20
КҮН
Ояу жүрудің табиғи жолдары
Жұмысбасты кейбір адамдар үшін, оразаның әсіресе
соңғы он күнінде ояу болып, белсенді жүру
өте қиынға
соғуы мүмкін. Кейібіреулер ұйықтамау үшін,
денсаулыққа
зиян болатын кофені көп ішеді.
Осы орайда сергек болудың табиғи жолдарымен бөлісейік:
Қысқа мерзімді ұйқы немесе мызғып алу:
Қысқа мерзімді ұйқы 20-дан 40 минутқа дейін,
ең көп
дегенде 90 минутқа созылуы мүмкін. Ұйқының бұл түрі
саған 3-4 сағаттық белсенділік сыйлайды. Егер сен
шаршап отырсаң және мызғып алудың мүмкіндігі болса,
бірден солай жаса! Саған, иншаллаһ, бұл мызғу кейін ояу
жүруіңе көмектесер.
Тамақ:
Сергек, әрі жеңіл сезінуіміз
жеген тамағымызбен тікелей
байланысты. Ауызашар мен
сәресіде неғұрлым көп тамақ
ішсек, соғұрлым ұйқымыз келе береді. Осы он күнде
тамақты ретпен іш, иншаллаһ түнгі
ғибадаттарда сергек
боласың.
Дұға:
Аллаһ Тағаладан күш-қуатыңа, ұйқыңа, уақытыңа берекет
берсін деп дұға ет. Бәлкім соңғы он түніңді
шынайы
ғибадатпен өткізіп, жоғары өнімділікке қол жеткізерсің.
31
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес
21
КҮН
Ерекше сауапты ісің қандай болмақ?
Рамазанды кейін еш өкінішсіз еске алатындай қандай бір ізгі
амалды қолға аласың?
Бұрын еш жасамаған бір нәрсе ме?
Мінеки менің ұсыныстарым:
Он күндік иғтикаф жасағын (бірінші рет болса немесе
мүмкіндік болмаса ең болмағанда бірнеше түн жасап
көргейсің)
Өміріңде ең үлкен садақаны осы жолы бер.
Ешқашан кешірмеймін деген кісіні кешір.
Жағдайлары нашар бір жанұя тауып алып, оларға өмір
бойы демеу болып жүр.
Жетімдер үйінде ауызашар ұйымдастыр.
Мал-мүлкіңнен көлемді бір бөлігін Аллаһ үшін садақа ет.
Достарыңызбен бөлісу: