Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу мәдениетін дамыта оқытудың әдістемелік негіздерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың лингвистикалық негіздерін айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныпта дамыта оқытудың ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн анықтау;
- бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу мәдениетін дамыта оқытудың әдістерін көрсету.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі.
Зерттеу әдістері: педагог-психолог ғалымдардың әдебиеттерімен танысу, мәліметтер жинау, жиналған мәліметтерді саралау, әдістемелік журналдармен танысу, мәлімет жинақтау, педагогикалық технологиялармен жұмыс жасау, және т.б.
Зерттеудің практикалық құндылығы: бастауыш сыныпта оқыту үдерісінде ауызша сөйлеу мәдениетін дамыта оқытудың әдістері жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |