Кіріспе зерттеудің өзектілігі



бет9/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#16144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акбота 13.05.17.

Бөлім «Жазылым»

Бөлімше 3.3 «Жоспар құру»

Оқу мақсаты: 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

- Оқиғаның ретін анықтай отырып мәтінге суреттер/сызбалар арқылы жоспар құрады.

- Мәтінге ат (тақырып) қояды.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз.

Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады.

Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ басталды.



- Мәтінге ат қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- мәтінді оқиғаның ретіне қарай бөліктерге бөледі;

- мәтіннің бөліктерін суретпен немесе сызбамен бейнелеп көрсетеді;

- мәтінге ат қояды.

Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»

Оқу мақсаты: 1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

- Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.

- Мәтінге қатысты ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп қойдық.

Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз.



Бос орынға әңгімелеуші баланың салған суретін салыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- мәтінге сүйеніп, берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді;

- бос орынға әңгімелеушінің салған суретін салады.

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты:1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:Білу және түсіну. Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

- Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты/дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды.

- Дыбыстарды дұрыс айтады.

Тапсырма


Суреттегі заттарды атаңыз. Дауысты дыбыстан басталатын сөздерді тауып, бос торкөзге сөздің алғашқы әрпін жазыңыз. Суретті бояңыз.


Ол қандай дауысты дыбыс?

Дескриптор: Білім алушы

- суреттегі заттардың атауын айтады;

- дауысты дыбыстан басталатын сөздерді белгілейді және сәйкес әріпті жазады;

- дауысты дыбыстарды түріне ажыратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет