұмыс жүргізуге болады:

Жұмыстың немесе ойынның аты «Лимерик». Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.

Ойынның шарты: белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылым бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен әр тармақта сілтеме беріледі.

Айталық; бірінші тармақ - кейіпкер, екінші тармақ - кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақ – қимыл-әрекет, оқиға, бесінші тармақ - оқиғаға авторлық көз қарасы, кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ертегі, әңгіме құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құрудан басталған бұл жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кездерде оқыған ертегінің мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұруы керек.

Ауызша суреттеу.

Алғашқы кезде қиындау тиеді, өйткені, ол ауызша айтуға әлі дағдылана қоймаған. Үйде ол оқығанын не өзіне, не ата-анасына айтпайды. Тек оқып шығумен шектеледі. Бұдан баланың өз ойын айтуы, оны әртүрлі сөздермен жеткізіп, ұйқасын келтіреді.

Диафильм құрастыру.



Диафильм - суретті шығарма. Суреттер тірек ретінде пайдаланылады. Енді оқушылар жоғарыда сөз етліген ауызша суреттеуді қағазға бейнелейді. Ол арқылы оқыған шығармаға деген өз көзқарасын, сезімін білдіреді.

Диафильм құрастыру оқушылар алдына төмендегідей мақсаттар қоюдан басталады:

  • тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл.

  • диафильм кадрларының ретін көзіңе елістет

  • оларды альбом бетіне сал.

  • кадрлардағы сюжеттер бойынша әңгімелеп бер.

  • егер қиындық туғызса, әр кадрға қысқа текст құрастыр.

  • кадрлар бойынша әңгімеле. Әңгіме толық мазмұнды болсын.

Кадрлар бойынша әңгімелету баланың байқағыштығын, ойын, тілін дамытады. Негізгіні анықтай білу, логиканы есте қатаң сақтау, өз ойын жүйелеп айта білуге үйретеді [17, 42].

Драмалау

Драмалау - баланың қабілеттерін дамытудың негізгі кілттерінің бірі. Балалар шығарманың кейіпкерлеріндей өздерін сезіну арқылы тәжірибе жинақтайды, мінез-құлығын қалыптастырады. Оқушыларды шығармашылық жұмыстың мұндай түріне тарту арқылы олардың қоршаған дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруға, сезімдерін, қабілеттерін дамытуға болады. Драмалау балалардың ойын, тілін дамытады.

Сөз өнері - өнердің биік шыңы. Ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша "Сөз өнері - адам санасының үш негізіне: ақылға, қиялға, көңілге сүйенеді" деген. Ендеше, сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі бірлікте қарастыруымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет