Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

36
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


26 
КҮН 
Осы сапарды жалғастырамысың?
Жыл сайын осы уақытта жүрегімізді бір көңілсіздік бұлты 
торлайды.
«
Аллаға деген шын ықыласымды оразадан кейін де 
сақтай аламын ба?» деген сұрақ басымыздан шықпай 
қояды.
Көп жағдайда, іс жүзіндегі тәжірибе көрсеткендей, ораза 
біткеннен кейін көбіміз бұрынғы таз қалпымызға қайта 
ораламыз. Олай болса, уақытымызды тиімді өткізу әдеті 
Рамазанмен шектелмеу үшін не істеуге болады? 
Осыған арнап дайындалған мына бір бейнематериалда 
(
http://8b.kz/VDOc

мен алты кеңеспен бөлісемін.
Рамазаннан кейінгі «құлдырауымыздың» ең маңызды 
себептердің біреуі - тәртіп сақтай алмағандығымызда. 
«Айт келді! Жаның не қаласа, соны жаса!» деген ой 
келеді. (Ауызымызбен айтпасақ та жасаған 
әрекеттерімізден белгілі). 
«Құлдырауға» төтеп беру үшін тәртіп бойынша өмір сүру 
қағидасын ораза айттың алғашқы күнінен бастап-ақ 
ұстан!
Айттың алғашқы күнінен бастап, ерте тұрып таңғы 
алтын уақытты пайдалы іспен өткіз. Кітап оқы, үй 
шаруасын жаса немесе балаларыңды ертіп 
сыртқа, саябаққа шығып, пикник жаса. 
Қарапайым ғана ерте тұруды әдетке айналдырсаң 
(ең болмаса таң намазына), күніңнің қалған бөлігі 
де өте пайдалы өтеді, иншаллаһ. Бұл сенің 
Рамазаннан кейінгі өмірді де тиімді өткізуіңе өз 
септігін тигізеді, иншаллаһ. 
37
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


27 
КҮН
Пайдалы істердің соңғысы
Рамазанды көңіл толарлықтай аяқтау үшін қандай іс қалды?
Ол туралы ойланудың да қажеті жоқ.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, пітір садақасын 
беру! 
Мүмкін болса, садақаны, зекет қорларына емес, тікелей 
көмекке мұқтаж жандарға бергін. 
Ол оп-оңай. Бар болғаны мына үш нәрсені істеу керек: 

Күріш немесе құрмадан үш кило сатып ал. 
(Отбасыңдағы әр адам үшін бөлек есептеледі) 

Айналаңдағылардан көмекке мұқтаж бір кісі не бір 
үйді тауып ал. 

Жеткізіп бер! (Есігінің алдына құпия түрде қалдырып 
кетсең, тіпті жақсы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет