ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру деп - оқушылардың ауызша және жазбаша тiлдiк қатынаста өз ойын анық, тiлдiк нормаларға сай толық, дәлелдi және тiл тазалығын сақтай сөйлеуiн айтамыз.
Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған алғашқы іргелі еңбектерге А.Байтұрсынұлы, Ғ.Бегалиев, Ә.Сәдуақасов, Р.Әмiров, К.Бозжанова, С.Рахметова т.б. ғалым-әдiскерлердiң жұмыстарын атауға болады.
Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмысы төмендегідей мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.
2. Оқушыларға қазақ тілінің қалыптасқан нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру.
3. Оқушыларды сөз мағыналарын орынды қолдануға, ойын анық та түсінікті жеткізуге үйрету. Яғни, тілдік қатынас дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөйлеу - әрекет, адамның әрекеті, яғни қарым-қатынас жасау үшін ойын, білімін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін тілді қолдану болып табылады.
4. Оқушыларға ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.
5. Қазақ тілі ғылымының жеткен табыстары негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнін оқыту мақсаты – оқушылардың тілдік жəне əдеби құзыреттіліктерін дамыту, көркем сөздің құдіреті мен əсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым-қатынас жасау əрекеттерін меңгерту, жазбаша сауаттылығы жəне ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру. Өйткені бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру – барлық пəндер бойынша жетістікке жетудің алғышарты.
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы – осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.
«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға болады.
Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруымыз үшін біз мына негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет: белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту; сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөз тіркесі және сөйлем құрауға; сондай-ақ ойларын ауызша сауатты, жүйелі сөйлей білуге үйрету. Сонда ғана сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары күнделікті өтілетін сауат ашу сабақтарымен байланыстырыла біртұтас жүргізіліп отырылса, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады, ал мәтін құрастыруға және әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес. Бірақ бұлайша топтаудың өзі – шартты түрде ғана, яғни ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын нені қамтитынын көрсету.
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру - бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың жалпы бiлiмiне тiкелей оң әсер етуге болады.
Бастауыш мектепте мұғалiмдер оқушыларға жалаң бiр жақты тiлдiк матералдарды меңгертiп қана қоймай, оқушылардың игерген тiлдiк материалдардағы тiл заңдылықтары мен ережелердi өз сөздерiн қалай қолданып жатқандығына баса көңiл аударуға тиiс. Оқушылардың қате сөйлегендерiне кешiрiммен қарап, оларды қате жiберуге дағдыландырмау керек. Бұл үшiн мұғалiм әрбiр сабақта оқушыларды ауызша сөйлеуге, сөйлеген сөздерiнде қандай сөз қолданғанын байқауға, синоним сөздердi мағыналық реңктерiне қарай орынды пайдалануға дағдыландыруы қажет. Оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету арқылы олардың тiлдiк материалдарды жеңiл игеруiне ықпал етуге болады. Себебi, ауызша сөйлеу дағдысын меңгерген оқушы ауызша болсын, жазбаша болсын тiлдiң негiзгi заңдылықтарын қолданады. Бұл жөнiнде Ф.Ш.Оразбаева былайша ой қорытқан: «Сөйлеу ерекшелiктерiн меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде iске асырады. Бұл - тiлдi қолданудың тәжiрибелiк көрiнiсi. Сол себептi оқушы тiлдi адамдармен қарым-қатынас құралы ретiнде үйренгенi дұрыс.»
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру деп - оқушылардың ауызша және жазбаша тiлдiк қатынаста өз ойын анық, тiлдiк нормаларға сай толық, дәлелдi және тiл тазалығын сақтай сөйлеуiн айтамыз.
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесi аз зерттелген. Жалпы ауызша сөйлеу мәдениетін айқындау iсi күнi бүгiнге дейiн бiр тоқтамға келген жоқ.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының көздеген басты мақсаты - шәкiрттердiң бiлiмдiк, тәрбиелiк бiлiктерiн жетiлдiрумен қатар олардың шығармашылық, ойлау қабiлеттерiн дамытып, тiлдiк қарым-қатынаста сөйлеген сөздерiнде жаргон, варваризмдер мен қыстырма сөздерден арылту. Осы мақсатқа сәйкес бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесі оқу бағдарламасының мазмұнына лайықталып құрылды. Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстары сатыланып, жеңiлден қиынға қарай ұстанымын негiзге алып жүргiзiлдi.
Ойлануға арналған ойындар - монолог пен диолог түріндегі хабарландыруларды, сөздерді мағыналық тұрғыдан қабылдауды қалыптастырады. Мысалы, «Чемодан» ойыны. Ойыншылардың екеуі сыныптан шығады, қалғандары кімге чемодан әзірлегенін шешеді. Содан кейін шығып кеткен ойыншылар кіріп, қандай киімдерді чемоданға салғысы келетіндерін хабарлайды, содан соң чемодан иесінің кім екендігі табылады.
Диолог, монолог жүйесіндегі ойындар - бұл ойындар айтылатын сөзді алдын ала жоспарлау, сұрақ – жауап түріндегі жұмыстарды белсендіреді. Мысалы, «Топтық сұхбат» ойыны. Барлық ойыншылар бір ойыншыдан сұхбат алады. Соңынан сұхбат туралы әңгіме, яғни талдау жүргізіледі.
Рөлдік ойындар - рөлдік ойындар көбінесе өз ойын толық жеткізе білуді үйретеді. Мысалға, «Егіздер» ойыны. Барлық ойыншылар суреттер алады, бірақ бір-біріне көрсетпейді. Өз суреттерін суреттей отырып, және бір-біріне сұрақтар қоя отырып, бірдей сурет жұптарын табулары керек. Кейде суреттерін ауыстыруға рұқсат беріледі.
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы – осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |