Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

22
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


12 
КҮН 
Қай деңгейдесің?
Біз міне Рамазан айының ортасына да жеттік.
Енді рухани байлығымызға, денсаулығымызға және 
қоғам үшін пайдалы жұмыстарымызға баға беретін 
кез келді. 
Осы уақытта адамдар әдетте үш түрлі категорияға 
бөлінеді: 
1-
категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы 
бастап жақсы жалғастырып жатқандар. Олар осы 
айды жақсы бастап, осы айды сауапты өткізу үшін 
бәрін істеп жатқан адамдар. 
2-
категория: Бұл категорияда Рамазан айын жақсы 
бастап, бірақ кейін жақсы амалдарын ақырындап 
азайтатын адамдар. Олар бұл айды ерекше жақсы 
бастайды, бірақ уақыт өте өздеріне енжар 
қараушылар. Олардың күнделікті әрекеттері көңіл 
қуантарлықтай болмайды. 
3-
категория: Бұл жерде Рамазан айын жақсы бастай 
алмай, ары қарай ораза ұстай 
алатындарына күмән келтіретін адамдар. 
Бірінші категориядағы адамдардың төзімділігін 
Аллаһ Тағала қуаттасын! Оларға жақсы жұмыс нәсіп 
етіп, дұрыс жолдан тайдырмасын! Хадисте 
айтылғандай Аллаһ Тағала тұрақты жасалатын игі 
амалдарды жақсы көреді. 
Екінші категориядағы адамдар да әлі үрейленбесе 
болады. Оның орнына келесі он күнді барынша 
нәтижелі өткізуге өздерін бағыттап, қандай 
нәрселерді өзгерту керектігіне баға берген дұрыс. 
Үмітті үзбеген жөн. Осы айдың ең жақсы бөлігі Аллаһ 
Тағала қаласа енді болады. 
Үшінші категориядағы адамдарға қазірден жақсы 
амалдарға бет бұру керек. Қазір тұра сала дәрет 
алып, екі рәкағат намаз оқып, Аллаһ Тағаладан 
көмек сұрап, Рамазан айын барынша сауапты 
өткізуге дұға ету керек. Егер олар осылай 
жалғастыра берсе, Рамазан айы өтіп кеткенде үлкен 
өкінішке тап болады. Бірақ ол кезде тым кеш болады 
және осындай жағдайда олар өздерінен басқа 
ешкімді де кінәлай алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет