Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

28
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


18 
КҮН 
Намазда кәрі адам сияқтысың ба?
Осыдан екі жыл бұрынғы Тарауих намазын бір өте қарт 
адамның қасында тұрып оқыдым. Байқағаным, оның 
орнынан түрегеліп, аяғына тұруы қиынға соқты (өте 
әлсіздігінен тербеліп, шайқатылып тұрды). Бірақ құптан 
намазы мен тарауих намазын толық тұрып оқыды. Оның 
бұл жағдайын біреулер көрсе, “отырып, біраз тынығып ал” 
деп кеңес айтар еді. Бірақ ол кісінің әрбір рәкағат сайынғы 
нық қимылынан оның Рамазан бойы Аллаһ Тағала үшін 
тұрып тұруға дайын екенін және отыруға еш ниеті жоқтығын 
анық байқауға болатын еді. 
Қарт адамның бұл қылығы маған біреуді қаншалықты жақсы 
көрсең, соншалықты еңбектену керек екендігін еске салды.
Егер де біз Аллаһ Тағаланы шынымен жақсы көретін 
болсақ, онда біз сәл де болса оған деген сезімізді білдіру 
үшін еңбектенуіміз керек емес пе? 
Кез келген жерде, кез келген әрекетіңде Аллаһ Тағалаға өз 
ықыласыңды қалай көрсете аламын деп ойла. Тахажудқа 
ертесімен тұрасың ба, артық бір сүннет намазын оқисың ба 
немесе көшеге шығып, жоқ-жітікті тамақтандырасың ба, 
т.с.с. 
29
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


19 
КҮН 
Соңғы 10 түнің қалай жоспарлануда?
Егер де біз өміріміздің бар мақсатын және барар жеріміз 
Жәннатты ойласақ, онда бұл сұраққа жауап беру қиын 
болмайды: Соңғы он күннің күндізгі жұмысынан бас тарт, 
сонда түні бойы ғибадат етуге болады.
Бірақ, бұлай жасауға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. 
Ендеше, басқаша не істеуге болады екен?
Мына ақыл-кеңестерге құлақ ас: 

Жұмыс пен құлшылық арасындағы тепе-теңдікті сақтау 
мақсатында уақытыңды ретімен пайдалан. Ramadan 
Taskinator-
ды 
(
http://goo.gl/jWEXqW
)
қолдан. 

Күніңнің әр бір сағатын жоспарлап, қай уақытты жұмыста, 
қай кезді мешітте өткізетініңді және арасындағы уақытта өз 
күш-қуатыңды қалай арттыруға болатынын қарастыр. 
(Мысалы: тынығу, жеңіл тамақпен ауыз ашу) 

Күн тәртібін ұқыпты орында және бір минутың да бос 
кетпейтін болсын. Әйтпесе, бұл сенің қалған күніңе әсер 
етуі мүмкін. Уақытыңды бекер өткізіп алма, керісінше өзіңді 
«жоғары дайындық» деңгейінде ұста. 
Жоғарыда аталған тәртіпті бұлжытпай орындасаң, кемінде 
соңғы он күнде бәрі де ойдағыдай болар, иншаллаһ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет