Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


(Ескертпе: Қазақстанның жағдайында мешіттерге



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
(Ескертпе: Қазақстанның жағдайында мешіттерге 
апарып берсе де болады. Олар өз кезегінде мұқтаж 
жандарға үлестіреді. Қазақстанда пітір садақасы 
адам басына 200 теңге). 
Зекет қорлары арқылы мұны жасау әлдеқайда ыңғайлы әрі 
еш қиындық жоқ. Алайда, бетпе-бет беріп, өз қолыңмен 
жасаған әлдеқайда ерекше бір қуаныш әкеледі. 
Аллаһ Тағала осы бір берекетке толы түндердегі 
амалдарыңды сауаптан жазсын! 
38
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


28 
КҮН 
Рамазан тез өтіп кетті ме?
«
Рамазан тез өтіп кетті» деген сезім бар ма? 
Онда сен Рамазанды соншалықты пайдалы өткізіп, 
уақыттың зымырап өткеннін байқамадың не өміріңнің 
рухани жағына көңіл бөлмей, Рамазанның соңғы күндерін 
айтпағанда, басқа уақытта толық өз жұмыстарыңмен 
айналысқансың. 
Егер оразаң пайдалы өткен болса, сен үшін шын 
жүректен қуаныштымыз. ProductiveMuslim тобы саған 
«
Аллаһ Тағала амалдарыңды сауаптан жазып, келесі 
жылы осыдан да пайдалы Рамазан нәсіп етсін!» деп 
тілейді. 
Егер қандай да бір себептермен оразаны тиімді өткізе 
алмаған болсаң, қайғыға түспегін. Осы қалған бірнеше 
сағаттың ішінде Аллаға тәубе етіп, оразаға тиісті 
деңгейде көңіл бөлмегенің үшін кешірім сұра.
Қазіргі уақыттағы ең жаман әрекет - Алланың мейірімділігі 
мен рақымынан үміт үзу.
Тәубе ет те келесі Рамазанды ең жоғары дәрежеде өткізу 
үшін нақты қадамдар жаса. 
39
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


29 
КҮН 
Рамазаннан соң қандай болмақсың?
Мен сенің қазір не ойлап тұрғаныңды білемін:
«
Оразадан кейін де осыншалықты белсенді бола алам 
ба?». 
Мен саған рухани түрде, физикалық күйде һәм қоғамдық 
өмірде белсенді болудың маңыздылығын айтпасам да 
өзіңнің жергілікті имамдарың мен ғалымдарың да айтып 
жүрген шығар.
Алайда бір-ақ нәрсе айтайын: егер соңғы 29 күннің бір 
сәтінде шынайы мұсылман болғанның ләззатын сезінген 
болсаң және осы сезімді оразадан кейін де сезінгің 
келсе, Рамазан айындағы секілді өзге айларда да 
белсенді болып жүруің шарт. 
Қалайша?
Мұның ережесі оп-оңай: шынайы ықыласта болу және 
аянбай еңбек ету! 
Бүгінге осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет