Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
26
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


16 
КҮН 
Жетістік тек Алладан келеді! 
Дәл осы күні, 14 ғасыр бұрын ұлы Бадр шайқасы 
болған еді. Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) және оның 
сахабаларына жеңіс алып келген бұл шайқас 
жайындағы хикаяны бәріміз жақсы білеміз.
Біз бұл оқиғадан қандай сабақ ала аламыз және бұл 
оқиғаның біздің еңбек өнімділігімізге қатысы қанша? 
Шайқас мұсылмандардың жеңісімен аяқталғаннан 
кейін Аллаһ Субхана уа Тағала келесі аятты түсірді: 
«Ал, Бәдрде (әскер жағынан) күштерің аз болса да 
(шын ықыласпен тәуекел еткен себепті) Алла 
сендерге жәрдем берді (Сөйтіп, сендер жеңіске 
жеттіңдер)! Сондықтан Алладан қорқыңдар (тақуа 
болыңдар) сонда шүкір еткендерден боларсыңдар» 
(Әлі Имран сүресі, 123 аят). 
Бұл дегеніміз кез келген сәттілік және кез келген жеңіс 
Алладан екендігін және Аллаһ жалғыз екендігін 
ескерту. Мұсылмандар өздерінің жеңістерінің негізі 
қайда жатқандығын ұмытпауы қажет. Кей кезде 
жоғары өнімділікке және үлкен жетістікке жеткен кезде, 
сол сәттіліктердің бәрі менің қабілетім мен білімімнің 
арқасында деп ойлауы мүмкін, алайда мұсылман әсте 
бұлай ойламайды. 
Әлемнің әр бұрышында езгіге ұшыраған 
бауырларымызға осы күні дұға етейік. Олар үшін 
Рамазан айы өте қиын өтуде. Біз олар үшін ең азы 
дұға ете аламыз. Пайғамбарымызға Бәдр 
шайқасына жеңіс берген, Күш пен Құдірет иесі 
Алладан езгіге ұшыраған бауырларымызға жеңіс 
беруін тілейміз.
27
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


17 
КҮН 
Сенің идел Рамазан күнің қайсы?
Қасиетті Рамазан айының соңғы он күні де жақындап 
қалды.
Мүмкін болғанша бар күш-жігеріміз бен қайратымызды 
соңғы он күннің әр сәтіне арнау үшін жұмылдыратын 
кез келді. 
Бүгін Ramadan Taskinator-ды жүктеп алып 
(
http://goo.gl/jWEXqW
)
, соңғы он күннің әр бір сағатын 
жоспарла. 
«Қадір түні соңғы он күннің қай күніне келетінін 
білгенімде, сол түнді қалай өткізер едім?» деп өз-өзіңе 
сұрақ қой. Сосын дәл сол ерекше түнді қатарынан он 
түн бойы немесе әр бір тақ түндері күт және соған 
лайық амал ет. 
Оразаның соңғы 10 түнінің және Қадыр түнінің ең 
жоғарғы сауабын іштеріңдегі ең өнімді әрекет 
еткендеріңе болсын! Әмин! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет